RSS Feed

Мюююююююсли

Таңертең тұрғанда көмірсутекті ас (углеводистая пища) жеу керек.  Сонда ол фигураға әсерін бермейді, бірақ күні бойы энергия қорының жеткілікті болуын қамтамасыз етеді. Мен таңғы асқа бұрын құр су ішетінмін, сосын әрине түсте таңғы аста кеткен есемді қайтарып алатынмын :))))))) ол дегенің артық ас жеп қою! Сосын олай болмайды, бір нәрсе жеу керек деп омлет, не болмаса суға піскен жұмыртқа жеуге кірістім. Қуырылған болса ол майлы ас (жиросодержащая пища) не суға піскен болса ақуызды ас (белковая пища) бұл екеуінің адамды ұйқыға итермелеп, асқазанда ауыртпалық тудырады екен. Кейін мюслиге көштім. Дүкенде сатылатын жармалар мен жемістерден жасалғандарының бәрінің құрамында тұз, қант, дәмдеуіштер, неше түрлі консерванттар көп болған соң үйде жасап көрейін дедім. Сонымен, мюсли жасау үшін бірнеше түрлі жалпайтылған (приплюснутые) жармалар керек болды, мен дүкеннен 3 түрлі жармадан тұратын (арпа, бидай, сұлы) хлопья сатып алдым. Олар геркулес секілді болады екен. Сонымен:

ыстық табаға 25 гр сары майды ерітіп, үстіне 400 гр жармалар араласпасын салып, қуырамыз. Кейін, қуырылып болған сәтте жап-жақсы бір иіс болады (араластырып тұруды ұмытпаңыздар🙂 ), сосын оған мейіз, жаңғақ, кептірілген өрік қосып, тағы араластырамыз. Дүкенде құрғақ таңғы ас деп аталатын жүгеріден жасалған хлопья сатылады, соны қосып қоямыз. Үйде жасалған мюсли дайын. Таңертең қалауыңзша ыстық сүт құйып, банан не алма, бал не қант қосып жесеңіз болады. Тойымды, дәмді және пайдалы :))))

ас болсын! )

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

3 responses »

  1. мынауың керемет ақыл екен. рахмет!

    Жауап беру
  2. Күніге жұмысқа аш барамын, жұмысқа келе салысымен сүтті қысқатолқынды пешке ысытып, мюсли дайындап жеп аламын.
    Өте жақсы тамақ, өзім тащусь🙂

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: