Daily Archives: Желтоқсан 29, 2010

Бәрінен де МЕН сұлу?

Мотивацияның мәселесі шешілген шығар ау 🙂

Одан өзге не керек екенін білесіздер ме? Білмесеңдер айтайын: АУТОТРЕНИНГ керек. Ол дегеніміз өз өзіңізді жақсы көру, сұлу санау, ақылды деп мақтау, көрікті, майдай мінезі бар деп позитивті ойлау.

Таңертең тұрғанда ісіп кеткен бет ауыз, ұлба жұлба шаш, үтік дегенді өмірі естімеген түнгі киім (пижама) киіп тұрған «сұлудың» «Әлемде ең әдемі Мен!» деп айтқызу мүмкін емес әрине. Тіпті ондай кезде айнаға қарамаған да жақсы. Мен қарамайм. Өзімнің қорқынышты түрімді көргім келмейді. Сосын ол түрім мида сақталып қалса, аутотренинг жасау қиынның қиыны.

Аутотренингке макияж жасап, әдемі киініп, сүйікті әтіріңізді жағып алып, айнаның алдына келіп, бір сәт өз өзіңзге көз салып, қа ндай керемет екеніңізді еске алыңыз. Жаман ойлардан аулақ!  Клаудиа Шиффердің аяғы, Анджелина Джолидің ерні, Памела Андерсонның кеудесі, Софи Лореннің қыпша белі жоқ деп қайғырмаңыз. Одан олардың бәрі пайда болмайды (ал пайда болса да, ужастик пайда болатын секілді))))!

Сонымен, енді өз өзіңізді мақтай бастаңыз. Мысалы: менің көздерім ең әдемі көздер, менің шашыма жететін шаш жоқ, мен ең ақылдымын, себебі (үш тілде еркін сөйлеймін, жақсы аудармашымын, керемет аспазбын, ғажап жұмысшымын, маған жетер маман жоқ, жылына жүз кітап оқимын, психологияның қыр сырын білемін, шахматтан чемпионмын т.с.с)…. деп кез келген себеп айту керек. Сосын арқаны тік ұстап, өзіңізді ханшайым позасына қойыңыз. Ханның қызы секілді сезініңіз (менменсініп кетпеңіз тек) Осы жерде шамалы кемшілік айтуға болады (бірақ табиғатынан бар емес, ал артық не қайта аз салмақ, қысқа шаш, безеулі бет, маникюрсыз тырнақ, депиляция көрмеген аяқ пен білек т.б.) Тек біреу ғана және мынандай формада: «Егер менің бетімдегі безеулер болмағанда мен тіпті ең әдемі болар едім!» деген секілді. Сосын тағы мақтау керек, мысалы: Есесіне менің аяқтарым тіп түзе, көздерім мөлдір және тұнық, күлгенім әдемі, тістерім түзу деген секілді. Осылай аутотренингті аяқтаймыз.

Басқалар сені сұлу санасын десең, алдымен өзің өзіңді сұлу санауың керек. Жалпы, көп адамдар кемшілігімізді өзіміз айтпастан бұрын байқамайды.

Менің мысалы бетімде бала кезден қалған тыртық бар. Соған бола қатты қиналатын едім. Жұрттың бәріне тыртығым жаман ия деп айтып алатынмын. Кейін барып қана, тыртығыммен ешкімнің жұмысы жоқ екенін, көзге бірден түспейтінін (ал бір адам тіпті жақсы көретінін), мені жаман көрсетпейтінін білдім. Енді ол туралы айтпайтындай болдым. Ешкім саусағын шошайтып жатқан жоқ :)))

Әр бір қыз әдемі, тек бәрі оны көре бермейді.  Кейбір қыздар күтімсіз болған соң ғана ұсқынсыз көрінеді. Шамалы ғана макияж, маникюр адамды өзгертеді. Жаманын жасырынқырап, жақсысын асыңқырап көрсетсек, ешкім айыпқа бұйырмас:)

Карлос Кастанеда (кім екенін білмейм, бірақ сөзіне қарағанда өте данышпан адам болған көрінеді 🙂 ) : «Әлем анадай да мынандай, себебі біз өзіміз оны солай атадық» деген екен.

Расында, өзіңді, әлемді, адамдарды өзің қалай қабылдасаң, солай болады. :)))

Әдемі болыңыздар!

Сәлеммен, Мен 🙂