RSS Feed

Мотивация!

Коко Шанель (оның кім екенін білмейтін қыз бала жоқ шығар) бірде былай деген екен: Әйелдер өздері үшін киінеді, бірақ әлемде бірде бір еркек қалмаса, ондар олар киінуді де қояды.

Осы бір сөйлемді оқып, ұзақ күлегінім бар. Рас ау, өзім үшін боянам, киінем, күтім жасаймын деген жай сөздер ғана. Әрине, анда санда жаның өзгерістерді талап етсе, өз өзіңді керемет жақсы көріп кеткен сәтте бетке маска жасап, тырнаққа маникюр, депиляция мен эпиляцияның айырмашылығын еске түсіріп қана қоймай,  оны іс жүзінде қолданып, сыланып, сипаланып қалатынымыз бар.🙂

Айтпағым, ер адам (сүйіктіңіз деп біліңіз) сізге керемет мотивация болуы мүмкін. Өзің үшін еш қашан кереметтей бір жанкештілік жасамайсың. Тәтті тоқашқа сау бол деуге асықпайсың🙂 (мұнда кез келген сүйікті, бірақ зиянды тағам жатады).

Сонымен, сүлулыққа қарай бір қадам жасау үшін мотивация керек. Мен  үшін мотивация болып, жанымның көзі маған ғана қарап, менен ғана эстетикалық ляззат алу керек деген ой болды. Әрине, ол мені кез келген қалыпта сүйеді (солай шығар деп топшылаймын))). Осы күнге дейін көріскенше күн жақсы, бауырсақ қыз демегеніне қарағанда шынымен сүйеді!

Сонымен, маған мотивация табылды, ал сендерге? Егер сүйіктіңіз қазіргі қалпыңызда қабылдаса, өзіңіз айнаға қарағанда шошымайтын болсаңыз, онда сіз бақытты жансыз. Ал егер, ішіңізде біреу: “Ужас, ужас, не боп кеткенсің!” десе, онда ол дауысты кезекті “тәтті тоқашпен” өшіруге болмайды.🙂 Өз өзіңізге мотивация болу қиын, менің қолымнан келмеді, бірақ бір размер кіші сатып алынған әдемі, қымбат көйлек керемет мотивация болуы мүмкін. Сөйтіп, ең басты алға қарай иеруші күш табылған соң ғана, кез келген мақсатқа жетуге болады.

Мені біреулер салмағы мен сыртқы бейнесінде қатып қалған маньяк деп ойлауы мүмкін. Олар дұрыс ойлайды. Көптеген жұптар, отбасылар  әйелдердің қажетті мөлшерде сұлу болмағанынан қирап жатады. (Жан сұлулығы да бар ішінде). Мен отбасы құрсам, жарымның бақытты болғанын қалаймын. Мен әдемі болмай, көзінің қуанышына айналмай, толыққанды бақытты бола алмайтын секілді. Жұрттың жігіттердің керемет, тал шыбықтай майысқан қыздары бар, менің жанымның несі кем деймін де :))))

Сол, бүгінге айтарым осы. Мотивация іздеңіздер.

Кейт Мосс былай деген: “ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ДӘМДІ НӘРСЕ – ӨЗІҢДІ ӘДЕМІ СЕЗІНУ”. Дәмділеріңіз таусылмасын!

Сәлеммен, Мен😉

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

2 responses »

  1. Ой Айжан өлтіресің сенде🙂 Бірақ маған да сен айтқалы мотивация боп жатыр. Кішкене-кішкене қуанып жүрмін айнаға қарап, таразыға қарап.🙂 Маған да сол бір кісінің көзіне әдемі көріну не өзім қалаған киімді кию және кез-келген ортада өзіңді комплексте ұстау жалықтырды. Сен ғана толық боп көзге көріну әрине қынжылтады.

    Жауап беру
  2. Осындай қызды таңдап жүрген менің ағам маладес!!!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: