RSS Feed

Диета деген ащы сөз

Кімде қалай екенін білмейм әрине, бірақ сымбаттының өзі одан әрі сымбатты болсам дейді. Біреу үшін безеу проблема, біреуге тырнақтың қысқалығы армандаған образына жетуге кедергі болса, мен секілділерге артық салмақ үлкен мәселе🙂

Өмірімдегі белгілі бір кезге дейін диета деген сөзді жылына бір рет еске алсам, екі жылда бір отыратынмын. Жалпы алғанда өз тәніме өзім мәз едім. Кейін, белгілі бір себептерге байланысты, ол күндерім арман болып қалды. Кеттім ұзындыққа емес, еніне қарай өсіп. Сосын басталды. Ана диета, мына диета, спорт, тамақтан шектелу, соның өзінде өзім қойған мақсатыма әлі жетпедім.

Әрине жетістіктерім де бар, алайда, ол аз боп тұр. Нан, жалпы ұннан жасалғанның ешқайсысын аузыма алмаймын, тәтті деген тек түсімде ғана, сары май, шай ұмыт болды. Соның өзі аз дейді мына менің ағзам. Сол үшін қазір диетада отырмын: аты “Қарақұмық (гречка) диетасы”.

Диетаның мәзірі 1 немесе 0,05 пайыз майлы айран мен бұқтырылған (ыстық суға алып, бір түн бұқтыру керек, пісіруге болмайды), тұссыз, майсыз құр қарақұмық. Оның өзін тек әр жегенде 3 ас қасықтан аспау керек. Сонда күніне 9 ас қасық қарақұмық және 1 литр айран ішу керек. суды 2 литр сыйғызу керек. Бірақ бұл мен үшін қиын, сол үшін суды азырақ ішем, батпайды :))) содан, міне бүгін 3-ші күн, көңіл күй керемет, аш емеспін. )))


About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

One response »

  1. Көру керек екен. Айжаннұр рақмет диетаңызға!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: