RSS Feed

Аласа болса бойыңыз ))

Мен өзімді бойы кішкентайлар қатарына жатқызам. Бір де жетпіс болсам деп армандайтынмын, болмай қалды, ұзындығым бір де алпыс бір, кейді бір де алпыс үш боп қалды.

Бар бойдан шамалы болса да биіктеу көріну үшін тиинэйджер кезімде “платформа” киетін едім. Қазір қандай бассыздық жасағаным түсінікті ғой. Неге? Өйткені ірі платформа “Мынаның бойы тапал, сол үшін киіп алды” деп айқайлап тұрған секілді (нәзік танкеткаларға еш қарсылығым жоқ). Мысалы мынандай:

Сонымен, АЛЛА берген бой бар, біреуге ұнайды, біреуге проблема (мен секілді “маньяк перфекционист” болса, ҮЛКЕН проблема).

Аласа бойлы қыздардың өкше кигені абзал әрине, алайда ол тым биік болмауы керек. Ең биік дегенде он см. Содан кейін “бой жейтін” киімдер: кең етек юбкалар, горизонталь жолақты киімдер, ірі белбеулер, гольфи, ірі суреті бар колготки, бриджи, “лодочка” деп аталатын жағасы бар көйлек топиктер, мойынды қылқындырып тұратын әшекей бұйымдар, шляпкалар.

Не киюге болады?

Әрине, ашық түсті киім (әрине артық салмақ болмаса), вертикаль жолақты киімдер, кеудеден сәл түсіп тұратын моншақтар, белдемше (юбка) болса, тізенің ортасына дейін, карандаш пішінді, V секілді жағасы бар топик көйлектер, аяқ киім, мысалы туфли не болмаса жазғы танкетка болса, өкшесі он см артық емес, тобықтан байланбайтын болу керек.

Мынау жарамсыз:

Мына төртеудің үщеуі жарамсыз, тек оң жақта жоғарыда ақ өкшелі ғана жарамды:

Етік болса да, принцип біреу, вертикаль сызықтар, баулар, суреттер болмаууы керек, бір түсті, тізеге дейін, тізеден асып кеткен “батфорты” бойды тым қысқартады.

Ірі тоқыма, үлкен қалтасы бар, дәу түймелері бар киімдерге табу! Ірі рюшкалар, тым ұзын туникалар мен сарафандар, бәрі бәрі бойды одан да бетер кішкене қылып көрсетеді. Киім жұмсақ, жібек тектес, жеңіл матадан тігілгені жақсы. Тіпті дорбаны (сумканы) тым үлкен алуға болмайды.

З.Ы. Бойым кішкене екен деп қиналып жату керек емес. Есте сақтау керек: кішкене бойлы қыздарға жігіт табу жеңіл, өйткені біздің елде жігіттердің орташа бойы бір де жетпістен сәл ақ асады. Сол үшін қыздар, амур жағын қайғырмаңыздар )))

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

7 responses »

  1. менің бойым сенікінен де аласа екен)) бірақ биік өкше кие алмаймын, ыңғайсыз, керісінше, балетка, угги, кеды секілді аяқ киімді жақсы көрем)

    Жауап беру
    • ну, саған ұнаса болды да ))) Өзіңді өз денеңде ыңғайлы сезінсең, келісімде болсаң, бәрі тип топ қой!
      Мысалы мен каблуксыз жүрсем, аяғым ауырады. Майтабанмен ауырады аяқтарым )))

      Жауап беру
  2. мен осы жолы каблуктарды алып жатырмын тек киюге келгенде тормоз боп жүрм бірақ, балеткама жүгіріп:))).
    Тура ана жоғарыдағыдай нәрсе алғам жазда, жақында ана ақ табанға келетін модельді туфли алдым, прям армандаған туфлиім еді, блогыма ілермін бір күні:)))

    Жауап беру
    • Маған жоғарыдағы платолар онша ұнамайды. Мен де сен ұқсап көп биікөкшені жинап алып, ескі жайтабан аяқ киімдерімді киіп алам. Жалпы жазда биікөкшені жиі кием.

      Жауап беру
  3. Қыз болып тумағаныма қуанып отырмын)))

    Жауап беру
  4. Менің бойым өзіме жетеді, (174) бірақ сонда да бойы ұзын қыздарға қызыға беремін.. Әсіресе, орыстың ұзын-ұзын қыздары жаныңда өтіп бара жатқанда…

    Жауап беру
  5. канша биік кисем де бойым кішкентай сиякты, бірак автобуска мінгенде кейбір кыздардын тобесінен қарап тұрып ррриза болам да, ниче екем го деееп))))))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: