RSS Feed

Тамақ және сұлулық

Көп жағдайда біздер, қыздар, дене мен бетті сыртынан күтеміз, яғни кремдер болсын, тониктер, масқалар, скрабтар дегендерді қолданамыз да, аузымызға не кіріп жатқанын және оның біздің сырт кейпімізге әсерін ойлана бермейміз.

Қазақтардың дәстүрлі тағамдары да бізге сұлулық қоса қоймас. Бауырсағы мен қаймағы, бешбармағы мен қуырдағы, май сөк пен шелпектері және т.с.с. тағамдардың құрамында майдың көптігі сонша, жартысы белімізде, жартысы бетімізде қалатын секілді. Өз басым осының бәрінен бас тартқам. Әрине қиын. Әсіресе, мереке болса🙂

4 жылдан бері артық салмақтан арылудың бірнеше жүз тәсілі мен әдісін өз басымнан өткіздім. Бірі көмек берсе, уақытша ғана, енді кей бірі тек зиянын тигізіп кетті.

Мысалы аз көміртекті диетада отырғам, басым айналды. Аз майлы диета маған жақсы ақ еді, тек сосын грек жаңғағын жей бергім келді, тура жерік болған адам ұқсап. Ақыры оны да қойдым. Ендігі менің өзіме сай деп тапқан әдісім: ешқандай май (тек қана зәйтүн майы анда санда салаттарда), ешқандай тәтті, ешқандай нан (ұннан жасалған тағамдар), ал қалғанын тек қана шәй ішетін кесемен ғана күніне 3 рет тамақтану. Осы әдіс арқылы көп салмағым кетті. Айтуға ұят жалпыға жайып, алайда экспериментім аяқталған соң, өзім межеген салмаққа жеткенімде осында бұрынғы және осы сәттегі суретімді салармын. Мүмкін біреуге мотивация болар.

Қалғаны дегенде не меңзеп отыр деп ойлаған шығарсыз?

Суға піскен күріш ( одан да толам екен ) аз ғана, майсыз ет, тауық еті, қара құмық, сұлы, бұқтырылған көкөністер (картоп тек анда санда), сүзбе, қаймақ ( тек 10-15 пайыздық қана), кептірілген жеміс жидек, жаңғақтар және т.б.

Осы ғана ғой деймін.

Айтпақшы, безеу, менің жақын косметологымның айтуынша, тек майлыдан емес, тәттіден көбірек шығады екен. Бұрын бетіме толып кете беруші еді, қазір тек айдың “белгілі” күндері болмаса, терім тап таза🙂 Шүкір :)))

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

6 responses »

  1. Осы қараймын, құрбыларымның көбі диетаға отырып әлек. Біреуі ет жемейді, біреуі нан жемейді. Өз басым тамақты талғамай жеймін. Бірақ, бір салмақты сақтаймын. Мүмкін, не жеп, не қойып жатқанымды артық салмақ қосып жатсам таразылайтын шығармын :)))

    Жауап беру
    • Мейіргүл, көбіне салмақ қосу, қоспау генге де байланысты. Кейбір адамдар қанша тамақ жесе де семірмейді. Ал кейбірі әрбір грамм көмірсулардан салмақ қосады.

      Жауап беру
      • Аха, бірақ байқағаным мектепте оқыған жіп жіңішке қыздар сәби көтерген соң пряяя тетя боп қалыпты🙂 ешқашан толмаймыз деп жүруші ед.🙂

  2. Айжан негізі осы блогың маған дұрыс болды. Мотивация болып жатыр. Рақмет!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: