RSS Feed

Жаңа жыл алды ойлар

Жақсы көңіл күй үшін не керек? Қыстың аязы мен үшін азап бәрі бір.😦 Көктемге, жазға не жетсін? Бірак, амал жоқ, шыдау керек. Маған жазда диетада отырған жеп жеңіл, күніне бір кило қызанак жеп жүре берем, ал қыста тамақты ашқарақ секілді жегің келеді. Бірақ, алдыңғы поста жазған “бақытты көздер” үшін де шыдау керек, бір қыста тым көп шыдау керек емес пе?🙂

Мереке жақындап келе жатыр, ол кезде де тамақ көрмеген секілді салаттарды жалмап кетпесем игі болушы еді :)))))

әй, қайдам. еттен бас тарту жеңіл болса да, салаттан қиын ақ. сол үшін кәдімгі салаттардың жеңіл нұсқаларын жасайтын шығармын:

сонымен, оливьені бәрі жақсы көреді және жасайды, бірақ піскен (вареная) колбаса орнына тауық етін, майонез орнына қаймақ салған жақсы (мысалы, жиырма пайыздық) каллорий аздау, дәмі кәдімгіден қалыспайды. Сосын жұмыртқаның (мысалы төртеу болса) жартысының сарыузыны салмай, тек қана ақуызын салу керек. Сарыуздың холестерині көп, жүрекке зиян! Сосын, өзге көкөніс салаттарына  кәдімгі майдан гөрі, лимон шырынын қосқан тиімдірек. Май азырақ кетіп, ертеңгісін талияға жабысып қалмайды. :)))

Енді, қазірше осы. Айтпақшы, етті қамырмен емес, көкөніспен жесеңіз, асқазанға ауыр тимейді. :)))

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: