RSS Feed

Бодифлекс немесе дұрыс тыныс алу)

Йога, шіркін, бір арман болып қалатын секілді. Себебі, оған инструктор керек, уақыт керек, ақша керек. Инструктор тапшы, уақыт (шүкір, көөөөп), бірақ ақшаны қимай жатырмын. Солай. Алла жазса, бір  күні, міндетті түрде йога шыңы да маған бағынар.

Құр жүре бергенде болмас деп бүгіннен бастап бодифлекске көштім. Сіңлім екеуміз  неттен ақпарат жинап, видео жүктеп, бүгін азанда (таңертең) 8-де тұрып жаттығу комплектерін жасадық)

Басты мақсат салмақ тастау емес, бұлшықетті қалпына келтіріп, қатайту. Бұрын жасаған адамдарға сенсек, аптасына 7 см жоғалтып алуға болады екен. Ол тек белден ғана. Барлық дене мүщелері арықтап, әдемі пішінге келеді деп уәде береді Гррир ханым. Американдық апай осы бір әдістің авторы екен. Түріне қарасаң енді супер! Жасы елуден асса да, дене пішіпі керемет!

Көреміз енді, бір аптадан соң жазамын ғой не болып жатқанымызды.
Алғашқы аптасында күніне екі рет 15 минуттық жаттығу жасау керек, ал сосын тек бір рет жасау керек екен.

Негізі, тіпті салмақ тастап, бұлшық ет өзгермесе де, бронхылар тазаланып, тыныстау жеңілдей түседі. Алғашқы жаттығудан кейін ақ сезіледі.

Жақсы жері, арнайы диета ұстап, қатты қиналмайың. Бір қарасаң, тұрғанымен позитив)))

Сәлеммен,

Мен!

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

15 responses »

  1. Жер қарая мен де жүгіру, анау-мынауды қайта бастамақпын…Кейінгі кезде толып бара жатырмын.Бұл тұқым дегенді қойсаңшы…

    Жауап беру
    • Жүгіретін адам көктемді күтуші ма еді?

      Йогаға мен де жазыла алмай жүрмін😦 менде бәрі сол ақшаға келіп тіреледі… Алдында барғанымнан тыныс алуы мен “приветствие солнца” деген жаттығу🙂

      Іске сәт)

      Жауап беру
      • men kutip jurmin koktemdi.😀 kaita jugiremin dep😀. kysta erinem est je.

        iogany uide jasaimyn au dep jurmin, youtube pen google aman bop turanda😀

      • Мен йогамен айналысу үшін арнайы курсқа барған жоқпын. Интернеттен инструкциясын көшіріп алып, өз бетімше жасадым (алты апталық курстың екінші аптасынан аса алмай жүрмін, ерініп үзіп ала берем арасын, ал үзіліс болса бірінші аптадан қайтадан бастау керек, себебі ағзаны бірте-бірте үйреткен дұрыс).

        Жұмыста кәсіпқой емес инструктор қоғамдық бастамамен жүргізіп жүр, одан да өз бетіммен жасағаным жақсы екен деп оған да бармай қойдым.

  2. біз сияқты арық-тұрақтарға болмайтын шығар.

    Жауап беру
    • nege? aityp jatyrmyn goi, bul dem aludyn absty maksaty aryktau emes.🙂 Aryk degen soz, bulwyketi mykty degen soz emes koi :))) sol sbep bul tek eki kabat aielderge gana tyim salyngan sport turi :))

      Жауап беру
      • Сонымен қатар ол гипертония, жүрек аурулары барларға да болмайды дейді го гугл.

      • аха, ол жағы да бар. Бірақ, өзімде құбылмалы қан қысымы, қазірше еш бір жаман жағын көріп тұрған жоқпын.
        Жүрек талмасы бар, жоғары қан қысымымен ауыратын адамдарға болмайтын себебі: қандаға оттегі құрамы өсіп, қанның тез және қарқынды айналуына әкеп соғады, ал ол деген ағзаға ауырпалық түсіру. Есіме салғаныңа рахмет. Ұмытып кеттіппі.

  3. Сіз жасап көріңіз, егер результат жақсы болса мен де іске көшермін!!!

    Жауап беру
  4. Бодифлекстің жұртқа берер пайдасы мол,
    Денсаулыққа бастайтын ауырмас жол.

    Жауап беру
  5. Йогаға мен де қызығамын. Ең бастысы жанның тыныштығын әкеледі дейді ғой айналысатындар. Сол мен де жүйкемді жақсартуға көмектессе барғым-ақ келеді. Негізі бірдемемен айналысқан өте дұрыс екен. Әйтпесе жұмыс пен үй әбден жүйкені тоздыртады.🙂

    Жауап беру
    • аха, ол жағы рас. кемінде 1 сағат 45 минут керек! ал менде ондай уақыт жоқ. күнде айналысу керек екен. ужас қой! сол себеп қазірше онли бодифлекс))

      Жауап беру
  6. салем! мен осы такырыпты коре сала бодифлекс туралы барлык акпараттарды жинай бастадым. десе де озим жасап карайын деп едим, али видеосын издеуге уакыт таба алмай журмин))) китап бойынша жасап коргенмин, дурыс бурыстыгын билмеймин. жеке айтар кенестерин бар болса, соларды болек етип жазсан тамаша болар еди. алде баска сайттарга багдар берсен. мен караган сайттардан тек жумыс жасайды дегеннен баска тук таба алмадым. рахмет!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: