RSS Feed

Алдыңғы клатчқа білезік

Андағы клатч жалғысырап қалатын болды ау деп уайымдап жүр ем, әрі ойланып, бері ойланып жанына комплект қылып білезік жасайын дедім. Негізі, сырға тағам деп ойлағам алтын, бірақ макияж онсыз ақ “жайнап” тұратын болған соң, құлақты, мойынды бос қылып, қолыма сақинасыз, тек білезік тағам деп ұйғардым.

Сонымен. Маған баклажка, кішкене синтепон, кешегіндей мата және скотч керек болды.

1. баклажканың тегіс жерін скотчпен орадым, мейілінше тура болсын дегенім ғой.

2. кейін оны кесіп алдым да, сыртын синтепонмен қаптап, тігіп тастадым🙂

3. кейін, сыртын кешегі матамен қаптап тіге бастадым.

4. сосын, қолыма өлшеп, қандай өлшем тура болатынын анықтадым да, артық болғанын шамалы кесіп тастап, мына тігілмеген жағына екінші шетін тықтым да, аузын тігіп тастадым. Сонда шыққаны мынау🙂

Енді, “дело за малым” еще артық салмақ тастау керек, сосын Жаңа Жылды қарсы алуға дайынмын :))

Мені енді бейшара деп ойлап қалған шығарсыздар, ақшасын аяп, өзіне өзі бұйым жасап жұрген. Ол рас енді, бірақ осындай нәрсемен айналысқанды жақсы көрем.

 

З.Ы. Мата басқа болғанда, мысалы бір түсті, үстін өрнектеп, әшекейлеуге де болар еді🙂

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

12 responses »

  1. Таң қаламын басымды шайқаймын да…

    Жауап беру
  2. бейщара деп ойлап қалдық:))). Айтпайтының жоқ осы сенің:)))))
    білезік жақсы болды, мен болсам басқа әшекей жасар едім, шашты ұстайтын:)

    Жауап беру
  3. Мәссаған! Таң қалам саған столько идеяң бар. Салта екеуің дегенмен пысық қыздарсыңдар🙂

    Жауап беру
  4. Тапқыр жан екенсіз! Бәрекелді!

    Жауап беру
  5. Керемет! Сіз мына сұрағымызға ренжімеңіз… Дәл осылай итіме қарғы жасауға рұқсат па? Патент, авторлық құқық дегендей мәселелер ғой мені ойлантатын)))

    Жауап беру
  6. Керемет мен мұндайды ойламас та едим.Сіздің жазған кеңестеріңіздің барлықтары да маған қатты ұнады рахмет сізге

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: