RSS Feed

жасанды сұлулық

Ешкімге де жаңалық емес шығар, кейде біздер, қыздар, жасанды сұлулыққа бет бұрамыз. Түріміздің “қарауға болмайтындай” дәреже болғанынан емес, тіпті барына шүкіршілік жоқтан емес, бар болғаны шамалы басқа образға ену, бір кеш болса да өзгеше көріну (қыздардың көбі әртіс қой🙂 ).
Сонымен, егер сіздер, қымбатты құрбыларым жасанды тырнақ жасаймын десеңіз, алдымен төмендегі кеңестерді бір сүзіп өтіңіз:

– жасанды тырнақ өсіру акрил немесе гель арқылы жүзеге асады. Екі материал да бір химиялық зат, акрилаттардан жасалады. Олардың бірі пайдалы, екіншісі пайдасыз деуге болмайды. Шындығы, бұл екеуі де табиғи тырнаққа зиян келтіреді.🙂 (менің кейбір коллегаларым осы сөз үшін жоқ шашымды жұлып, қолыма ұстатар еді ау🙂 ).

– Тырнақты формаға емес, типсаларға өсірген артық, себебі тура тырнақтың үстіне жағылатын акрил/гель мейілінше жаман әсер етіп, тырнақтың бүлінуіне әкеп соқтырады.

– 2-3 күнге жасайтын болсаңыз (той, мереке) онда жұқа қылып салуды сұраңыз. Әрине, олар тез түсіп қалады, бірақ барынша тез түссе, тырнаққа әсері аздау болмақ.

– мастер аузыңызға маска ұсынбаса, өзі тақпаса, ол салоннан қашыңыз. Не болмаса өзіңізбен бірге маска ала барыңыз. Акрилаттардың өзінен гөрі, сол акрилаттарды ерітетін ликвидтің адам ағзасына зияны көп. кейде 2 сағаттан аса жасалатын процедура болған соң,  онымен дем алу аллергия тудырып, басқа да проблемаға әкелуі әбден мүмкін.

– Мастер френш өсірген болса, үстіне лак, сосын “закрепитель” жағуын талап етіңіз.🙂 көбірекке шыдап, сізді қайта қайта лак жаққаннан сақтайды.

– Егер, мастер “под лак” өсірген болса, онда түрлі түсті лак жақпас бұрын үстіне түссіз лак жағып берсін. себебі түрлі түсті лак тырнаққа сіңіп, кейін сүрткен кезде реңі қалады. Соңынан ашық реңді лак жағам десеңіз, әдемі болмай қалады.

– Жасап болғаннан кейін бір екі сағата суға салмаңыз қолыңызды. Мейілінше ұқыпты болып, сауна мен баня дегенді ұмытуға тура келеді.

– Ең соңғысы, тырнақты шешетін болсаңыз (егер ол акрил арқылы өсірілген болса) тырнағыңызға (ар бір саусаққа) арнайы акрил тырнағын алатын сұйықтыққа малындырған мақтаны салып, сыртына фольга орап қоюы керек. 45 минуттан кейін тырнақ жұмсайып, алып тастауға ыңғайлы болады.

– гельдің акрилден кем жері, оны ерітіп алып тастау мүмкін емес, тек тырнақтың үстінен пилочкамен сырып алады. Ол дегеніміз өз тырнағызыды да сырып кетеді деген сөз.

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: