Мен де есеп бердім өткен жылға :)

Жылдың ең қуанышты күні: екеу, бірі – дәрігердің жазылдың деген күні, екіншісі -жанымның оқуын аяқтап, елге аман есен оралған күні.

Жылдың ең дәмді тағамы: бал мен ащы бұрыш қосылған көкөністерден ассорти.

Жылдың жетістігі: жиырма келіге жуық салмақ тастауым.

Жылдың сусыны: бал мен зібір қосылған ыстық су.

Жылдың аяқ киімі: он екі см өкшесі бар көк басоножки

Жылдың ең әдемі көйлек: сол баяғы ақ жылтыр көйлек.

Осы жылы орындалған арман: заңгер дипломын алу + визажист сертификатын иелену.

Орындалмаған арман: сауығып кету басты арман болған соң, басқасын айту ұят та :))

Жылдың сыйлығы: ағамның Швейцариядан алып келген барлық сыйлықтары + папамдардың Түркиядан алып келген сыйлықтары.

Жылдың өлеңі: Ақберен Елгезектің Бір адам өлеңі

Жылдың әні: Мейрамбектің барлық әндері )))

Жылдың көп күткен фильмі: Гарри Поттер.

Жылдың ең мықты «обломы»: кездесуде түсіп қалған өкшем 😦

Жылдың ең сүйікті блоггерім: Қисыыыыыыыыыыыық 🙂

Жылдың жаңалығы: Қисықтың әке атануы.

Жылдың өкініші: досыммен кездесуге бармай қалғаным

Жылдың есте қалған кешкі ас: Лайм Брю мейрамханасындағы шетелдік таныстармен ішкен ас.

Жылдың өзіме сатып алған зат: бирюзадан бір үндістен сатып алынған алқа. (Қатты жақсы көрем сол әшекейді)

Жылдың қызықты сәттері: бір жылда бес аттас адаммен танысқаным 🙂

Жылдың авторы: Сисилия Ахерн

Жылдың кітабы: «Пы.Сы. Мен сені сүйем» 🙂

Жылдың ең сәтті кездесуі: Маған ең пайдалы кеңес берген апаймен кездесуім ( сол апайды ақыл кеңесінің арқасында ұсқынсыз семіздерден сүйкімді томпақтар қатарына қосылдым)

Жылдың ең ауыр күні: жаныммен қатты ренжіскен күндерімнің бәрі.

Жылдың позитиві: Екі блог ашқаным, блогшылармен танысқаным, жаңадан, мен бұрын танымаған әлем -блогосфераға енуім 😉

 

Жаңы жыл бақыт алып келсін )

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

3 responses »

  1. Бір емес екі категория бойынша мені шығарып қойғаныңа рахмет, Айжан!!!

    Жауап беру
  2. Жаным-ау жылың тек жақсылықтарға өзгеріпті. Алдыңғы жылдарда да солай берсін!

    Жауап беру

Пікір қалдыру