RSS Feed

Қара зира майы

Осыдан бірнеше ай бұрын бір жақсы адам қара зира майы туралы айтты. Өлімнен өзге барлық сырқатқа ем деген ұқсайды Пайғамбарымыз (с.а.у.). Шынында осы жайлы бұрын қалай естімегенімізге таң қалам. Сосын, осы майдың көмегі тиген болар, сатып алған себебіміз жойылды деуге болады. Нетте көптеген сайттарда осы май жайлы жазылған екен. Ондағы қолданушылардың айтуы бойынша өте пайдалы, шипа май. Біз оны мешіт жанындағы дүкеннен, дәріханадан сатып алдық. Бірі өзімізде жасалған, Алматыдан келген, екіншісі сонау шет елден келген екен. Екі айырып қолданған жоқпын, әйтеуір шашым түскен соң, әкем пайдасы болар, жағып көр деді. Жақтым, расында азырақ түсетін болған секілді.:))) Енді, бірден қайда  саған сауығып кету. Шыдамдылық керек мұндай жағдайда. Егер қызықсаңыздар мына сілтемеде жазылған🙂, бірақ орысша екен. http://malahov-plus.com/?do=forum&showtopic=577 .

Айтпақшы, бұл майды екіқабат әйелдерге қабылдауға болмайды. Басқа да “противопоказания” бар. Оны майдың ішіндегі түбіртекте оқуға болады.

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

3 responses »

  1. ия, “қара зере” майы ғой.. орысша “черный тминь” арабша “حبة السوداء” (хаббатус сауда) деп аталады. Хадисте дәл сіз айтқандай өлімнен басақаның барлығына шипа делінген. Құр өзін емес суға немесе балға араластырып ішкен жақсы.

    Жауап беру
  2. Айжаннұр, осы шаш күтіміне байланысты толығырақ ақпарат жазасыз ба? Менің шашым ұзын (ұп-ұзын емес, бірақ беліме түседі ). Бір жаманы – өте жұқа. Сосын шаштың түбі үнемі қосарланып, айырланып кетеді. (секутся). Сосын түбін жиі қидырып отырамын. Шаштараздағы қыздар шашыңды боя, сонда айырланып кеткені қояды дейді. Бірақ бояғым келмейді. Табиғи түсіне жетпейді ғой.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: