RSS Feed

Неге бәрі бұрынғыдай? немесе салмағым кетті, проблемалар – жоқ.

Сәлем, сәлем )

Елде сайлауға дайындалып жатса, мен деген көктемге дайындалумен жүрмін) Әркімге өз қажетіне қарай ғой. Екеуміздің кіші ғана мемлекетемізде мен жалғыз және мәңгіге сайланған президент болғым келеді! ))) Басқа кандидатуралар қаралмақ түгіл, ойға да кіріп шықпау керек. Жарайды, бұл жай, кішкене шетке ауытқушылық дейік. Басты тақырып –  артық үміт арту. Біреуге емес, өзіңе. Әсіресе, салмақ тастап (өзгеріп, шаш қиып, жаңа көйлек алып, супер сәнді маникюр жасап) болғаннан кейінгі денеге артық үміт арту.

Негізі, көп қыздар жеке өміріндегі көп мәселелерді сырт бейнесінің “мінсізсіз” болғанынан деп ойлаймын. Сол себеп, сол бір дене мен бетті, шаш пен тырнақты “almost ideal” жасап алған соң, өмірі керемет өзгеріп, бұрын сүймеген адам, бірден ғашық болып, коллегаларымен қарым қатынас түзеліп, үй ішінде береке, түзде мәңгі мереке боп кеткенін күтеді. Көп нәрсе бәз баяғы қалпында қалғанына көздері жеткенде, өз өзіне жек көрушілік, немқұрайлық пайда болады. “Менің қолымнан түк келмейді” немесе “Мен сол баяғы ұсқынсыз адаммын” деген секілді негативті ойлардың астында бүркеніп жатып алады. Жай жатса жарайды ғой, біреулер қастарына килограммдап кәмпит- сәмпит алып, тағы біреулер “нервсы ойнағандықтан” тырнақтарын тістеп, өз өздеріне қастандық жасай бастайды. Мұндай адамдарға дұшпан да керек емес. СОлардың бірі мен) Өзім де кей кезде осындай күйге түсіп кетем. Бірақ, бәрін қайтадан бастауға шаршамаймын. Мүмкін бәрі де менің зодиак белгіме байланысты шығар?)) (өз өзіңе сылтау іздеп, жұбатпасаң , басқа біреу осы ауыр жұмысты атқармайды ғой).

Сонымен, өзімнің ашқан бір “жаңалығым”:

25 келі салмақ тастасаң да, сұлулардың сұлуы болып кетсең де,  негізгі өмірің аз өзгередіү Бұрын қарамаған адам, сол қалпы “тасжүрек”, коллегаларың одан сайын жаман көріп кеткен секілді (не олар көре алмай қалды, не өзің “супердива” болып кеттің, не екеуі бірге),  үйде де, түзде де бәрі баяғы қалпында. Себебі, сыртқы пішін өзгергенмен, ішкі дүние сол ғой. Мінезді өзгерту, рухани баю үшін, тәтті мен наннан бас тартқаның бекер. Оған басқа азық, басқа нәрсе керек екен. )

Кейде ойлайсың “Фу, жап жаман қызды мына сұлу жігіт қалай таңдап жүр?” деп (хехе, бізге қараған талай қыз солай ойлаған шығар ау), бірақ адам  ішкі дүниесімен көрікті екен. БІРАҚ солай екен деп өз өзіңді жұбатып, семіріп, быт шыт болып жүруге болмайды.

Айтпағым, барлық өзгерістерді тек өзің үшін, алдымен денсаулығың үшін жасау керек. Бар мақсат сол. Басқа мотивтер мен мақсаттар – жалған.

Сәлеммен,

Мен.)

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

2 responses »

  1. очм рахмет. сенің диетаң жақс кен. Тазалану да кермет тәнге ауырлық түспей😉 бәрі алда жарылқасын! Блогкемпке келмейтінің жаман болған екен😦 сені көремін бе деп қолымды ысқылап отсам мына жақта)))

    Ренжіме артық кетіп қалып жатсам😉 негізі үйдегі тәрбие кішкентай кезден, көп мән беру керек сияқты. Мені ешқашан сұлуым деп аймаламасада шешем(бірақ сұлумын ғо айтсада)))), ақылды/білімді болып көрнуге тырсам, себебі ақылдым/ау деп сүйеді. есесіне, нандай нәрсеге бола бас қатырып, тығырыққа тіреліп жатпаймын. Менің маман ретінде, білімді адам ретінде ой көп толғандырады…🙂
    сосын комплекстерге қазақ халқы өте/мөте малнып қаған халықпыз ғо (((. не болса соған ренжіп🙂 бұрындары мен тіпті. қасымдағы орыс апа менің сәлемімді алмады ғо депте күйнетінмін. кейін кетчнак* деп қол сілтеймін.😦 неге? себебі, көңіл/күйді өз/өзіме сыйламасам ешкім маған дарить етпейді😉
    Сосын көбіне, постарыңда сен, бәрін біреу үшін істеп жүргендей боласың, өзің айтпақшы шын көңілің толады ма? садо/мадо болып арықтап жатқаныңа? егер жоқ десең, таста бәрін, томпиыпта сұлу/сүйкімді болып көрнуге болады. әрине, елдің бәріне емес тағы.))) бұл елге жағып боламын дегенше, парижге 4 мәрте жаяу барып келген артық))) Бірақ мен кімге айтып отырмын ә? өзімде толған компекстер. шын сен, бірақ сырт бейнем басты назарда емес мен үшін, ішім артық болса болғаны. а так 1 апта бойы киімді ауыстырмай жүре беруімде мүмкін)))) тек рухани кайф алсам болғаны🙂 әй/әй қанша дегенмен қатты романтиксің бе сондайсың ғо🙂

    замандас пікірі деп ұғарсың менің коментімді😉,
    Былай жақсы қыз сияқтысың, “в голове масло есть” дегендей)))

    Жауап беру
    • Bireu uwin jasau uwin sol bireu bolu kerek koi, ol adam bar. Aldymen ozim uwin deim, birak wynynda sol adam uwin gana. Sogan unasam eken, ol muny bilmeidi goi. :))) Ozin gana aimalap, ozin gana jaksy koretin kyz dep biledi ol meni, alaida astaryn da ugady au dep umittenem,
      Oz ozime ewkawan konilim tolmaidy, tolyk bolsam da problema, aryktasam da problema. aiteuir bir min tabamyn da juremin.
      Akyldy dep megasuper akyldy da emespin, aiteuir bari de ortawa :)))

      Negizi men jaily kobine adamdar ” bez carya v golove” deitin sekildi.🙂 Maslo turaly algaw estuim, rahmet😀

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: