RSS Feed

Жаңа жылға өз өзіме сыйлық!

Жуырда жаңа жыл, оған киетін көйлек те дайын, оған енді дорба керек, дорба болғанда да өзгелерінен бөлек болуы тиіс🙂 10*20 см болатын мата мен картоннан жасалған дорба үшін 2 мыңнан астам ақшамды қимай, бірақ бір кешкі уақытты құрбан етіп төмендегі клатчты тігіп алдым.

Біріншіден және бұл мен үшін ең маңызды пункт: МҰНДАЙ ДОРБА ТЕК МЕНДЕ ҒАНА БАР! БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ ТАП ОСЫНДАЙ ТАБЫЛМАЙДЫ🙂

Екіншіден, арзан. Бар болғаны мата мен синтепон керек. Матаны таңдау әр кімнің еркінде. Мен мысалы мына жылтыр матаны мамамның 20 жылдан бері жатқан көйлегінен кесіп алдым. (Тастатпай сақтап келгем осы күнге дейін :)).

Үшіншіден, тез. Кейде керегіңді екі күн іздейсің. Ал мынаған екі сағат уақыт кетті. Оның өзі матаның сытылып кете бергенінен болды.

Ал сонымен, алдымен мынандай выкройка керек болады. мен газеттен жасадым🙂


Сосын жоғарыдағы выкройканы қара (подкладочный) матаға, сосын синтепонға, сосын сыртқы мата (жылтыраққа) түсіріп кесіп алдым. Кейін үшеуін қосып (пирог секілді болды, астына қара мата, ортасына синтепон, үстін жылтырақ мата) көктеп тігіп алдым. сосын машинкамен тігіп шықтым. Суретте қызылмен көрсетілген жерлерін ғана. Сосын бір тұтас полотно пайда болғанда анау екі шеті, қызылмен көрсетілмеген жер (ол негізі клатчтың табаны) соған қатты картоннан ені мен ұзындығы сумканың табанына келетіндей етіп кесіп алып, ішіне салып қойдым. Сосын пайда болған полотноны машинкамен тігіп шықтым (типа стеганный болып қалды). Кейін  қызылмен белгіленген жерге замочек тіктіп, Ескі сумканың аузынан қырқып алдым🙂

Кейін сумканы ішкі жағын шығарып тігілмеген жерін қолмен тігіп тастадым. Сонымен болды.

Гүл енді ваще оңай, 20 минда дайын болатын дүние. Мұндайды неше түрлі матадан жасап, размерін де өзгертуге болады. Сосын оны брошка секілді де тағуға болады. Ободокқа да жабыстырып алуға болады. Қысқасы, қиялға ерік беріңіздер.

Сонымен қара матадан екі домалақ кесіп алдым. Диаметрін білмейм, қолдан жасалған еді. Сосын ішіне бағана қолданған синтепонның қалдықтарын тықтым да, томпитып қойдым. Кейін, инеге жіп откізіп ортасын тестім де, топиған шарикті төрт бөлікке бөлгендей болдым. Сосын тағы да бөліп, ақыры гүл шықты. Ортасындағы кішкене матамен қапталған түйме. Соны ортасына тігіп қойдым. Артына түйреуіш ілдім де, клатчты әшекейледім. Болғаны осы. Сұрақ болса, ю а уелкам.))))

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

8 responses »

  1. Қолы алтын екен ғой менің жеңгемнің…

    Жауап беру
  2. 5 аспап, алтын қыз екенсің. Молодец!🙂

    Жауап беру
  3. таппайтының доқ осы сенің:))) жарайсың!

    Жауап беру
  4. Бала күнімізді еске салдың…қуыршаққа киім тігіп әуреленгенім болмаса, кейін іс тігуге жолап көрмеппін… бірақ мынау өнеріне разы боп отырмын.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: