RSS Feed

Тамаааақ! :)

Бүгін кешкі асқа мынандай ас дайындадым. Өзім үшін ғана. Қалғандары мамамның тіл үйірер мантысын жеп отырды🙂

Негізі бұл арзан,тез және пайдалы. Әсіресе мен секілді салмақты тастауды мақсат тұтса, салауатты өмір салтын жүргізем десе таптырмас ас:

қырыққабат (капуста), картоп, сәбіз, пияз + кез келген өзге “шөп”( тәтті бұрыш, кәді, баклажан, асқабақ, қызанақ, броколли қырыққабаты), қысқасы өзіңізге ұнағаны болса, қоса беріңіз. Бүкіл көкөністерді қалауыңызша турап, мен ірі болғанын ұнатам🙂, қысқа толқынды пешке арналған ыдысқа саламыз, тұз, дәмдеуіштер, ас көк, қызыл ащы бұрыш, қара бұрыш, сарымсақ(чеснок), не қаласаңыз соны қосыңыз да + 1 ас қасық зәйтүн майы.

Бетін ас пленкасымен жауып, қысқатолқынды пеште 20 минут максималдық қуатында пісіресіз.

Кейін өшіріп, 5 минутқа қалдырыңыз.🙂

Осымен болды. Мен мұны негізгі ас ретінде жеймін. Біреулер гарнир етеді екен. Тап осылай құр картопты да пісіруге болады.  Айранмен, қаймақпен не болмаса өзге соуспен жеймін десеңіз, еркіңіз өзіңізде. Бастысы, фигурасын уайымдайтындар 2,5 пайыздық айранды қолданғандары жақсы. Астарың дәмді болсын.🙂

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

12 responses »

  1. Айжан қысқа толқыны пешті қолданбаған абзал:). Ішіндегі бүкіл дәрумендерді құртады. Сосын тамақтың энергетикасын да бұзып бытшытын шығарады, ана Масару Эмотоның судың суреттерінен көруге болады.
    Сосын қысқа толқынды пешке низачто андағы орағыш целлофанды, жалпы басқа пластик салуға болмайд, қанша қолайлы болса да. Бетін өзінің шыны қақпағымен жапқан дұрыс. Себебі қыздырған кезде dioxin бөлінеді екен соңғы зерттеулерде. Ол барып тұрған канцероген ғой, сол үшін қазір Американың МакДональдстарында қағаз тарелкаға көшіп жатыр екен.

    Жауап беру
    • o ujas! men degen tolko soda daiyndaimyn goi tamakty! mamam gazda, men kyskatolkyndy da😀. kowmar. prosto kakpagyn japsam bir turli ne o4en bop wygady, mumkin sol dioxin bolinip, tamkakka dam berip turan wygar ia? :DDD
      koi, keleside otta pisirip korein, mumkin jap jaky bop kalar. rahmet! mua!

      Жауап беру
  2. Сосын не деген төзім сенікі елдер манты жеп отырғанда:)))))) Берілген адамсың ғой тура Машаллаһ

    Жауап беру
  3. қысқатолқынкада тамақ пісіруге болатынын білмеппін.
    мен оны тек тамақты ысыту(жылыту) үшін ғана пайдаланып жүрсем

    Жауап беру
  4. Әңгіме жоқ төзіміңе, братан))) Манты тұрғанда анадай тамақ жеп…Пайдалы ғой, бірақ…бірақ, мен шыдамас едім:):):)

    Жауап беру
  5. 20-30 минутта қырыққабат пен сәбіздің піскеніне таңқалудамын. мен духовкаға пісіргеннің өзінде, қырыққабатты алдын ала суға пісіріп алуға тырысамын. сенің тәсіліңмен де жасап көру керек екен.

    Жауап беру
  6. Айжан мына тамақты “Цептерьдің” қуырмайтын ыдыстарында да пісіруге болады если шо🙂

    Жауап беру
  7. манты жемегенін бір ерлік
    екінші ерлігін суреттерін маладессін го озін
    барін тусіріп оны баскалармен болісіп

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: