RSS Feed

Скраб, скраб, скраб! )))))

Дене терісін күту де қиын екен. Созылып қалуы да болады екен (бала көтергеннен соң, тым тез толып кеткен соң, тез өсіп кеткен соң), соны тіпті хирургиялық әдіспен кетіру мүмкін емес екен. Бірақ майдаланған кофе мен айраннан жасалған скраб керемет көмектеседі екен дейді. Ол жағын қазірше қолданып көрмедім, себебі кофеезгіш алмадым әлі.😦

Жуырда дене терісіне өте керемет әсер ететін скраб бар екенін білдім: айран + тұз. Сіңлім жуынған сайын жасайды, терісі сәбидікіндей жұп жұмсақ енді.

Сүттің де теріге әсері жақсы екен. Клеопатра бекер сүт ваннасын қабылдамаған шығар ау🙂 Әрине, 40 литр сүтті ваннаға құйып шомылу қиын, бірақ 1 стакан сүттің өзі ғажап нәтиже береді екен. Ол үшін жылы су толтырылған ваннаға қайнаған сүттің 1 кесесін құйып жіберу керек екен. Кейін сүртініп, сиса маталы киім киген дұрыс.

Өткен мюсли жайлы постымда геркулес жармасының керемет ас екенін жазғам. Астан бөлек оны скраб және маска жасауға болатын керемет өнім. Ол үшін майдаланған жармаға айран қосып, егер тері майлы болса лимонның бір екі тамшы шырынын қосуға болады.🙂


Сұлу болу біреу үшін оп-оңай. Табиғатынан сұлу ажар, таза тері, ғажап дене бітімі бар қыздарға іштей қызығасың да, алайда барына шүкір деп, шамалы болса да Құдай берген түріңді көріктендіруге болатыны қуантады.

Бәріміз сұлу болайық, себебі жаны мен тәні сұлу қыз ғана өзі де бақытты, жары да бақытты🙂

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

6 responses »

  1. Айжаннұр, айраннан скраб жасап көрмедің бе әлі? Тез жасау керек🙂 Сол скрабтан кейін сүтпен ванна қабылдағын, керемет. Мына жақта жасай алмай, тез-тез елге жетсем деп жүрмін.
    Қыздар, советую🙂

    Жауап беру
  2. men jasap jurmin goi maskany :))) vrode uje az tusedi, i kalynyrak sekildi. astynan maida maida waw paida bolgan sekildi.
    P.S. bugin jasadym goi airan men tuz kosyp, men ony modificirovat etip teniz tuzyn saldym😀 keremet owuwenie eken. teri ap ademi bop kaldy, jup jumska. koro4e, oz basyman otti, barine kenes berem, jasandar, okinbeisinder :))))

    Жауап беру
  3. Сүтпен ваннаны қалай қабылдайды? Ванна толған сүт? Ойбай, ысырап қой, білмейм, мен үшін үлкен рәсуә бұл. Тамақ алдында “үлкен респект” бар, обал деп батпайм ондайға..

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: