RSS Feed

Келді ғой ақыры майларым)

Алақааааай! Майларым келді. Анығы ағам алып келді. Тапсырыс берген майым болмаған екен, алайда орнына төрт түрлі май алған екен. Олар: грек жаңғағының майы, жер жаңғағының майы (арахис), орман жаңғағының майы, асқабақ майы (дәнектерінен алынған). Және барған сайын маған арнап алып келетін зәйтүн майы)))

Майға тоймайтын адам екен деп ойлап қалған шығарсыз. Бірақ, бұның бәрі керек майлар ғой. Бізде өте қымбат. 250 миллиграмына мың теңгеден астам ақша сұрайды. Сол себеп ақшамды қимаймын, бірақ сыйлыққа алам, қуана қуана))

Енді, сұлулық процедураларын бастай беруге болады. Қалғаны тек эфир майлары, олар 10 миллилитріне 100-150 теңге, сол себеп қиналмаймын.

Интернетте майлар жайлы оқып, мәз болып отырмын. Керемет пайдалы, көрікті тері мен шаш, сұлу дене керек десеңіз, онда осындай майларды қолдану керек (тамаққа салып, тері мен шашқа жағып деген секілді).

Әдеттегіше, эксперимент жасап болған соң тағы да жазып кетем. Бүгін тек қуанышыммен бөлісейін деп ем)))

Сәлеммен,

Мен)

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

3 responses »

  1. Мен адасып кіріп кеттім-ау деймін. Мұнда келіншегімді жіберейін,,,

    Жауап беру
  2. Майларды қайдан әкелді? Қандай пайдасы бар солар туралы жазып кетсең ))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: