RSS Feed

Еріккеннің ермегі не болмаса қобдиша жасау тәсілі )))

Қолым бос, бас бос, уақыт көп болғанда алжи бастайды екенсің :))) Дәрігерге көрінем деп жұмыстан шығып кеткен едім, енді міне кітап оқудан жалығып, төмендегі қобдишаларды жасауға кірісіп кетіп, тоқтай алмай қалдым🙂

1. Керегі аяқ киім астындағы қорап, мата, менің сүйікті синтепоным, қара мата, екі жақты скотч және қайшы.

2. Матаны қораптың сыртынан сәл үлкен қылып, ал синтепонды қораптың үстінгі бетіне дәл келетін қылып кесу керек.

3. Қораптың төрт бұрышына екі жақты скотчтың кішкене бөлшектерін жабыстырамыз🙂

4. сосын үстіне синтепонды жабыстырамыз да, матамен қаптай бастаймыз. Матаның қайырылған жеріне де екі жақты скотчпен “закрепить” етеміз.

5. бәрін қаптап болған соң, үстіне әшекей ретінде гүл жасауға болады. Ол үшін ені 2 см болатын лента секілді матаны көктеп тіккендей қылып жіппен тігіп шығамыз да, бір шетін тартамыз, сонда мата өзі әдемі болып жиырылады. Мен матаның (негізі сіңлімнің ескі топигі болатын, шеті жиектелген) шетін кесіп алдым.

6. Бұл қораптың қақағы болатын, ал астынғы бөлігін жай қара матамен тартып, қаптап тастадым. Тек синтепон салмадым, а так үстін қаптаған секілді жасадым. Болды. Қобдиша дайын.

З.Ы. кішкенесі мақтасы бар таяқшалардың сырты болатын. Комплект болсын деп оны да қаптап тастадым. Енді әшекей салуға болады. Әйтпесе осы секілді қобдишаларды дүкеннен таппағам. :))

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

7 responses »

  1. ох бәрін қарап отырып жасап көру керек еді. дегенмен ана үстіндегі гүлді точно жасай алмайм🙂

    Жауап беру
  2. мен де жасап көрмесем.. рахмет.

    Жауап беру
  3. керемет, ана 6-шы суретте екі адамдык кроватка,касындагы отыргышка уксайды:)))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: