RSS Feed

Бәрінен де МЕН сұлу?

Мотивацияның мәселесі шешілген шығар ау🙂

Одан өзге не керек екенін білесіздер ме? Білмесеңдер айтайын: АУТОТРЕНИНГ керек. Ол дегеніміз өз өзіңізді жақсы көру, сұлу санау, ақылды деп мақтау, көрікті, майдай мінезі бар деп позитивті ойлау.

Таңертең тұрғанда ісіп кеткен бет ауыз, ұлба жұлба шаш, үтік дегенді өмірі естімеген түнгі киім (пижама) киіп тұрған “сұлудың” “Әлемде ең әдемі Мен!” деп айтқызу мүмкін емес әрине. Тіпті ондай кезде айнаға қарамаған да жақсы. Мен қарамайм. Өзімнің қорқынышты түрімді көргім келмейді. Сосын ол түрім мида сақталып қалса, аутотренинг жасау қиынның қиыны.

Аутотренингке макияж жасап, әдемі киініп, сүйікті әтіріңізді жағып алып, айнаның алдына келіп, бір сәт өз өзіңзге көз салып, қа ндай керемет екеніңізді еске алыңыз. Жаман ойлардан аулақ!  Клаудиа Шиффердің аяғы, Анджелина Джолидің ерні, Памела Андерсонның кеудесі, Софи Лореннің қыпша белі жоқ деп қайғырмаңыз. Одан олардың бәрі пайда болмайды (ал пайда болса да, ужастик пайда болатын секілді))))!

Сонымен, енді өз өзіңізді мақтай бастаңыз. Мысалы: менің көздерім ең әдемі көздер, менің шашыма жететін шаш жоқ, мен ең ақылдымын, себебі (үш тілде еркін сөйлеймін, жақсы аудармашымын, керемет аспазбын, ғажап жұмысшымын, маған жетер маман жоқ, жылына жүз кітап оқимын, психологияның қыр сырын білемін, шахматтан чемпионмын т.с.с)…. деп кез келген себеп айту керек. Сосын арқаны тік ұстап, өзіңізді ханшайым позасына қойыңыз. Ханның қызы секілді сезініңіз (менменсініп кетпеңіз тек) Осы жерде шамалы кемшілік айтуға болады (бірақ табиғатынан бар емес, ал артық не қайта аз салмақ, қысқа шаш, безеулі бет, маникюрсыз тырнақ, депиляция көрмеген аяқ пен білек т.б.) Тек біреу ғана және мынандай формада: “Егер менің бетімдегі безеулер болмағанда мен тіпті ең әдемі болар едім!” деген секілді. Сосын тағы мақтау керек, мысалы: Есесіне менің аяқтарым тіп түзе, көздерім мөлдір және тұнық, күлгенім әдемі, тістерім түзу деген секілді. Осылай аутотренингті аяқтаймыз.

Басқалар сені сұлу санасын десең, алдымен өзің өзіңді сұлу санауың керек. Жалпы, көп адамдар кемшілігімізді өзіміз айтпастан бұрын байқамайды.

Менің мысалы бетімде бала кезден қалған тыртық бар. Соған бола қатты қиналатын едім. Жұрттың бәріне тыртығым жаман ия деп айтып алатынмын. Кейін барып қана, тыртығыммен ешкімнің жұмысы жоқ екенін, көзге бірден түспейтінін (ал бір адам тіпті жақсы көретінін), мені жаман көрсетпейтінін білдім. Енді ол туралы айтпайтындай болдым. Ешкім саусағын шошайтып жатқан жоқ :)))

Әр бір қыз әдемі, тек бәрі оны көре бермейді.  Кейбір қыздар күтімсіз болған соң ғана ұсқынсыз көрінеді. Шамалы ғана макияж, маникюр адамды өзгертеді. Жаманын жасырынқырап, жақсысын асыңқырап көрсетсек, ешкім айыпқа бұйырмас:)

Карлос Кастанеда (кім екенін білмейм, бірақ сөзіне қарағанда өте данышпан адам болған көрінеді🙂 ) : “Әлем анадай да мынандай, себебі біз өзіміз оны солай атадық” деген екен.

Расында, өзіңді, әлемді, адамдарды өзің қалай қабылдасаң, солай болады. :)))

Әдемі болыңыздар!

Сәлеммен, Мен🙂

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

6 responses »

  1. Жазбаңыз қызықты екен )))). Бірақ сұлулығына ҚАТТЫ сенетін қыздар бар, маған олар ұнамайды. Такаппарланып тұратындай… Сондықтан айнаға қарап аутотренинг жасайтын қыз бала осы такаппарлықтан АЛЫС болса екен… Менің де маңдайымда бала кезімнен қалған (жүгіріп жүріп құлап қалғам) кішкентай тыртық бар. Өзгелерге айтқанда “жаман көріне ме?” деп мен де сұрайтынмын. Расында да, “тыртығыммен ешкімнің жұмысы жоқ” екен. Сыртқы сұлулығымен қоса адамның жаны да сұлу болу керек қой, шіркін!!!

    Жауап беру
  2. керемет жазыпсын..
    куннен кунге таң калдырып журсiң:)

    Жауап беру
  3. массаган мотивасия жайлы дал бугин гана бир турктермен узын сонар ангиме кылып едик.Сонында ешкандай шешимге келе алмай.Калганын тагыда бир егзаменнен кейн жалгастырамыз деп жол айрыстык.Казакта бир соз баргой НАР ТАУЕКЕЛ деген бул соз арине мотивасияга жатпас бирак тауекел ету ушинде оз-зоинди мотивасиялуын кереккой…Асиресе Казагымнын кыздарына мотивация керек деп ойлайм.Арине асыра силтемей озине керекти,олшеммен жасалган немесе олшеммен кабылданган мотивация дарисинин он асери болатыны созсизгой🙂
    Жаксы макала екен…Копи Паст жасауга рухсат болар :))

    Жауап беру
    • Hehe, arine bolady cope paste jasauga :)))
      Bul kobine autotrening jaily post, motivacia jaily aldynda jazyp ketkem.
      Nar tauekel degen bar, Islammen birge kelgen dunie goi deim, ol degenimiz koldan kelgennin barin jasap, kalganyn ALLAga amanat etu, ALLAnyn buyrgany bolatynyna senu dep tusinem.
      Tauekel ete bilu ote kiyn, sebebi biz logikaga juginemiz, al tauekel etetin kezde tek kana senim bolu kerek, sana owip, logika bolmagan jaksy sekildi. Sebebi,logika bar jerde , kudik te paida bolady.
      Sonda ne jaily angime boldy? Motivacianyn kerek ne kerek emestigi turaly ma? :)))

      Жауап беру
  4. иә қазір аутотренингті асыра сілтеп жіберген қыздар көп сияқты. әйтеуір менің құрбыларымның барлығы мен сұлу, мен керемет деп тұрады ғой.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: