RSS Feed

Бақытты болуға шақ қалдым)))

Сәлем әлем – уордпресс)))

Қыздар, қалдарыңыз қалай?

Қарақызға ерекше сәлем) Түрін көріп, танысып алған соң жақын көрінеді екен. Астанадан екенін білмедім, болмаса бұрыннан ақ кездесіп қалар ек қой.

Кездесу өтті. Керемет болды. Әйтеуір көрер адамдарымды көрдім, таныссам екен деп армандаған, қазақ интернетінің “легендасы” Асхат ағаймен қауыштым, Үнді фильмі жағынан соулмэйтім – Өркенмен жеке көрістім, шүкір. Көңіл күйім сол күні  супер болды.

Кездеуден кейін сүйіктіммен кездесіп, гүл алып, сол бір кеш мүлдем ұмытылмайтындай болды))

Енді бақытты болуға осыдан артық не керек деп сұрақ қоюға болады ғой.)) Еш нәрсе деп жауап берер ем, егер айнаға қарап өз өзіме көңілім толса. Бірақ, көңілім емес, денем толып барады. Бәрі дәрінің кесері ғой. Дәрігерлер тағы да гармональді дәрі жазып берді, ішпесем болмайды, ішсем түрім анау. Қысқасы, құрдым деген жерім осы боп тұр. Жесең де тамақты домалақсың, жемесең де сопақ болғаның шамалы)))

Енді үміт көктемде. Бұйырса, жазылып кетсем, қайтадан салмақтан арылудың миллион жолын іздем, эксперимент жасап, шейпинг пен фитнесстен бастап, йогаға шейін жететін мақсатым бар))

Қазірше, суретке түспей, айнаға көп қарамай жүре тұру керек боп тұр)

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

17 responses »

  1. Танысқаныма қуаныштымын, әлі талай кездесулер болад деп сенем:)

    btw, жақында ғана йогаға арналған кілемше сатып алғам, көктемде пайдаға асар деген үміттемін;)

    Жауап беру
  2. Оқасы жоқ, бәрі де жақсы болады, ең бастысы сүйіктің болса болғаны

    Жауап беру
  3. Арықтар сұлулық эталоны дегенді кім айтқан? Ешкім де, так што, табиғаттың өзі үйлесімді қылып берген сұлулықты солай қабылдау керек, әркімнің өз изюминкасы, өз ерекшелігі болуы керек, жалпыдан жалқы артық. Бақытты болыңыз!!!

    Жауап беру
  4. Қыздар, йогаға қайда бармақсыздар?

    Жауап беру
  5. Негізі инструктор шақыртып жұмыста кешке йогамен айналыспақшы едік, кілемшені де соған алғам, алайда адам саны жиналмай, іске аспай қалды… Енді бұйырса көктем шыға жазылсам ба деген ой ғой… әзірге білмеймін қайда баруды.

    Жауап беру
  6. Шынымды айтсам, екеуіңде де танымай қалдым. Интернетте Вика (аватарындағыдай) қазақша көйлегімен жадымда сақталса, Айжаның шашымды қидым, орамал тақтым деп сосын сән әлемінің түрлі жайын баяндаған соң тіптен миым мл-мл (оның не екенін altygradus біледі) болып кеткен. Басында Айжан дегенде мән бермей, кейін Айжаннұр дегенде барып, қуанып кеттім. Ал Вика соңынан өзі келіп айтпаса, бұл кім еді деп отыра берер ме едім🙂

    Общым, бәрінен де сендердің келгендеріңе қуандым. Шынымен де ниеттестікті, тілеулестікті сезінгендей болдым. Қысылмай, қымтырылмай арасында ән саламыз десеңдер де сөз берер едік қой🙂 Енді үнемі бір-бірлеріңмен байланысты болып тұрарсыңдар деп үміттенемін. Қазақтың қызы болса, өздеріңдей-ақ болсын!!!

    Жауап беру
    • aha, surette vawe baska bop wygam da. meni tugan anam aren tanidy :)))))
      Men de Bikany tanymai kaldym bar goi :))) Rasynda ana surette vawe baska eken.

      Barinen sizdin, Orkennin kelgenine kuandym. Agailardy tani bermeim de goi. Arshat agaidyn esimin gana bilem ( anygy bylai jakyn soilesken emespin degenim goi)

      ALLA jazsa solai ak bolar. Aralasyp tuamyz da dep umittenem.
      Sol kundi kalai kutkenimdi bilseniz goi. Tezirek erten bolsyn dep tilep jurdim :))))

      An salyp ketsek kyzyk bolar edi auDD Siz bizden kawyp keter ediniz dep oilaimyn:)))

      Жауап беру
  7. Тезірек жазылып кет!

    Жауап беру
  8. толып кеттім деп қапаланба. Мына жақта тола алмай жатқан адамдар бар екенін ұмытып кетпе.)) Айтпақшы, Астанада жақсы ега болса айта салындаршы менің әпкем іздеп жатыр еді. Елдің бәрі ег болып кетіпті ғой өзі.

    Жауап беру
  9. Ең бастысы деніңіз сау болсын! Ден сау болса бәрінде жеңуге болады. Тезірек жазылып, мақсатыңызға жетуіңізге тілектеспін!)

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: