RSS Feed

Бөлім Mұрағаты: бет күтімі!

Тойға дайындық немесе ең бақытты күнде қалай ең әдемі болуға болады?

Ер адам болғанның бір жақсы жері – тойға шашыңды бір тарап, сақалыңда алып, жаңа костюм мен жылтыр аяқ киімді киіп алып “супермега” күйеу жігіт бола қаласың. Ал қыз болсаң, онда тойға кемінде 3 ай бұрын дайындалған жақсы, әрине сол күні “супермега” қалыңдық болам десең))) Read the rest of this entry

Күз де келіп, көп өзгерістерді ала келді. Тап осы мезгілде косметологқа көрініп, бет терісімен түбегейлы айналысуға болатынын еске сала кетейін. Бетті тазалау (механикалық болсын, автоматты түрде), маскалар жағу, мезотерапия мен бетті ағарту, операциясыз лифтинг жасау сияқты шаралардың уақыты келіп қалды.

Көп арулар, белгілі себептермен, косметологқа бара бермейді. Мұндайда, үйде күтім жасағаннның пайдасы мол екенін айта кету керек. Әсіресе, табиғи таза өнімдер қолданған жөн.

Бүгін үйде жасауға болатын бір екі маска мен скраб жайлы және бал туралы әңгімелескім келеді))) Read the rest of this entry

Мәңгі визаж немесе татуаж жайлы не білеміз?

Бет әлпетке көрік беретін – қас-кірпік екенімен келіспейтін адам жоқ шығар. Қассыз не кірпіксіз адамның түрі Гарри Поттердегі басты жауыз  - Волен Де Морттың түріне ұқсап кетеді. Ешкім де Волон де Морт  болғысы келмейтін шығар, әсіресе қыздар)))

Заманның ілгері басуының арқасында косметологияның да жетістіктері мен мүмкіндіктер көкжиегі біраз кеңейіп қалғаны рас.  Табиғат сізге қарлығаштың қанатындай қиылған қас сыйға тарпады деп уайымдамасаңыз да болады, өйткені татуаж бар. Кез-келген форма, кез – келген ұзындық, қалыңдық, тіпті жасыл қас жасаймын десеңіз де – еркіңіз өзіңізде.  Тап осы әдіспен қабаққа “стрелочки” жасап, еріннің де түрін өзгертуге болады. Ерін контурын қалаған түспен бояп, өзіңізге мәңгі (кемінде 5 жыл) визаж жасап алуға болады. Бұл татуаждың тек бір жақсы жағы ғана.

Минустарының тізімі бұған қарағанда біршама ұзын. Әлі де татуаж жасау ниетіңіз болса, алдымен төмендегі сөйлемдерге көз қырын салсаңыз, өтініш:

  • көп жағдайда аллергиялық реакция болады. Бояудың сапасы төмен болса, бұл процедура әдемілік сыйлаудың орнына, көптеген дертке шалдықтырып, тіпті тері қатерлі ісігіне алып барады.
  • түсі дұрыс таңдалмаса, әдемі қара қастың орнына жап-жасыл қастың иесі болып қалуыңыз әбден мүмкін.
  • уақыт өте келе бояу кете бастап, ала бұла боп тұрады.
  • біразға дейін ісік қайтпай, бет әлпетіңіздің қалыпты жағдайын ұмытасыз
  • Бір образда болу жалықтырған сәтте, бәрін сүртіп тастап, өзге бір бейне жасай алмайсыз.
  • Татуажды алып тастау, жасағанға қарағанда өте қиын және өте өте қымбат!
  • Және соңғысы, бұл процедура анестезиясыз жасалады (ішкі анестезияны айтам), сол себеп қатты ауырады!

 

Especially for Akzere janym :)

Ақзере, сен үшін.

Жас мінген сайын, ал ол кез жиырмадан асқан кезде басталады дей бер, адам бет терісінде әжімдер пайда болады. Олардың көбі күнделікті сөйлеу, күлу, жылаудан (стресстік жағдайда әсіресе) пайда болатыны шындық. Негізі, қыздар бет терісі ер адамдардікіне қарағанда әлде қайда жұқа, сол себеп те өзгеруі тез. (Байқасаңыздар көптеген ер адамдар әйел жасымен бір болса да, жастау көрінеді. Себебі, әжім аз))). Оның үстіне гравитацияны да ұмытпаған жөн. Read the rest of this entry

қара “сепкіл”

Бет терісінің әдемі болуы көптеген факторларға байланысты. Не ішіп, не жеуден бастап, қоршаған экологияға дейін. Мәселен, Астана қаласының қыздарының бет терісі Алматы қыздарінікінен жамандау. Өйткені, ашық жер, қысы жазы жел, күннің өте ыстық әрі ауаның құрғақтығы бар. Жасыл желектің аздығы, жеміс жидектің аздығы себеп деп атап өтуге болады.

Алайда, барлық өңірдің қыздарына тән кейбір мәселелер бар. Ол қара нүктелердің пайда болуы. Read the rest of this entry

TOP 10: must have косметика

Кейде косметичканың көлемі чемоданнан үлкен боп кететін кездер болады. Сымбат айтып өткендей, ала бересің, ала бересің, ақыры қолданып біткенше, мерзімі шығып кетіп жатады. Сонымен косметичканың ішінде ең ең болу керек деген ондықты жазып кетейін. Әрине, жыл мезгіліне орай кейбір кремдер мен жалпы косметиканың түрлері өзгеріп отырады, оны жақша ішіне жазып кетем.

Ал кеттік!

  1. Кез келген теріге ең керегі крем. Сол себеп алдымен жазда дымқылдатқыш (увлаяжняющий) крем, қыста майлы (питательный) крем керек.

  2. Сүрме (тушь) . Кірпікті ғана бояп қойсақ та, көздер жайнап шыға келеді.

  3. Далап (помада). Далаптың өзі әмбебап болуы мүмкін. Кейбір визажисттер далапты румяна орнына да қолдануды ұсынады. Бірақ тері реңіне сай келу керек.

  4. Ерінге арналған жылтыр. (блеск). Кез келген ерінге жағылған жылтыр ерінді ерекше әдемі қылады. )

  5. Пудра. Неге тоналды крем не фаундэйшн емес? Себебі крем де, фаундэйшн  де пудрадан кейін қосалқы бөлшек ретінде жүреді. Яғни, пудраны сулы спонжбен қолданса, не құрғақ ретінде қолданса екі функцияны орындай алады. Алдымен фаундэйшн бола алады, кейін “матирующий” пудра болып.

  6. Қол мен тырнаққа жағатын крем. Қол терісі тез қартаяды. Сол себеп күтімді көбірек жасау керек.

  7. Қасқа арналған қарандаш. Ол қатты және жағылып кетпейтін болу керек. Әсіресе жазда терлеген тері, күннің ыстығы әсер етіп, жайылып кететін қарандаштардан аулақ болу керек.

  8. Таза спонжиктер.

  9. Мақта немесе (ватные палочки). Ағып кеткен, шегінен шығып кеткен, бұзылған мэйк апты тез жөндеу үшін.

  10. Айна))))

Косметичканың ең керек дегені осы. Ал қалғаны барар жерге, әркімнің жеке қалауына да байланысты. Бұл деген тек  косметичканың ішіндегі заттар. Ал әлі дорба (сумка) бар ғой))))

Сәлеммен,

Мен!))

Грек жаңғағының майы

Ақпаратты неттен  алдым, әрине) Сонымен, грек жаңғағының майы қандай қасиеттерге ие, не үшін пайдалы екенін жазып кетейін. Жалпы грек жаңғағының өзі керемет пайдалы екенін бәріміз жақсы білеміз ғой. Бұл жаңғақтың түрі миға ұқсайды, бірақ ұқсап қоймай, шынымен ми қызметін жақсартатын күші бар. Ал майы болса, онда ол тұрғанымен микро және макро элементтер мен дәрумендер (витаминдер), қанықпаған май қышқылдарға бай! Сонымен қатар, бұл майдың құрамындағы полиқанықпаған май қышұылдарының пайыздық үлесі 77 – ге тең. Бұл дегеніміз, өзге ешбір өсімдік майында кездеспейтін көрсеткіш.

Грек жаңғағының майын қабынуға қарсы, концерогенді заттарға қарсы, атеросклероз бен жүректің ишемиялық ауруларына, тіпті қатерлі ісікке қарсы қолдануға болады. Бұл тізім әлде қайда ұзақ, тек маңызды дегендерін атап өттім.

Ағзаны қалпына келтіруден алдына “жан” салмайтын бұл майды көптеген операциялар мен дерттерден кейін қолданса, тіпті керемет.

Терідегі алуан түрлі жара, күйік, тартылып, қабықтанбай жүрген үлкен жаралар мен терінің жарылуы кезінде де қолданылады.

Косметологияда да алар орны бөлек. Өз басым қазір шашыма шағып жүрмін. Жуар алдын шамалы ғана майды бас терісіне жағып, полиэтилен мен орамалға орап, қырық минуттай жүрем. шашым бір түрлі ылтыр және қатты секілді. (менің шашым ваще мамық секілді ғой). Сосын тырнағым мен кутикулаға, қол терісіне, көптеген әжімге қарсы кремдерге қосуға болады екен. Әсіресе, бұл май қартаң тарта бастаған теріге жақсы әсер етеді дейді. Бірақ, менің теріме де әсері жақсы. Су бетіме екі тамшы майды массаж сызықтарымен жағып, сіңіп кеткенше күтем. Бет терісі сәбидікіндей жұмсақ. Ең қызығы, тез сіңіп, бет майлы боп тұрмайды. )

қазірше осы. Басқа да майлар жайлы келесі жазбамда)

Сәлеммен,

Мен)))

Келді ғой ақыры майларым)

Алақааааай! Майларым келді. Анығы ағам алып келді. Тапсырыс берген майым болмаған екен, алайда орнына төрт түрлі май алған екен. Олар: грек жаңғағының майы, жер жаңғағының майы (арахис), орман жаңғағының майы, асқабақ майы (дәнектерінен алынған). Және барған сайын маған арнап алып келетін зәйтүн майы)))

Майға тоймайтын адам екен деп ойлап қалған шығарсыз. Бірақ, бұның бәрі керек майлар ғой. Бізде өте қымбат. 250 миллиграмына мың теңгеден астам ақша сұрайды. Сол себеп ақшамды қимаймын, бірақ сыйлыққа алам, қуана қуана))

Енді, сұлулық процедураларын бастай беруге болады. Қалғаны тек эфир майлары, олар 10 миллилитріне 100-150 теңге, сол себеп қиналмаймын.

Интернетте майлар жайлы оқып, мәз болып отырмын. Керемет пайдалы, көрікті тері мен шаш, сұлу дене керек десеңіз, онда осындай майларды қолдану керек (тамаққа салып, тері мен шашқа жағып деген секілді).

Әдеттегіше, эксперимент жасап болған соң тағы да жазып кетем. Бүгін тек қуанышыммен бөлісейін деп ем)))

Сәлеммен,

Мен)

Көктемге дайындық)))) (диета ғой баяғы)

Сәлем)

Алақай! Ертең өтсе, кейін көктем) Көктемге дайын емеспін, бірақ Астанаға нағыз “жеңіл көйлек” көктем келгенше уақыт бар. Бүгін дүйсенбі, яғни жаңа диета бастауға керемет күн.) Мен соны пайдаланып, анығы сіңлім екеуміз, перловка диетасына отырдық.

Қарақұмық (гречка) удай қымбат боп кетіпті ғой, келісі 600 теңгеге жетіпті, сол себеп “эконом” вариант – перловка. Кешкісін тазалап, суға бұқтырып қою керек. Таңертең тек суға пісіріп алу керек. Болды. Осыдан басқа еш нәрсе жеуге болмайды (тіпті “не тянет)), өте тойымды, артық дәмі жоқ. бір аптадан соң жазамын ғой результатын. )

Ерінбейсің дейді бір адам маған, расында, осындай істе ерінуге болмайды екен. Әйтпесе граммдап кеткен салмағың, келілеп қайтып келеді, оның үстіне қасына “достарын” да ерітіп келеді ғой сұмырайлар.

сонымен, күт мені жайдарлы көктем деп, Амантай ағамыздың “аттанын” сұрай тұрып, уақытша қолданысқа, кеттік сұлулануға.

Пы.Сы. Айтпақшы, өткенде сіңлім геркулесті айранға бұқтырып қойған ғой жеймін деп, сосын ұмытып кеткен, ал есіне түскенде тәбеті “тәттіге” ашылып кеткен екен. Соны обал болмасын деп ванна қабылдағанда бетке, денеге жаға салғам, ниче так, жап жақсы боп қалдым терім. ) Жұмсақ скрабтың рөлін керемет орындап шықты, ал айранның ғажабы айтпасам да белгілі ғой)

 

Әдемі болайық)

Сәлеммен,

Мен!

Неге бәрі бұрынғыдай? немесе салмағым кетті, проблемалар – жоқ.

Сәлем, сәлем )

Елде сайлауға дайындалып жатса, мен деген көктемге дайындалумен жүрмін) Әркімге өз қажетіне қарай ғой. Екеуміздің кіші ғана мемлекетемізде мен жалғыз және мәңгіге сайланған президент болғым келеді! ))) Басқа кандидатуралар қаралмақ түгіл, ойға да кіріп шықпау керек. Жарайды, бұл жай, кішкене шетке ауытқушылық дейік. Басты тақырып –  артық үміт арту. Біреуге емес, өзіңе. Әсіресе, салмақ тастап (өзгеріп, шаш қиып, жаңа көйлек алып, супер сәнді маникюр жасап) болғаннан кейінгі денеге артық үміт арту.

Негізі, көп қыздар жеке өміріндегі көп мәселелерді сырт бейнесінің “мінсізсіз” болғанынан деп ойлаймын. Сол себеп, сол бір дене мен бетті, шаш пен тырнақты “almost ideal” жасап алған соң, өмірі керемет өзгеріп, бұрын сүймеген адам, бірден ғашық болып, коллегаларымен қарым қатынас түзеліп, үй ішінде береке, түзде мәңгі мереке боп кеткенін күтеді. Көп нәрсе бәз баяғы қалпында қалғанына көздері жеткенде, өз өзіне жек көрушілік, немқұрайлық пайда болады. “Менің қолымнан түк келмейді” немесе “Мен сол баяғы ұсқынсыз адаммын” деген секілді негативті ойлардың астында бүркеніп жатып алады. Жай жатса жарайды ғой, біреулер қастарына килограммдап кәмпит- сәмпит алып, тағы біреулер “нервсы ойнағандықтан” тырнақтарын тістеп, өз өздеріне қастандық жасай бастайды. Мұндай адамдарға дұшпан да керек емес. СОлардың бірі мен) Өзім де кей кезде осындай күйге түсіп кетем. Бірақ, бәрін қайтадан бастауға шаршамаймын. Мүмкін бәрі де менің зодиак белгіме байланысты шығар?)) (өз өзіңе сылтау іздеп, жұбатпасаң , басқа біреу осы ауыр жұмысты атқармайды ғой).

Сонымен, өзімнің ашқан бір “жаңалығым”:

25 келі салмақ тастасаң да, сұлулардың сұлуы болып кетсең де,  негізгі өмірің аз өзгередіү Бұрын қарамаған адам, сол қалпы “тасжүрек”, коллегаларың одан сайын жаман көріп кеткен секілді (не олар көре алмай қалды, не өзің “супердива” болып кеттің, не екеуі бірге),  үйде де, түзде де бәрі баяғы қалпында. Себебі, сыртқы пішін өзгергенмен, ішкі дүние сол ғой. Мінезді өзгерту, рухани баю үшін, тәтті мен наннан бас тартқаның бекер. Оған басқа азық, басқа нәрсе керек екен. )

Кейде ойлайсың “Фу, жап жаман қызды мына сұлу жігіт қалай таңдап жүр?” деп (хехе, бізге қараған талай қыз солай ойлаған шығар ау), бірақ адам  ішкі дүниесімен көрікті екен. БІРАҚ солай екен деп өз өзіңді жұбатып, семіріп, быт шыт болып жүруге болмайды.

Айтпағым, барлық өзгерістерді тек өзің үшін, алдымен денсаулығың үшін жасау керек. Бар мақсат сол. Басқа мотивтер мен мақсаттар – жалған.

Сәлеммен,

Мен.)

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.