RSS Feed

Тәттіқұмарларға кеңес. )))

Өзім тәттіні қатты жақсы көрем. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, бірақ одан бір жола бас тартуға тура келді. Қиын болды, алайда мүмкін іс екен. Бұрын біреу тәтті жемеймін десе, қалай ғана шыдайды деп ойлаушы едім. Жалпы барлық кәмпиттер мен тәтті нандар, халва, шербет, торттар, мармелад, шоколад, пахлава дегендер ағзаға түк пайдасы жоқ екен. Бірақ, тәттісіз де қиын екен. Ағзаның өзі кейде глюкозаны талап еткенде, кәмпит дүкенін тонап кеткің келеді екен. Сонымен әрі ойанып, бері ойланып, тәттінің орнын немена ауыстырам деп жүргенде бір апайдың кеңесі түсті есіме. Ол кісі алпыстан асса да 45 шамасында ғана еді көрінеді сырт көзге. Ол кісі тәттінің орнына келесі “кәмпитті” дайындайды екен:

– 2 сәбізді үккіштен өткізіп оған етті турайтын маинада жаңғақтар мен мейізді майдалап қосады екен. Кейін шыққан қоспаға бал салып, араластырып, кішкене домалақтар жасап кокос стружкасына малып алады екен. Кейін мұздатқышқа салып, шамалы салқындатып алады екен де, күніне бір екі данасын шаймен жейді екен.

ӨЗ басым әлі жасамадым, себебі анда санда десерт қасығының жартысына тең бал жеп тұрам, бірақ шыдамай кетсем, жасаймын ғой деймін.🙂

 

З.Ы. Ішіне корица ұнтағын қоссақ артық болмайтын секілді.

 

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

One response »

  1. Рахмет, жасап көретін екен🙂

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: