RSS Feed

Сусындар мен диета

Диетаға отырған кезде әр бір диета міндетті түрді 2 немесе 2,5 литр су ішуді талап етеді. Мысалы, мен олай іше алмаймын, ісіп кете берем, сол себеп күніне бір немесе 1,5 литр су ішем. Бірақ одан зардап шегіп жатқан жоқпын. Екінші мәселе, су асқазанды үлкейтіп жіберуі мүмкін, сол себеп суды астан кейін не алдында ішуді ұсынады. Осы жағымен келісемін. ))) Өз басымнан өтті ғой.

Жалпы су, шәй, шырын, сүтті сусындар, тәтті сусындар деген секілді ішетін дүние толып жатыр. Алайда оның бәрі пайдалы емес екенін білсек те, білмегендей жүре береміз. Қазаққа шәйсіз қиын ғой. Бас ауырып, бір түрлі болып қалам деп жатады, ол енді үйреніп қалғанна шығар. Өзім шайсыз ақ жүре берем. Су болса болды деп.

Мақсат артық салмақ тастау + тазалану болған соң, (ол деген ағзаға пайда тигізу десек), төменде ең пайдалы деген сусындар жайлы айтып кетейін:

1. Липа (жөңке) ағашының гүлдері. Бұл шөпті ыстық (қайнап тұрған емес), суға демдеп, тұндырып ішеді. Артық салмақты айдайды. Дәмі енді керемет. Бал татиды. Оның үстіне климакс болған жағдайда да таптырмас ем (мамаларымызға керектеу бізден гөрі бұл жағынан)).

 

2. Көк шай+лимон. Осы екеуінің қосындысы адам ағзасын керемет тазалап, шлактарды шығарады дейді. Жалпы лиомнның қасиеті жақсы ғой. Артықтаймын дегендердің нөмір бірінші жемісі осы. Көк шәйді “қатерлі” ісік ауруларынан сақтайды деп те жатады. Шындыққа жанасатын секілді. ))

3. Сусын деп сусын емес, ас деп ас емес, қысқасы кәдімгі шалапқа қияр мен аскөк салып “ішіп-жеу”. Осымен ғана қоректенген адам күніне 1,5-2 келі салмақ тастайды. (Проверено) жазда керемет жақсы, салқындатып ішіп жүрсең тіпті керемет дүние.

4. Сосын өзім жақсы көретін тағы бір сусын түрі: езілген имбирь, корица (ол да езілген) бір немесе жарты шәй қасық бал +  стакан ыстық су.) Супер сусын.

5. Алма сірке суы деген бар. Оны тек дәріхандан алған жөн. Соның бір ас қасығын стакан жылы суға салып таңертең ішсең, тонусың жақсы болады. ) (Бағасы шамамен 200-300 теңге, дүкендегі сірке суы секілді 40 теңге тұрмайды)

Жалпы осы айтайын дегенім. Өздерің білетін жақсы рецепттер болса, бөлісіп отырыңыздар) Қуанып қаламын.

 

Сәлеммен,

Мен!

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

10 responses »

  1. Айжанка!!! Менде Владимир Миркиннің “Как бросить…. ЕСТЬ?” деген кітабы бар. Керемет кітап, просто “центр ЗОЖ”, хочешь подарю,-))))

    Жауап беру
  2. “қысқасы кәдімгі шалапқа қияр мен аскөк салып “ішіп-жеу”1” – жан мына жерде шалап деген не?

    Жауап беру
  3. 3. Сусын деп сусын емес, ас деп ас емес, қысқасы кәдімгі шалапқа қияр мен аскөк салып “ішіп-жеу”. Осымен ғана қоректенген адам күніне 1,5-2 келі салмақ тастайды. (Проверено) жазда керемет жақсы, салқындатып ішіп жүрсең тіпті керемет дүние./

    осындагы куніне 1,5-2 келі тастайды деген рас па?

    Жауап беру
  4. Қыздар, аскөк деген не?

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: