RSS Feed

Көктемге дайындық)))) (диета ғой баяғы)

Сәлем)

Алақай! Ертең өтсе, кейін көктем) Көктемге дайын емеспін, бірақ Астанаға нағыз “жеңіл көйлек” көктем келгенше уақыт бар. Бүгін дүйсенбі, яғни жаңа диета бастауға керемет күн.) Мен соны пайдаланып, анығы сіңлім екеуміз, перловка диетасына отырдық.

Қарақұмық (гречка) удай қымбат боп кетіпті ғой, келісі 600 теңгеге жетіпті, сол себеп “эконом” вариант – перловка. Кешкісін тазалап, суға бұқтырып қою керек. Таңертең тек суға пісіріп алу керек. Болды. Осыдан басқа еш нәрсе жеуге болмайды (тіпті “не тянет)), өте тойымды, артық дәмі жоқ. бір аптадан соң жазамын ғой результатын. )

Ерінбейсің дейді бір адам маған, расында, осындай істе ерінуге болмайды екен. Әйтпесе граммдап кеткен салмағың, келілеп қайтып келеді, оның үстіне қасына “достарын” да ерітіп келеді ғой сұмырайлар.

сонымен, күт мені жайдарлы көктем деп, Амантай ағамыздың “аттанын” сұрай тұрып, уақытша қолданысқа, кеттік сұлулануға.

Пы.Сы. Айтпақшы, өткенде сіңлім геркулесті айранға бұқтырып қойған ғой жеймін деп, сосын ұмытып кеткен, ал есіне түскенде тәбеті “тәттіге” ашылып кеткен екен. Соны обал болмасын деп ванна қабылдағанда бетке, денеге жаға салғам, ниче так, жап жақсы боп қалдым терім. ) Жұмсақ скрабтың рөлін керемет орындап шықты, ал айранның ғажабы айтпасам да белгілі ғой)

 

Әдемі болайық)

Сәлеммен,

Мен!

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

One response »

  1. гречка алты жуз боп кетип па не???? маскара! біздін уйдін жаныдағы магазинде картоптын кг 190 тенге болыпты. (((((
    перловкадан баска сусындардан не ішем? Дурысы куриш шыгар а Айжаннур? бірак мен диет устамасамда арыкпын, кыстан азер шыктым-,))))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: