RSS Feed

Бетіңе жәрдемдес :)

Бет деген бәле! Бар сырыңды быжырайтып көрсетіп тұрады. Кеш жатсаң, макияжды жумай жатсаң (кейде көп ішіп қойсам болады :))) (шутка)), артық су ішсең де, тәттінің мөлшерін асырсаң да, таңертеңгісін бетің айнаға баяндап тұрады.

Енді, өмір болған соң, күнделікті бір уақытта жатып, идеальный өмір сүре беру мүмкін емес қой. Кейде таң ата жатасың, кейде түнімен кофены сылқылдатып алып, сникерстеніп аласың (соңғы кезі өз басымда жоқ), не болмаса темекі тартаныдар бар дегендей.

Бірінші, макияж жайлы жазғым келеді. Әр бір қызда көздің макияжын, беттің макияжын жуатын арнайы молочко болу керек, бірақ кейде “қыздарда қонып қалып, оларда молочко таусылып қалады емес пе? осындай кездерде көздегі кез келген сүрмені сүртіп, көзге әсер етпейтін ең тиімді “молочко” – кәдімгі сұйық май (зәйтүн, пісте, мақта не болмаса басқа кез келген май). Сұйық майдың аз мөлшерін мақтаға жұқтырып алдымен кірпіктегі сүрмені сүртеміз. Кейін қас-қабақты. Әрине тері майланып кетеді. Оны кәдімгі сумен шайып тастауға болады.

Бұл енді, есіме түсіп кеткен кеңес болатын. Тақырыпқа қатысты емес. :))))

Бет терісінің майлылығына қарай күтім жасау керек. Біреулерде өте құрғақ және сезімтал келеді, біреулерде өте майлы және безеулі, ал біреулерде маңдай мен мұрын, иек терісі майлы, ал самай мен бет терісі құрғақ болып келеді. Кейінгілеріне әсіресе қиын, себебі терінің әр бөліміне ерекше күтім керек.

Айтпақшы, қыздар, увлажняющий кремді қыста жағуға болмайды. Қыста мейілінше майлы крем, яғни питатательный болғаны жақсы. Әрине, үйден шықпай отырсаңыз не болмаса ұйқы алды түнгі увлажняющий крем жағуға болады🙂

Бет терісіне қайта оралсақ🙂

Майсыз, сезімтал тері қашанда құрғақ, жарылып кетуге дайын тұрады. Өз басым химиялық препараттардан гөрі, халықтық рецепттерді қолданғанды құптаймын. көбіне олар аллергия тудырмайды және мейілінше пайдалы келеді.  Мысалы, кәдімгі үй қаймағы құрғақ теріге таптырмас масқа!🙂 Тазартылған бетке 15-20 минге қаймақты жағып қойып, кейін жуып тастау керек. Тері әдемі аппақ болып қалады. Сосын розадан жасалған тониктер де пайдалы, алайда құрамында спирт бар өнімдер құрғақ теріге – жау!

 

Майлы тері де сезімтал келеді. Көбіне безеуленіп, қара нүктелерге толып кетеді. Ол дегеніміз бетті дұрыс күтпегеннің әсері (ал безеулер кейде асқазанның бір ақауы бар екен көрсетед). Қара нүктені сабынның көпірігіне кәдімгі майда ас тұзын сеуіп маска жасап кетіруге болады. Көп ұстауға болмайды. Сабын көпірігі кепкен кезде жуып тастау керек.🙂 Безеулі теріні міндетті түрде дерматологта емдеген жөн. Еш бір салонда оның шешімін таба алмайсыз, маған сеніңіз!

Енді екі типті тері, майлы және құрғақ болса, онда мұндай теріге кәдімгі айран жаққан өте пайдалы. Тері тесіктері ашылып кеткен болса, жұмыртқаның ақуызына 1 ас қасық лимон шырынын қосып, көпіртіп, көпірікті жағу керек. Кепкен бетте тағы бір қабат, кейін кепкенде, тағы бір қабат жағу керек. Кепкенше жұріп, сосын жылы сумен шайып тастаңыз.


 

Енді эстренный варианттар:

Мерекеден кейін айнадағы қыз сізге тек шамалы ғана ұқсайтын болса, онда:

– Салқын және жылы суды ауыстырып 10-15 рет бетіңізді жуыңыз.

-ісіп кеткен көзіңізге картопты екі жарып салып қойыңыз не болмаса пакетиктегі қара шайды демдеп, қолданылған пакетиктерді салқындатып көзге 15-20 мин салып жатыңыз.

-енді макияж жасамас бұрын, 1 лтр салқын айранмен айран біткенше бетті жуу керек. Сонда бетіңіз әп-әдемі болып қалады. Жалпы айран мега зат!!!

Қол күтіміне де пайдасы зор. Ол жайлы келесі бір энтриде жазып кетермін😉

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

2 responses »

  1. Айран, кәдімгі кефир ме? Әлде таза шұбат болуы керек пе?

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: