Тәттіқұмарларға кеңес. )))

Өзім тәттіні қатты жақсы көрем. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, бірақ одан бір жола бас тартуға тура келді. Қиын болды, алайда мүмкін іс екен. Бұрын біреу тәтті жемеймін десе, қалай ғана шыдайды деп ойлаушы едім. Жалпы барлық кәмпиттер мен тәтті нандар, халва, шербет, торттар, мармелад, шоколад, пахлава дегендер ағзаға түк пайдасы жоқ екен. Бірақ, тәттісіз де қиын екен. Ағзаның өзі кейде глюкозаны талап еткенде, кәмпит дүкенін тонап кеткің келеді екен. Сонымен әрі ойанып, бері ойланып, тәттінің орнын немена ауыстырам деп жүргенде бір апайдың кеңесі түсті есіме. Ол кісі алпыстан асса да 45 шамасында ғана еді көрінеді сырт көзге. Ол кісі тәттінің орнына келесі «кәмпитті» дайындайды екен:

– 2 сәбізді үккіштен өткізіп оған етті турайтын маинада жаңғақтар мен мейізді майдалап қосады екен. Кейін шыққан қоспаға бал салып, араластырып, кішкене домалақтар жасап кокос стружкасына малып алады екен. Кейін мұздатқышқа салып, шамалы салқындатып алады екен де, күніне бір екі данасын шаймен жейді екен.

ӨЗ басым әлі жасамадым, себебі анда санда десерт қасығының жартысына тең бал жеп тұрам, бірақ шыдамай кетсем, жасаймын ғой деймін. 🙂

 

З.Ы. Ішіне корица ұнтағын қоссақ артық болмайтын секілді.

 

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

1 responses »

  1. Рахмет, жасап көретін екен 🙂

    Жауап беру

Пікір қалдыру