RSS Feed

Экспресс дайындық :)

Аллаға шүкір, көңіл күйім көтеріліп, қуанып қалдым. Тағы бір дәрігерге көрініп, содан кейін тіпті өзге дәрігерге алдыңғы үштіктің жазған диагноздарын көрсетіп, тынышталатын шығармын деп үміттенем. Қазірше осылай күте тұрайын. Алланың бұйырғаны болады да.🙂

Қалай болғанда да қыздар, өмірде нендей жағдай болмасын сұлу болудан бас тарпаңыз. Еш бір мәселе сіздің “заброшшенный” түріңізге себеп болып, “ұсқынсыздыққа” жол бергеніңізді ақтай алмайды. Бүгін тәңертең дәрігерге таң атпастан жинала бастағанда, айна алдында көзімді бояп тұрғам, мамам түк демеді, тек таң қалды, білем.🙂

Алла барлықтарыңызға денсаулық берсін, сұлу болуға мүмкіндік берсін.

Бұл енді алғы сөз болған. Негізгі тақырып:

Мерекелер таяп қалды, өзіміздің басты мерекеміз -Тәуелсіздік күні келе жатыр (құтты болсын, достар!), жаңа жыл да таяп қалды. Тойласақ та, тойламасақ та қызметтегілердің барлығында ұжымдық басқосу болатыны рас.🙂 Оған да дайындық керек. Жұмыс істегенде анау мынау артық қимылға қол тие бермейді. Сол үшін аз уақыт алатын, бірақ өте тиімді және пайдалы болатын сұлулық сырларын ақтарайық.

Алдыңызда белгіленген сәтке дейін 2-3 сағат болса, онда:

1. Душ қабылдамастан бұрын шашқа жұмыртқаның сарысы мен +1 ас қасық майонезден жасалған қоспаны жағып алыңыз да, душқа түсе беріңіз, душ қабылдап болам дегенге маска әсер етіп, шашыңызды әрлендіреді.Соңында шашыңызды жуып, салқын сумен шайыңыз, салқын су шаштың жылтырап тұруын қамтамасыз етеді. 30 минут кетті.

2. Шыққан бетте саусақ тырнағына көңіл бөліңіз. Суға жібіп қалған кутикуланы арнайы маникюр қайшысымен кесіп тастап, арнайы кутикула майын немесе зәйтүн майын жағып қойыңыз. экспересс маникюр дайын деуге болады. Лакты әлі жақпай тұрыңыз. + 10 минут.

3. Беттің кезегі келді. Әсіресе көздер. Компьютер алдынан шықпайтын болдық қой.🙂 Жұмыс та осы, демалыс та осы. Көздің қызарғанын салқын шай жақсы басады, ол үшін үлкен тостағанға салқын шай құйып, бетіңізді батырыңыз да,  көзіңді бір екі рет ашып жұмып, шайып алыңыз. Кейін көзге қиярды не картоптың тілігін салып, бетке айран мен жармадан (геркулес жармасы) жасалған масканы салып (немесе бағанағы шашқа кеткен жұмыртқаның ақ уызына лимон шырынының 1 шай қасығын салып, көпіртіп, бетке жағып алыңыз) 15 минут ұстаңыз.  Құр жатқанша, тырнақтарды пилкамен тегістеп, үстіне жылтыр ( с блестками) лак жағыңыз. Мұндай лак көптеген көйлеккке сай келеді және дұрыс жағылмай қалса, білінбейді. Бір түсті лакты жаққанда, кейді бұдыр болып, кеппей қалса мүлдем  бұзылып, ақыры көңіл күйді бұзады.+20( 15 минут маска,+ оны дайындауға  5 минут)

4. 15 минуттен соң беттегі масқаны жуып, бетке өзіңізге қолайлы кремді жағып алыңыз. Бетіңізді шамалы шапалақпен тартып тартып қалсаңыз табиғи “румяна” пайда болып, түріңізге әдемі көрік береді.

5. Крем сіңгенше көйлегіңізді дайындап қоюға болады. ))) Ең жақсы сәт осы ғой!!! :)))

6. Ең соңғысы макияж. Оған кемінде 45 минут кетеді. Сонда жалпы есеппен 2 сағат уақыт кетеді.

Енді межеленген сәтке 1 сағаттай қалған болса, онда жоғарыдағы қимылдарды қысқартуға болады. Ол үшін шапшаң душ 20 минут. Бетті айранмен жуып, крем жағу 10 минут. Қолға кутикула майын еш нәрсе қылмай жағып алсаңыз да әдемі боп қалады (өзім тексергем)🙂 Сосын “экспересс макияж):

бетке суланған спонжбен фаундэйшн жағып, көзге мейілінше қою тени, себебі бұл кешкі макияж және мұндай тени жаққанда кейбір қателіктер байқалмайды :))) + кірпікті ұзын және қою көрсететін туш, далапты көйлекті киіп болған соң жағуға ұмытпаңыз🙂 Асыққанда бәрі жағылып, сүртіліп, талай жүйкені құртады ғой.

Қазірше осы ғой деймін. Қазір келесі постта көйлектер жайлы жазып кетермін. ))))

Сәттілік барлықтарыңызға және денсаулықтарың мықты болсын :))))

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

5 responses »

  1. негізі ше мен постоянны сүйтем, асығыс дайындаламын🙂
    нет чтобы 1-2 күн бұрын, именны кездесуге 1-2 сағат қалғанда неожиданное приглашение болғандай тапырлап қаламын :)))

    Жауап беру
  2. жумыртаканын сарысымен мойонезден жасалган коспамен,
    шашқа кеткен жұмыртқаның ақ уызына лимон шырынының 1 шай қасығын салып, көпіртіп, бетке жағып алыңыз)

    осы екі маска катты унады,озіме косып алдым,рахмет:)

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: