RSS Feed

Гармония!

Табиғатынан көрікті, ай десе аузы, күн десе көзі бар арулардың өзінде дисгармония болса, тартымдылықтан жұрдай болады. Гармония деген не? Ол үйлесімділік деуге де болады. Өз өзіңмен үйлесімді болу.  Ашу мен ызадан, өкпешілдіктен арылу. Өзге де адамды құрттай жеп, жанына тыныштық бермейтін әдеттерден құтылу деуге де болады.

Мен өкпешілмін, сәл нәрсеге бұртиып қалатын әдетім бар. Кекшілмін, анығы жамандықты есімде сақтап қала берем. Бұдан арылу өте қиын, себебі бұл табиғатымнан берілген мінез. Алайда, оның түп тамыры өзімізде жатыр. Өмірден ляззат ала алмағандықтан, өзек( стержень) болмағандықтан, тойымсыздықан, қанағатсыздықтан, күнделікті майда қуаныштардан рахат ала алмағандықтан болады екен.

Істеп жүрген  жұмысыңа, жалпы өміріңе көңілің тойып жүрсе, онда адам мейілінше ашық, мейірімді, жарқын болады екен. Ондай адамдар  шынымен сұлу және тартымды болады. Мүмкін ол адамның кереметтей тән сұлулығы болмауы мүмкін, бірақ одан шығып, шашырап тұрған позитив оны қоршаған адамдар көзіне сұлу қылып көрсетеді.

Гармонияға қалай қол жеткізуге болады?

Бұған әркімнің өз жолы бар. Менімше, сенім адамды толығымен үйлесімділікке жетелейді. Құдайға сенген адам, Құдайдан ғана жақсылық күтіп, не болса да, жақсылыққа екенін білетін адам өз өзімен, қоршаған ортамен үйлесімділікте болады деп ойлаймын. Мен оны аспаннан алмадым, тек сенетін адамдарды бақыладым, олардың өмірге деген көзқарасы, ниеттері мен ойлары, құлшыныстары, құндылықтары оларды ерекше сүйкімді қылып көрсетеді. Олардың бойында да ашу, ыза, кекшілдік болуы мүмкін. Бірақ, оларды мейілінше басады. Сабырға шақырады.🙂 Олардың өмірлерінің мәні бар және олар соған ұмтылады да.

Енді, сенімнен бөлек, гармонияға адамды не жетелуі мүмкін? Өз өзіне риза (мен жаманмын, мен сәтсіздікке ұшырай берем, мен білімсізбін т.с.с. жаман ойлардан аулақ жүру), істеген әрекетінен ляззат алу (жұмысын рахаттана істейтін, жемісін көретін, қуанышпен атқаратын) адам, бос уақытын жанына жағатын дүниеге жұмсау, өмірін қызықты қыла білу секілді күнделікті тіршілікке қуанышпен қарау алып баратын секілді.

Әр күн қабағыңды түйіп жүрсең, бәрін ашуың келіп, өзіңе өзің сыймай жүрсең, көрік қосылмайды, қайта тезірек әжем түседі. Әсіресе екі қас арасында. Оны мимикалық әжімдер дейді. :))

Бір ғалымдар тәжірибе жүргізген ұқсайды: бір нәрсемен айналысып (хобби), содан ляззат алатын адамдар ұзағырақ өмір сүреді екен.

Өз өздеріңізді тыңдай біліңіздер, көбірек позитив көріп, қуана біліңіз.

Үйлесімділікке қарай сәт сапар!

Сәлеммен, Мен🙂

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

3 responses »

  1. йә жаңа жыл қарсаңында тамаша жазба екен !!!Жыл шыға әр минут екі езуімді екі қулағыма жеткізіп журмесем бе? бәлем!!!

    Жауап беру
  2. Иә керемет жазба. Ойландырып тастады. Енді күліп жүрем. негізі осыны өзімде байқап ем көп нәрсеге ренжіп жүретін болсам терім қарайып, бетім сұрғылт тартып кетеді.

    Жауап беру
  3. Иә өте дұрыс айтасың! Айжаннұр ваще сенің блогыңды оқысам біртүрлі өмірге құлшынысым оянадыма… Менің блогыма кіріп шыққан адам кейін міндетті түрде сенікіне кіруі керек. Әйтпесе асылып қалып жүрер.))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: