RSS Feed

Прическа жасау. :)

Өзім шашымды кесіп тастап, шаш туралы, прическа туралы жазбаппын ғой!!! (менде енді жалғыз прическа ғой))).

БІр салонда жұмыс істегенімде талай қызды тойға дайындап, шаштарына дейін сәндеп беруші ем. Сонымен, кейбір прическалар өте қарапайым жасалады.

Алыдмен, қандай образ жасау керек екенін анықтау керек. Мен ылғи да табиғилыққа жақын болуын ұсынамын. Себебі жас қыздарға басына құстың ұясына ұқсаған бір нәрсені жасап беру- кощунство!

Мысалы мына прическаны жасау үшін тарақ және лак пен заколка (невидимка керек):

Алдымен шашты жуып, кептіріп аламыз да, басты 3 бөлікке бөлеміз, яғни алдымызда самай жаққа жақын жасалған екі пробор болады, ортасында қалған шаштан маңдайға паралельно шаш бөліп аламыз да, жақсы етіп начес жасаймыз, сөйтіп тура шекеге дейін начес жасай береміз. Ақыры шаштарыңыз тік тұрған кезде, түбіне лак сеуіп, қатырамыз да, ақырындап шашты жатқыза бастаймыз. Самай жақтағы шаштарды кәзірше тимейміз. Алдымызда ирокез прическасы пайда болады. Ақырындап шашты артқа қарап жатқызып, үстін ғана тарап, бір текті қыламыз. Енді шеткі шаштарды мейілінше тарап, төбе жаққа қарай тартып, невидимкамен қыстырамыз. Келесі жағымен де соны жасап, ақыры шашты ақырын сипалап, тікірейіп тұрғандарын жатқызып, сәндейміз. Үстіне аямастан лак сеуіп, жүре беруге болады.

Келесі мына прическа

былай жасалады: төбе шашты тағы да начеспен көретіп, кекілді тимейміз. Кейін кекілді пенкамен көтеріп, художественный беспорядок жасаймыз. бастысы начес жасап білу. Алдыңғы кекілге ғана начес жасамаймыз, төбе шашын, шеке шашын, самай шашын бәрін начеспен көтеріп, түбіне лак себуге ұмытпаңыздар. Сонымен, шпилькалармен шашты жинай бастайсыз. Қандай көлем қалдырам десеңіз, солай қалдырасыз. Томпақтау болсын десеңіз, начесты жинағанда баспаңыз. Ақыры, шпилькамен жинап, артында тіпті ракушка жасасаңыз болады. Немесе жай бәрін тағы да беспорядокпен жинап, сәнді шпилькалармен әшекейлесеңіз болады.  :)))

негізі мен мұндай прическаға 20-30 минут кетірем, үйде көмекшілеріңіз болса өзіңіз ақ жасап, біраз ақшаны үнемдеуге болады. )))

Бір қызық болды. Ол кезде салонда істеймін. Бір қыз келді. шашы деген белден түседі. Прическа қанша деді, негізі, ұзын шашқа кем дегенде бес мың теңге. Бірақ ол қызда ондай ақша жоқ екен. Енді тегін жасайын десем, қасымда салон иесіне жеткізіп баратындар бар, не істесем екен деп сыртқа шығып тұрмын. Қыз қайтып келді. Арзандау болмай ма деді. Сосын мен қулық жасадым. осы күні ойлаймын, біреудің ақшасын жеп қойдым деп, содан болар кейбір басыма мәселелер келіп жатқаны. Сонымен, ана қызға айттым, қазір барамыз, мен саған берген пұлыңа шашыңды сәндеймін, бірақ қанша бергеніңді ешкімге айтпа деп. Сөйтіп, ана қыз келді. Сөйлесіп кеттік, ол қыз тіпті басқа қаладан келген, оқу жаңа бітірген студент екен (сол күні вечер болған ғой), қолында маникюр деген ужас енді, қасы кеткен өсіп. Бір сөзбен ужас болдым. Ол кезде топ толықпын ғой🙂 маған апай апай деп күлкімді келдірді.  Қызды креслоға отырғыздым да, шашын  начеспен көтеріп, бүкіл ұзындығын бұйралап бердім де, артынан шамалы жинап (начес жасалған жер мен бұйралай бастаған жері көрінбесін деп), импровизировать еттік. Кейін қолына экспресс маникюр жасап, қасын жұлып, бояп, дайындап жібердім. Сосын әрине хозяйкаға алған 1000 теңгемнің жартысын бердім. Ешкім тіс жармады.🙂 Бірақ, салон иесінен ұят болды не болса да :((( соны ойласам, қиналам да. Болмаса сол күні өзім қатты шабыттанып кеттім. :)))))

Ол қыздың кекілі жоқ еді, бірақ осыған ұқсас прическа боп шықты. шығын минимум, бірақ керемет әдемі болды. Алтын сырға қыздар, сұрақ болса жазыңыздар. Қолымнан келгенше көмек берем. Астанаға жолықсаңдар, керек болсам хабарласыңыздар. :))) Прическа, макияж, маникюр керек болса, тегін көмек дайын. :)))

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

16 responses »

  1. Рахмет кеңестерге! Маған екіншісі аздап ұнап тұр, менің шаш үлгім боб-каре, сондықтан екінші үлгідегідей жасасам болады екен-ау деп ойлап қалдым.🙂

    Жауап беру
  2. мен деген прическа дегенді жасағым келмит, особенны маған лак, прелесть, гель, мусс дегендер ұнамайды. Менің ең жақсы прическам жақсылап жуңылған шаш :))) Асықсам фенмен кептіремін, асықпасам үтіктеймін и все :)))
    ПС: Ең еріншек қыз менмін🙂

    Жауап беру
  3. шашым узын. бірак жука. буйралап, оріп, уйпалап туйпалап, кунде болмасада прическа жасауга тырысамын, кеше жумыстагы бір тате шашыма карап, “ой Гулочка ты со спиной как Николь Кидман” деп, бес тал шашымды аспандагы айга апарып іліп кетті, енді корші упрдын бір татесі Юлия Тимощенкоға еліктейсін дейді. шашымды Юлияныкы кусатып алуга тырысатыным рас, екеуі де кошеде жаткан адамдар емес, болмасанда уксап бак деген, бірак мені кобісі сырттай рыжая дейтіні джыныма тиіііп кетеді.

    Жауап беру
  4. ен сонгы шашы узын атын умтып калып турыппын, сондай шаштыларга не жасауга болады, жаза журші Айжаннұр.)))))

    Жауап беру
    • негізі, осындай ұзындығы бар қыздарға – повезло )

      шаш қалың болмаса да, кейбір укладка шашты супер қалың қылып көрсетеді. Оны саған үйрету ұят шығар енді)))

      Кез келген прическаның сәнін – начес келтіреді. Төбесі томпиып тұрса, жалпы образды сүйкімді көрсетеді. Төбені көтеріп, тек тым асырып емес, себебі күнделікті жасайтын прическа ғой, қалғанын не бұйралап, не әдемі “хвост” қылып жинап, не болмаса ерекше бір “дулька” қылуға болады)

      Жауап беру
  5. Менин шашым оте узын ари калын. Омиримде 2 рет кана ушын кестим. кобинесе узындыгын корсетпей жасырып журемин. сондыктан туйип аламын. Орип жургенди унатпаймын. Дубинкадан шаршадым. мамам мен папам, болашак жолдасым кидырмайды. Арине олар тусинбеди шаштын кутими кандай азап екенин. Уже басым, кулак шекем, каракус болиги ауырады. жазга карай ушын кестирмесем болар емес. Маган кандай кенестер усынар един??? Отинемин

    Жауап беру
    • Birinwiden, ALLAga wukir de osyndai keremet waw syilagan :))) Jurmin kazir eki tal wawymmen basymda :(((
      Ekinwiden, wawyna filirovka jasa, ol uzyndygyn saktaidy da, tek kalyndygyn joyady, jane wawyndy kaskad ne bolmasa lesenka sekildi kesip, sandeuge bolady. Tym kyskartyp kaitesin? Waw degen keremet koi…
      Sosyn ardaiym katty buyup jurgennen solai bas terisi ayurady. Buryn wawym kalyn bolganda ylgi solai bolatyn, tastai kylyp tuip jurgennen wekem katty auyrdy.
      Katty tuigenwe, bostau kylyp orip, sosyn sol orimdi jinap koisan bolady. Ne bolmasa, wawty ekige bolip, jgut etip orap aluga bolady. Koptegen kenes beruge bolad arine🙂
      aizhanfromkz@gmail.com menin emailim, surak bolsa habarlas :)))) KOlymnan kelgenin ayamaimyn goi!@

      Жауап беру
  6. salem men wawima ademi pri4eska жане маникюр макияж жане маган стилист керек оте адеми болгым келеди ар адамнын калауы адемиликко озим 13 жаста болсам да адеми болгым келеди стилист шаш сандеуши макияж жасайтын мен ушин тегин жасаса жаксы болар еди aisara_1997@mail.ru агентиме толык малиметжазып жиберсениздер

    Жауап беру
  7. менің шашым қалың и ұзындау мен үнемі буып немесе түйіп жүрем басқалай тағы прическаларды ұзын шаштарға жазсаңыз отініш

    Жауап беру
    • Сәлем, Фатима! Қалың шаш болса, АЛЛАға шүкір де))) Қалың шашты өріп жүрген әдемі, өрімнің де сан түрі бар екенін ұмытпаған жөн. Одан қалса, шпилькамен жинап қоюға болады, әрине сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Бір қолым босағанда сол жайлы толығырақ мәлімет жазармын.

      Жауап беру
  8. салем Айжаннур менің шашим калың әрі қысқа иғымнан келеди мен шашымды тек кана хвостик қылып жинап қоямин маган кандай прическа истеуге болади ?????

    Жауап беру
  9. менин шашым оте жука иа укладкага турмайды не истесем болады

    Жауап беру
    • шаштың жұқа болуы табиғи болса (түсіп, химиялық әсерден жұқаланбаған болса), сау болса, онда шашқа көлем беретін стрижка жасауға болады. Шашты жуып болған соң, шамалы кепкеннен кейін төбеге түйіп жинап (,баланың еңбегі болатын жер ше?) жүру керек, сосын жібергенде шаштың көлемі пайда болады. Негізі. лактар мен мусстар, көлем жасайтын прическалар көп, бірақ шашқа зияны да бар, сол себеп ондайды тек арнайы күндер ғана жасаған жақсы. Барына АЛЛАға шүкір деп))))

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: