RSS Feed

Орифлэйм немесе “қызыл+жасыл=сары”

Өз басым орифлэймнің косметикасымен мектеп кезінде қолдана бастадым. Әрине, арзан және сапасы “қытайдың диорларынан” әлде қайда жақсы еді. Қазіргі күні орифлэймнен тек бір өнімді сатып алам. Ол мына бір кішкентай құты . Бұл “маскирующее средство”. Яғни көздің астындағы қара дақтарды, қызарған безеулерді жасыру үшін арналған консилер. Қолдану тәсілі оңай:

– Алдымен бетті макияжға дайындау керек. Тазартып, егер теріңіз өте құрғақ болса майлы крем жағып, сіңіп кеткенше күту керек. Егер де, теріңіз, керісінше өте майды болса, онда бетті спиртті тоникпен сүртіп қана қоюға болады. Аралас тері үшін, құрғақ жерлеріне майлы крем жағу керек.

– Кейін беттегі қандай да бір қызыл дақтар (каппилярлар, безеулер немесе өзге деффекттер) болса, соның үстіне ана жасыл консилерді жағыңыз. Мен “безымянный” саусақпен жағам, себебі осы саусақтың ең күші аз дейді ғалымдар. Беттің нәзік терісін зақымдап алмас үшін осы саусақ ыңғайлы🙂. Жасылды аса көп те емес, тым аз да емес қылып жағу керек. қызарған жерлер жасылдың астынан көрінбей тұруы керек.  Оны өздерің бақылайсыздар ғой.

– Кейін, көздің астындағы қарайған жерлер, кейде ескі безеулерден кейін қалып қойған қара дақтар (немесе бала көтерген қыздардың бетінде шығып кететін дақтар) үстіне ана сары түсті консилерді жағыңыз. (Терінің ақ, сары не қара торы болуына байланысты екі қалған консилердің бірін таңдап алуға болады).

бетіңіз штукатурка жағылған дуалға ұқсап кетсе, шошымаңыз ( бастысы жаныңызда басқа адамдар болмаса болды, әсіресе жігіттер қауымы аулақ жүрсін🙂 ). Осы бетіңізге енді фаундэйшнді жағып, үстіне далап жағып, макияжды аяқтай беруге болады. Бұл әдіс кешкі макияж үшін, той макияжы үшін таптырмас дүние. Фотода бетіңіздің еш бір кемістігі көрінбей қалады.

Игіліктеріңе, қыздар🙂

 

З.ы. Бағасы шамамен 1000-1500 теңге.

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

One response »

  1. керемет

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: