RSS Feed

Көктемде не киеміз?

Алдымыздағы таяп қалған көктем мен жазда сәнге не кіреді екен деп ойлап жүргенде, әлемдік сән үйлері өздерінің көктемдік сәнге деген көзқарасын подиумдарға шығарып үлгеріпті. Аман бол, FashionTV! )

Сонымен,  алғашқылардың қатарына италияндық сән үйі “DOLCE & GABBANA”. Қос ғашық жігіттің жеке өмірімен қатысым жоқ, бірақ киім үлгілері көптеген сәнқойлар жүректерінің тезірек соғуына ықпалын тигізетін секілді. Бұл жігіттердің пайымдауынша осы маусымда нәзіктік пен пәктік суырылып, көшбасшы болмақ. Мұны олардың келесі look-тарынан көруге болады:

Қолданылған маталары көбіне өте жеңіл, жібек пен шифон, органза секілді нәзік және жұмсақ. Нәзіктік дегенде әрине алдымен көз алдымызға ақ түс келеді. Пәктіктің белгісі болғандықтан, ақ түс тек қана осы коллекцияда емес, өзге дә сән үйлерінің киім үлгілерінен көругу болады.

Принтке келетін болсақ, онда осы көктемде құлпырған гүлдердің арасында тағы бір гүл болып жүруге болады. Себебі ең сәнді принт – гүлдер! Оның үстіне жылан принтінің уақыты келген секілді.  Жалпы бұл жігіттердің ұсынған барлық коллекциясы ғажап дер ем.

Келесі сән үйі Gianfranco Ferre. Бұл да италияндық сән үйі. Жалпы италияндықтар сән дегенде Франциядан да озып бара жатқан секілді)

Бұл ағайдың (дүниеден 2007 жылы өтті) сән үйі ұсынған көктем – жаз 2011 көрсетілімінде де ақ түс басты рөлде болды. Әрине, қыстан кейін, ауыр түстер: сұр мен қоңырдан жалыққан дизайнерлер , жеңілденіп қалғысы келген секілді. Алдындағы жігіттерге қарағанда бұл сән үйі анық пішінді, тігісі нық киім үлгілерін көрсетті. Бұл киімдер нәзіктік пен қаталдықтың екі ортасында дер ем:

Келесі сән үйі бәрімізге әйгілі CHRISTIAN DIOR! Алдыңғы екі сән үйіне қарағанда бұл бренд атымен шығатын дизайнерлер табиғатта бар барлық түстерді қолдана алған. Тіпті кей кездері барлығын “быламық” қылып, араластырып, ерекше сәнді look жасай білген секілді. Әдеттегідей, “Браво!”:

Жоғарыдағы нұсқалар көзге түсетіні анық. Көктемге бізге сол керек қой.)  Бұл модельдерде де нәзік және жұмсақ, мөлдіріп тұрған секілді маталар қолданылған екен.

Алайда, бұл сән үйі де ақ түстен бас тарпаған ұқсайды. Тотал лук болмаса да, кейбір элементтер ақ түсті матадан тігілген екен:

Теңіз флотының әскери бас киімдерін негізгі элемент ретінде қолданған бұл сән үйі, маған американың 20-30 жылдарындағы сән үлгілерін еске салды. Шаштары да сол заманға сай секілді.

Сонымен, Диор ақтан басқа да түстер бар екен еске салып, көктемде мейілінше  көрікті болуға шақырады.

 

 

Chanel дегенде селт етпейтін бойжеткен кем де кем секілді. Бұл сән үйінің ақыл кеңесіне құлақ түрмеген қыз аз ау)

Бұл сән үйі қашанда классикаға жақын. Коко ханымның өзі де экстравагантты киімдерден гөрі, “кішкентай қара көйлек” сияқты киімді ұнатқан екен. Шанель ханымның салып кеткен сара жолынан таймаған дизайнерлер осы көктем мен жазда киілетін киімдер келесі үлгілерді ұсынды:

 

 

 

 

Твид типтес бұл мата қаншалықты ауыр көрінгенімен, іс жүзінде жеңіл болуы керек. Немесе ашық, нәзік түстер арқылы жеңілдік беріліп тұрған секілді. Қалай болғанда да жоғарыда көрсетілген киім үлгілері жұмыста жүрсең де сәнді болуға болатынын көрсетеді.

Гүлдерден көктемгі коллекцияда бас тарту мүмкін емес қой. Сол себеп Шанель сән үйі гүлді принті бар келесі үлгілерді ұсынды:

Бірақ, атап өткен сән үйлеріне қарағанда Шанель сән үйі ашық түсті гүлдері қара фонға түсірген екен! Бұл ғажап шешім, әсіресе мұндай көйлектер кеші ас пен мерекелік жиындарға арналған таптырмас киім.

 

 

 

Қара түсті жақсы көретіндер үшін де бұл көктемде сәнқойлар қатарынан табылуға рұқсат. Олай дейтін себебім мына көйлектер:

Ғажап емес пе? Тотал лук болса да, қазаға киетін киімдей болып көрінбейді. Барлық мәселе әшекейлерде екені рас енді.  Матаның фактурасы да маңызды екенін ұмытпаған жөн.

Әрине, қазір ақ Париж бен Миланға барып, чемодандарымызды осындай көйлектерге толтырып қайтсақ қане) (армандап отырғаным ғой))). Алайда, ондай мүмкіндік жоқ. Ал барлар, менің жазғанымды оқып отырмас! Бутиктерге осы типтес киімдер жуырда түсіп қалар, себебі бұл сән үйлерін еліктемейтін маркалар жоқ. Қырғыз ағайындарымыз да базарға ұқсас үлгілерін үйіп төгіп тастайтынына күмәнім жоқ. Сол себеп, мыңдаған жасыл ақшасыз ақ осы көктем мен жазда сәнді боларымыз анық! Базарлағаныңызда осы бір ақпарат пайдалы болар деп үміттенемін.

Сәлеммен,

Мен)))

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

One response »

  1. Диордың 4 қыз тұрған суреттегі 4-шісі тема көйлек кен, сондай ұнайТ!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: