RSS Feed

Тырнақ күтімі

Тырнаққа күтім жасайтындар да бар, жасамайтындар да бар. Бір қызығы маған Құдай тырнақты да аяп берген секілді🙂 барына шүкір, әрине, бірақ кейде бір қыздардың миндальевидный тырнақтарын көріп қызығасың да :))

тырнағым мамдікіне тартқан, сіңлімде де солай: тым жұқа, сынғыш. оның үстіне формасы да быт шыт. Бірақ, өйтіп бүйтіп керек кезде қарағанда жиіркенбейтіндей қылып қоям. Оның өзі анда санда. Уақытты көп алады расында. Оның үстіне қазір жасанды тырнақ өсіріп алсам да еркімді. Салонда 15 мың шамасы тұратын процедураны үйде жасаймын өзім. Сіңлім үстіне дизайын сала алады. Әйтеуір, еріккеннің әлегі ғой )))

 

қарапайым, классикалық маникюр жасау үшін 45 минуттан 1,5 сағатқа дейін уақыт кетеді. Тырнақтың жағдайына байланысты:

Алдымен жылы суға теңіз тұзын салып, шамамен 1 ас қасық 15-20 минут саусақтарды батырып отырамыз. Кейін, арнайы лопаточка немесе мандарин таяқшасымен тырнақ үстіне артық өскен тері – кутикуланы итереміз (алдымен кутикуланы жібітетін май жағуға болады) сосын арнай қайшымен өлі теріні кесіп тастаймыз. Содан кейін, егер машинка бар болса, машинканың қол тырнағына арналған қондырғысымен кесілген тері орнын тегістейміз. Кейін тырнақтың өзін пуфикпен (үстін жылтырату үшін арналған жұмсақ пилка) тазалап, тырнақтың үшін пластикалық пилкамен қысқартамыз, пішінін келтіреміз. (пилка темір немесе әйнектен жасалмаған болуы керек, себебі мұндай пилкалар тырнақтың “расслоение” болуына алып келеді) Кейін арнайы кутикулаға арналған иіс майлар қосылған препаратты жағамыз, сосын білекке дейін терінің жағдайына байланысты крем жағып, массаж жасаймыз. Сосын, тырнаққа арналған негізді алып жағамыз (оның құрамына кальции, дәрумендер, эфир майлары кіреді), содан кейін таңдаған түстегі лақ. Лак кепкен соң үстіне бекіткіш (закрепитель) жағамыз. маникюр дайын.🙂

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

3 responses »

  1. басқа жеріме анау мынау десем де тырнақтарыма шүкіршілік:))). Тек ана кутикулдары қыста бытшыт болатыны бар. Теңіз суы туралы идеяға рахмет. Себебі кейде кремдердің өзі де көмектеспейді. Негізі бар ғой қолға қатты қарау керек қой, ал мен көбіне бетіме күтім жасағанмен қолымды ұмытып кетемін, содан ал кеп тырнақ түбінің тері құртыла бастағанда қайта бастайм да ұмытамын сосын.

    Жауап беру
  2. Мен бетинди кутпемсем де тырнагыма ерекше кутемин. сондыктан болар жолдастарым тырнагыма катты кызыгады. Жане тырнагым адеми оседи. Ал озим боянганды унатпаймын. 25 турли лактарым бар. Тырнак устине инемен ою-суреттер салганды унатамын. Тырнакка арналган арнайы салынатын суреттер журналы бар ма екен, кайтан алуга болады???

    Жауап беру
    • salem! betti de kutu kerek :)))
      men de suret salgandy jaksy koretin edim, birak kazir bir tuske boyap jurgen kobirek unaidy. Tyrnak dizaiyny jaily akparat nette de kop, kez kelgen kitap dukeninde de bar.
      Tyrnakka suretti akril boyalarymen de saluga bolady, tek ustin kein tussiz lakpen bekitu kerek. :))))

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: