Андағы клатч жалғысырап қалатын болды ау деп уайымдап жүр ем, әрі ойланып, бері ойланып жанына комплект қылып білезік жасайын дедім. Негізі, сырға тағам деп ойлағам алтын, бірақ макияж онсыз ақ «жайнап» тұратын болған соң, құлақты, мойынды бос қылып, қолыма сақинасыз, тек білезік тағам деп ұйғардым.
Сонымен. Маған баклажка, кішкене синтепон, кешегіндей мата және скотч керек болды.
1. баклажканың тегіс жерін скотчпен орадым, мейілінше тура болсын дегенім ғой.
2. кейін оны кесіп алдым да, сыртын синтепонмен қаптап, тігіп тастадым 🙂
3. кейін, сыртын кешегі матамен қаптап тіге бастадым.
4. сосын, қолыма өлшеп, қандай өлшем тура болатынын анықтадым да, артық болғанын шамалы кесіп тастап, мына тігілмеген жағына екінші шетін тықтым да, аузын тігіп тастадым. Сонда шыққаны мынау 🙂
Енді, «дело за малым» еще артық салмақ тастау керек, сосын Жаңа Жылды қарсы алуға дайынмын :))
Мені енді бейшара деп ойлап қалған шығарсыздар, ақшасын аяп, өзіне өзі бұйым жасап жұрген. Ол рас енді, бірақ осындай нәрсемен айналысқанды жақсы көрем.
З.Ы. Мата басқа болғанда, мысалы бір түсті, үстін өрнектеп, әшекейлеуге де болар еді 🙂
Таң қаламын басымды шайқаймын да…
бейщара деп ойлап қалдық:))). Айтпайтының жоқ осы сенің:)))))
білезік жақсы болды, мен болсам басқа әшекей жасар едім, шашты ұстайтын:)
hehe, wawym bolsa men de suiter edim :DDD
Мәссаған! Таң қалам саған столько идеяң бар. Салта екеуің дегенмен пысық қыздарсыңдар 🙂
sende de bar idea, prosto sen ony syrtka wygarmaisyn! 😉
Тапқыр жан екенсіз! Бәрекелді!
rahmet :))))
Керемет! Сіз мына сұрағымызға ренжімеңіз… Дәл осылай итіме қарғы жасауға рұқсат па? Патент, авторлық құқық дегендей мәселелер ғой мені ойлантатын)))
hehe, mysygynyzga da jasasanyz bolady :DDd erik ozinizde goi !!! :)))
Рахмет,Ақтөс бір қуанып қалатын болды)))
Керемет мен мұндайды ойламас та едим.Сіздің жазған кеңестеріңіздің барлықтары да маған қатты ұнады рахмет сізге
келіп, ерінбей пікір жазған сізге де рахмет)))