RSS Feed

Жаңа жыл – жаңа өмір!

Жерімізді жеп алдық, ішерімізді ішіп алдық, енді тек жаңадан өмір бастау ғана қалды.🙂

Барлықтарыңызды жаңа жылмен құттықтаймын! Басты байлық денсаулықтарыңыз мол болсын! Қалғаны бола береді ғой.🙂

Жаңа жылдық дастарханның ауырлығын қазір көбі асқазандарында сезіп отырған шығар. Тіпті өзім мантыдан да, тәттілерден де, торттан да ауыз тимесем де, салаттарға тойып, әрең отырмын, анығы жатырмын (уайрлесс деген керемет болды)).

Ертеңнен бастап төмендегі тәсіл бойынша тазалануды бастаймын (мүмкін, кейінірек бастармын, қазір өзімше боп, солай жоспарлап қойдым ғой).

Жалпы адам ағзасына тазалану не үшін керек? Егер диета ұстаймын (диета тек арықтауға ғана емес, ем қондыру үшін де керек), оның нәтижелі болуын қалаймын деушілер болса, онда міндетті түрде тазалану керек.  Кір кір кесеге таза су құйғанда, су да кірленетін секілді, шлактарға толы ағзаға пайдалы тағам салғанмен, ол сіңбейді, жақсы қасиеттерін жояды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мынау:

бір кесе (екі жүз грамм) ақ кептірілген жүзім (изюм), бір қорапша (екі жүз грамм)  сенна шөбі, холосас (екі жүз елу миллиграмм) шырыны және су керек.

 

Жүзімді бір литр қайнаған суға салып, қырық бес минут бұқтырады, тағы бір литр қайнаған суға сенна шөбін дәкеге (марля) орап салады да, жарты саған тұндырады.

Кейін екі литр сыйымдылығы бар термосқа жүзім мен сенна тұндырылған сулар құйылады, үстіне холосас қосылады. Тұнбаның жалпы көлемі екі литрге жету керек.

Мен мұны әр күні таңертең аш қарынға жарты кесе (жүз грамм) көлемінде ішетінмін. Маған жиырма күнге жетпеді. Кейде артық іщіп қоя бергем. Тазалану кезінде не жесеңізде өз еркіңізде, алайда нан, тәттіден аулақ болған артық болмайды.

Ішті айдатады, сол себеп жұмыстағы адамдарға жарамайды. Өзім жұмыста болғанда әр жарты сағат жүгіріп жүрдім :))) Бірақ, пайдасы зор екен.  Біріншіден, бірнеше кг салмақ тастадым, екіншіден тәттіге қарай алмайтын  болдым, үшіншіден бетімдегі безеулер кетті.

Осыдан кейін кез келген қалған диетаңызға отыра беріңіз. Пайдасын бірден көресіз. Тазаланып қалған ағза артық тағамды талап етпейді. Жеңіл желпі тамақтануды өзіңіз де ұнатып қаласыз. ) Мұны да өз басымнан кешірдім. Жамандығын сезбедім.

Тұнба өте тәтті (холосас итмұрын (шиповник) өсімдігінен жасалатын щырын), сол себеп тазаланып болған соң тәттіге қарау мүмкін болмайды. )))

Сонымен, сәттілік тілеймін. Әдемі болайық, аман есен жүрейік!!!

З.Ы. мен мұны жарты жыл бұрын жасағам, енді уақыт келді, тағы бір рет қайталау керек🙂

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

9 responses »

  1. күшті екен! сенна шөбі мен холосас дегенді бірінші рет естуім)) қай жерде сатады?

    Жауап беру
  2. сенна шобі даріханаларда бар,озі сондай іш жургізетін шөп кой…
    Ал ана холосас дегенді кайдан алуга болады?

    Жауап беру
  3. Охо тазалануды ойлап жүр едім🙂 Тағы да бір көмек рақмет!

    Жауап беру
  4. Осындай процедурадан соң диетаға отыру шарт па? Жай ғана тазалап коя салса бола ма дегенім ғой :D?

    Жауап беру
    • тазаланған ішкі құрылыс өте нәзік келеді. Ауыр, майлы тамақты көтере алмауы мүмкін, сол себеп ептеп қана, ақырындап рационды өзгертуге болады. Мысалы, тазаланып болғаннан кейін мен күнде тәңертең бір кесе ыстық суға бір ас қасық “семена льна” салып, отыз минуттай бұқтыырып жейтін едім. Суын алдымен ішіп алу керек. Ол тура кисель секілді боп, қоюланады екен. Негізі, бұл тұнба асқазан қабырғаларына жабысып, кейінгі астың әсерін баяулатады көрінеді. Майлы тамақтан толығымен қоштасуға болмайды, тек “животный жир” орнына өсімдік майлары пайдалырақ екенін ескере отырып, соған көшкен жөн. Бір екі аптадан қайтадан ескі рационға көшуге болады.

      Жауап беру
      • Рахмет улкен🙂.
        Тағы да сұрақтарым бар еді:
        1-ші сұрақ: Андағы кептірілген ақ жүзімнің орнына қарасын пайдаланса болады ма?
        2-шісі: Сеннаның орнына кез-келген іш жүргізетін фито шай бола ма?

  5. jok. juzim ak bolu kerek, karasynyn kanty kobirek jane aseri bolek. senna wobi kop iw aidaityn wopterde bolady, alaida taza senna bolsa jaksy bolady.🙂

    Igiligine :))

    Жауап беру
  6. мен осы әдіс ұнады🙂 ауыртпайтындар қатарынан😉

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: