RSS Feed

Әтір, әтір, әтір))))

Әтір, әтір және тағы да әтір)

Жақсы, сапалы, қымбат иіс су болсын, әтір болсын кез келген қыздың көңілінен шығатын сый деп білемін. Алайда, әр біреумізге әр түрлі иістер ұнайды. Мен сендерден сұрайын дегем, қыздар мен жігіттер, өздеріңнің сүйікті иіс суларың мен әтірлеріңді жазып кетсеңіздер. Не үшін ұнайды, қанша тұрады, қандай иіске ие.

Өзім ақ бастайын:))

Алдымен, Джей Ло Live

иісі тәтті, бағасы қымбат емес 50 доллар шамасында, ұзаққа дейін иісі сақталады. Алғашқы әтірлерімнің бірі. Таусылғанда қатты қиналғаным бар. Астананың француз үйінен де таппадым. Жаңа түрлері бар екен, бірақ дәл мынандайы жоқ боп шықты. Қыста тәтті, жазда керісінше, шамалы жалбыр иісі сезілетін, сергек иіс суларды жақсы көрем, сол себеп мына әтір – қыстық нұсқа)))

Келесі әтір тағы да “тәттілер” қатарынан Escada Marine Groove .

100 мл сүйықтық -50-60 жасыл ақша тұрады. Негізі маған ұнайды. Бірақ артық сеуіп қойсаң, басың ауырып, құсқың келіп, қысқасы уланып қалуға болады))) (өз басымнан өткен). Алайда, әр бір қызда маст хэв дүние бұл)

Үшінші әтір Armani Sensi. Бұл әтір шамалы ересек әйелдерге арналғандай боп сезілді. Иісі ауыр, тәтті де! Сол әтірді иіскесем көз алдыма қымбат киім киген, гауһар тасты әшкейі бар әйел келеді)))

Келесі әтір Диордың Жадор иіс суы) Оны бәрі білетін секілді. Күнделікті өмірде қолданбаймын. Себебі қымбат және бұл әтірдің иісі де ерекше күндерге арналған секілді))) Бағасы 150-200 доллар 100 мл үшіш. Жалпы Диор Сән Үйінің ұсынатын әр бір иіс суы болсын, әтірі болсын – ғажап болып келеді. Классикалық #5   әр бір бикешке ұнайтын сияқты.

Диордың маған ұнаған тағы бір туындысы: Диор Аддикт (алқызыл). Сол бір әтірмен ең күшті естеліктер сақталған жадымда. Мүмкін содан болар осы әтірге ықыласым ерекше))

Енді тағы бір иіс су – Донна Каранның Би Делишиоус. Оны маған қасында денеге арналған гель және кремі бар қобдишада сыйлаған еді. Өткен жазда қолданған әтірім сол. Иісі аса тәтті емес, анық алманың иісі шығады. Денеде иісі ұзаққа сақталады екен. Әсіресе гельімен душ қабылдап, крем жағып, ақырында бір екі тамшы әтір қолдансаңыз екі күнге шейін сақталады)))

Осы әтірдің  “фэйк” түрін оригинал деп сатып жібермекші еді бірде маған біреу)) Бірақ, фэйк әтірден алманың емес, қиярдың иісі аңқып тұрды. Жанымда осы әтір болғаны жақсы болды, екеуін иіскелеттіп, манағы адамға түсіндірдім. Таң қалды. )))

Сонымен, сіздер қандай әтір қолданасыз?

З.Ы. Айтпақщы, жігіттердің иіс суының ең кереметі – Клиник брендінің Хаппи иіссуы)) Иіскесем басым айналады – соншалықты қатты ұнайды))

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

15 responses »

  1. ооооо, DKNY үшін респек, ол менің әң жақсы көретін иісім!!!

    Жауап беру
  2. тәті исуды иітше жақсы көрем))))

    Жауап беру
  3. Туу, талдап тастапсың ғой, бұрындары ұнатушы едім әтір дегенді, Орифлэймнің “Glacier” дегенін біраз жыл тұтындым, одан кейін Кэнзо, одан соң жеңіл дезодоранттарға көшіп кеттім

    Жауап беру
  4. Әтірге аллергия сияқты бірдеңем бар – ұзақ пайдалансам асқазаным ауырад (күлкілі ия:)) Тіпті өзім түгіл өзге адамнан қатты сезілсе шыдай алмаймын. Сондықтан, Өркен айтпақшы жеңіл, ұзақ сақталмайтындарымен шектелем.

    Ал мектепте оқығанда көп шашатынбыз, қазір ойлап отырсам қызық… Сосын әрбір әтірдің иісі соны пайдаланған кезді, көңіл-күйін, әсерлерді бірден еске салатыны да бар…

    Жауап беру
    • hehe, kyzyk eken. birak ol jagdaidy tusindiruge bolady. atirdi kundelikti kop paidalana bersen basyn ainalyp, kuskyn kep ketetin kezder bolady. Nege? Sebebi muryn uirenip ketedi atirge, sol sebep kun saiyn kobirek koldanuga tura keledi. Sodan agzamyz “ei, jyndysyn ba?” dep aikailai almagandyktan sondai jauap beredi :)))))

      Men mektepte kaita kop koldanbaitynmyn, kein goi atirmaniya paida boldy :)))

      Жауап беру
  5. институтта оқығанда алма иісті DKNY, Диордың Жадоры, Шанельдің бірнеше духинын пайдаланып, ақыры осы маркаға тоқталғам. Бірақ, институт бітірген соң иіске сезімталдығым пайда болды. Қазір өзім сеппек түгілі, себінген адамның қасында жүре алмаймын. басым ауырып, көзіменен жас ағып, мұрыным бітіп қалады. ((

    Жауап беру
  6. Так.. мен өзі көп иіссулар сеуіп тастадым дей алмаймын, сонда да қолданғандарымның қатарында Kenzo Leau par, D&G Light blue, Max mara бар. Лайт блюга не жетсін?! Иісі жақсы, жүректі де онша көтермейді, басты ауыртпайды. Кензоға көңілім қалды, менің иісім емес қой деймін. Max mara silk touchқа орташа.
    Қазір жеңешем берген Incidence деген иіссуды қолданып жүрмін. Иісі басында қатты ұнап еді, қазір жалықтым ба қашан таусылады екен деп күтіп жүрмін.

    Негізі өз басым иіссуымнан пудраның иісі шыгып тұрса екен деймін н/е жаңбырдан кейінгі озонның иісіне ұқсас иісті іздеп жүрмін, білсеңіздер айтыңыздаршы. :))

    Жауап беру
  7. мен духиды түк көрмегендей құйыыыыеееееп сеуіп аламын, кейде озім басым айналады, даже туалетке кіріп шықсанда, духиын иісі туалетте қалады деп журеді жұмыстағылар, ал ол деген мақтаныш қо -,)))))))))))))))), духиды олтіріп сеуіп алып, шайнаң-шайнаң орбит шайнап, наушникпен музыка тындап, алемнін жарығы боп журген унайды маган.

    Жауап беру
    • умтып кетіппін го, сондагы себетіндерім, “kiss” квадраный красный, nina ricci. яблоко, малинасын суканым суймейд, ал мыаны estee lauder. онша унамасаа бір белгілі улкен кісі сыйлагасын сеуеееп журмин.

      Жауап беру
  8. Gucci envy me ұнайды. Алайда бағасы қымбаттау мен үшін. 7500 тг төңірегінде. Бір рет алып, одан кейін соны алуға өзімнен қимаймын ))))
    Үйде мамамның сүйікті әтірі Eclat Орифлеймдікі бар. Соны сеуіп жүре берем, үйреніп те кеттім )

    Жауап беру
  9. Бұл менің сүйікті тақырыптарымның бірі!!!!
    Не көп әтір көп, қолданбай қалғаны одан да көп.
    Мысалы Дольченің Лайт Блюі ұнамай қалды. Қазір қолданбайм.
    Ив Рошенің Евидоңс дегені, Мэкс жатыр сыйға келген.
    Джей Лоның Стил деген лимиткасын әлі де іздеп тауып қолданам. Ылғи менің репертуарымда қалатын әтір ол Жадор. Шисейдоның Zenін қолданам. Жазға таман Шанельдің Eau Fraiche дегені не Коко Мадмуазелін, екеуінін біреуін алмақшымын. Ал тағы бір ұнаған иіссу L’Eau d’Issey Fleur және Chloè. Жаза берсең шыға береді.😆

    Жауап беру
  10. Burberry Weekend мен үшін ең ең иіс су соңғы кезде, бітпей тұрып басқасын ап қойдым:). Одан басқа барберридің тағы бір сырты матамен оралған иіссуын сеуіп жүрмін. Ал ан жасыл алма менде де бар етін, осы жолы Алматыда қап қойды:).Ендігіде барберридің розовый түстісін алатын шығармын сосын бест оф деген жаңасын, жалпы барберридің иіссуларына құлап жүрм соңғы кезде:).

    Жауап беру
  11. Парфюмға қатты құламасам да, ең кемінде біреуі болуы керек деп есептейтінмін. Жылдар өте келе өз колллекциямды маусым ауысуына қарай өзгертіп, жаңартып отырғанды дүрыс деп ойладым. Қазір қолданып жүргенім – Мерикейдің Джорниі, сосын Нина Ричидің Премьер Журі және Кальвин Кляйнның Эйфориясы.
    Ал мен үшін арман болған әтірлер мыналар: Селин Дионның ‘Belong’ы мен Helena Rubinstein “Wanted”ы.
    Маған осы екеуіне қол жеткізуге көмектерің тисе, рахмет айтам!

    Жауап беру
  12. О, әтір! Тәтті иістерге онша қызықпаймын. Жүрегім айнитын сияқты. Маған мужскойға жақын “холодный” иістер ұнайды. Бұрындары кейде ағамның иіссуын сеуіп алатын едім.🙂
    1. Диордың Жадоры. Ұмытпасам, 16 мыңға алдым ғой дейм, сосын мерекелік күндері себемін. Күнде себуге қимай жүрмін.
    2. Мерикейдің Джорниі ұнайды. Күнделікті себуге жарайды.
    3. Әрине, Каролина Херера. Аты осылай аталатын болуы керек, томпақтау келген, сыртына қызғылт жапсырма қағаз оралған. 8-наурызда досым 50 мл түрін сыйға тарту еткен, содан бері ылғи соны сатып алатын болдым. Күнде қолдансам да, жалыққан емеспін.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: