RSS Feed

Үйде балмұздақ жасау)

Тәттіқұмарлардың ішінде жарыс болса, мен бірінші және гран приді де ұтып алар ем)) Рас айтам.

Көптен бері тәтті жемеген соң болар, балмұздақ жегім келіп, тура жерік болып қалған секілдімін. Сөйтіп, әрі ойланып, бері ойланып, дүкеннің балмұздағынан гөрі, табиғи таза өнімдерден жасалған үй балмұздағын жасап көрейін дедім.

Өкінішке орай суретін түсіріп үлгермедім, жеп қойдық бәріміз. Дәмі керемет болды. Дүкендікінен артық. Әкем бала кездегі балмұздаққа ұқсайды деді. )

Сонымен, керек заттар:

1. Қаймақ – 500 грамм (қолдың қаймағы болса тіпті жақсы, мен дүкеннен 36 пайыздық қаймақ алдым, 40 грамм)

2. Кілегей-  сливки. Ол да қолдікі болса жақсы ғой, менікі дүкендікі Президент фирмасының 35 пайыздық кілегейі.

3. Қант пудрасы  -100 грамм

4. Ванилин немесе ваниль таяқшасы. (ванилин арзан ғой 1 грамм жетеді)

50 грамм қант пудрасын қаймақпен араластырып, миксерлеп аламыз. (мен венчикпен араластырдым, миксер сынып қалған екен) сосын кілегейді жақсылап былғаймыз (миксерлейміз), ол үлкейіп, пена тәріздес масса болады, соған қалған 50 грамм қант пудрасын қосамыз да, қаймақты + ванилин қосып араластырып, тоңазытқышқа саламыз. Мұздап, қатып қалғанша дейін, менде 3 сағат тұрды. Болды. бір жағынан өте дәмді, екінші жағынан пайдалы, үшіншіден каллориясын өзіңіз қадағалауыңызға болады. Майлылығы төмен болса, каллориясы да аз болады. Бұған жеміс жидек, шоколад, жаңғақ қосуға болады. Бәрі өз еркіңізде)))

Ас болсын.

 

Сәлеммен,

Мен)

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

8 responses »

  1. колыннан келмейтіні жок. молдес.

    Жауап беру
  2. Кеше жасадың ба? Сәйкестігін айтсаңшы, мен де кеше балмұздақ жегім келіп жұмыста отырғанда, сосын кешке үйдің қасындағы дүкеннен нәәән пакетін сатып алдым. Үйге келсем, мұздатқышта орын жоқ, тоңазытқышқа салғам, ери бастады, бәрін өзім тауыса алар емеспін:) сосын әйтеуір бірдеңе қып сыйғыздым. Енді қазір жегім келіп отыр:)
    Сен жараған екенсің, қолдан жасап, мен балмұздақ түгіл өзіме кешке ыстық тамақ жасауға ерініп жүргенім… есесіне арықтаймын деп сылтауратып қоям:)

    Жауап беру
    • Blin, Karakyz men sen sekildi bolsam aryktaimyn degen oidy basyma da almas em :))))
      Jai korein dedim, papamdar jaksy koredi goi (jalpy biz otbasymyzben tattikumarmyz), sol sebep daiyndagam. ekinwi jagynan kyzyk boldy. :)))
      Sen kezdesuge barasyn ba tagy da osy senbide?

      Жауап беру
      • Шаңғы тебуге ме? Спортсменмін дей алмаймын, бірақ баруын барып көруге болад:) Менің поштама хабарласшы, (сенікін білмеймін), хабарласып алдын ала келісіп барайық;)

  3. Келесі жасағаныңызда суретін салып қоясыз ғой)))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: