RSS Feed

Көктем келе жатыр)

Сәлем, сәлем! Қалдырың қалай? Бәрі де супермега жақсы деп ойлаймын))

Мен көптен бері жазба жариялау түгіл, сүйікті блоггерлерімнің жазбаларын оқуды да қойдым. Оған себеп пәтер ауыстыру. Кедеймін десең көшіп көр демекші, қайдағы жоқ бітпейтін нәрселер! Қорапқа салумен екі күн өтсе, оны көщіруге екі күн жұмсалды. Шығарып, орналастыруға да екі күн кетті. Сонымен бір апта өтті де кетті((

Бірақ, Алла деп көшіп алдық, енді күнделікті өмірге қайта оралуға болады.)

Сонымен, сұлулыққа да бет бұру керек боп тұр. Көктем де алыс емес. Уақыт тым тез секілді. Бұрын қыс деген ұызннан ұзақ секілді еді, енді міне бір айдан аз уақыт қалды)

Көктемде бәріміз де құлпырып қалғымыз келеді. Қыс қамын жаз ойла дегенді өзгертсем, көктемдегі көркіңді қыста дайында дер ем))

Сол ертеңнен бастап “кардинально” өзгерістерге бет бұру мақсатым бар))

Кім менімен бірге? )

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

10 responses »

  1. men (kolin koterip turgan smailik)

    Жауап беру
  2. Я, я деп секіріп қоймаған ба? дұрыс болған екен, қонысың жайлы болсын! біз де көші-қонның зарын бір кісідей біліп қалдық, мен де ай бұрын көшкем, алғаш рет квартирге шықтым.

    Жауап беру
    • алғаш рет көшсең бақытты екенсің. Мен студент кезімнен Алматының тесік тесігін аралап келемін)) Тұқымымызда болғасын ба, әйтеуір түк қиналмаймын. Өзгерудің басын бастап, бүгін шаш қиғызып едім өзіме түк ұнамады. ((

      Жауап беру
  3. Әрине, жан баласы,әсіресе қыздар көктемнен жаңалық, жақсылық, көрік, өзгеріс күтеді. Мен де шашымды аздап өсіріңкіреп жүрмін, басқа бір үлгіде қиямын ба деп. Айтпақшы, қоныс құтты болсын.

    Жауап беру
  4. base joq bop kettin
    qutty bolsyn qonysyn! malades

    Жауап беру
  5. Қонысың құтты,қайырлы болсын! Қарағандыда көктемді наурыздың ортасынан бастап армандауға болады.

    Жауап беру
  6. Менде өзгергім келіп жүр. Шашым түк өспей қойды. Оны өзгерту проблема. Боясам ба екен?:))

    Жауап беру
    • сәлем! Өзгергің келсе, жаңа мэйк ап қолданып көр, шаш бояуға болады әрине, бірақ көптеген жағдайларда көңілден шыға бермейді, сол себеп бар шашыңды қинама)
      Мэйк ап, жаңа тон, тіпті стильді де өзгертіп көр. Бір апта бойы жаңа стильді сезінуге тырыс, сосын тағы өзгерт, көресің жайнап кетесің)))

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: