RSS Feed

Грек жаңғағының майы

Ақпаратты неттен  алдым, әрине) Сонымен, грек жаңғағының майы қандай қасиеттерге ие, не үшін пайдалы екенін жазып кетейін. Жалпы грек жаңғағының өзі керемет пайдалы екенін бәріміз жақсы білеміз ғой. Бұл жаңғақтың түрі миға ұқсайды, бірақ ұқсап қоймай, шынымен ми қызметін жақсартатын күші бар. Ал майы болса, онда ол тұрғанымен микро және макро элементтер мен дәрумендер (витаминдер), қанықпаған май қышқылдарға бай! Сонымен қатар, бұл майдың құрамындағы полиқанықпаған май қышұылдарының пайыздық үлесі 77 – ге тең. Бұл дегеніміз, өзге ешбір өсімдік майында кездеспейтін көрсеткіш.

Грек жаңғағының майын қабынуға қарсы, концерогенді заттарға қарсы, атеросклероз бен жүректің ишемиялық ауруларына, тіпті қатерлі ісікке қарсы қолдануға болады. Бұл тізім әлде қайда ұзақ, тек маңызды дегендерін атап өттім.

Ағзаны қалпына келтіруден алдына “жан” салмайтын бұл майды көптеген операциялар мен дерттерден кейін қолданса, тіпті керемет.

Терідегі алуан түрлі жара, күйік, тартылып, қабықтанбай жүрген үлкен жаралар мен терінің жарылуы кезінде де қолданылады.

Косметологияда да алар орны бөлек. Өз басым қазір шашыма шағып жүрмін. Жуар алдын шамалы ғана майды бас терісіне жағып, полиэтилен мен орамалға орап, қырық минуттай жүрем. шашым бір түрлі ылтыр және қатты секілді. (менің шашым ваще мамық секілді ғой). Сосын тырнағым мен кутикулаға, қол терісіне, көптеген әжімге қарсы кремдерге қосуға болады екен. Әсіресе, бұл май қартаң тарта бастаған теріге жақсы әсер етеді дейді. Бірақ, менің теріме де әсері жақсы. Су бетіме екі тамшы майды массаж сызықтарымен жағып, сіңіп кеткенше күтем. Бет терісі сәбидікіндей жұмсақ. Ең қызығы, тез сіңіп, бет майлы боп тұрмайды. )

қазірше осы. Басқа да майлар жайлы келесі жазбамда)

Сәлеммен,

Мен)))

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

5 responses »

  1. Рахмет! Айжан, менің блогыма да кіріп тұрсай ) Әлде тек вордпресске ғана кірем деген принципің бар ма еді? ))

    Жауап беру
  2. ее, жөн екен. бұл майды қайдан аламыз?

    Жауап беру
  3. Ертеде гректер жаңғақты адамның миына ұқсайтын болғандықтан, соны жеген жан ақылды болып кетеді деп ойлапты дегенді бір жерден оқып қалғанмын. жалпы, жаңғақтың пайдасы көп. Қызылшаға қосып, салат қылып жесең тіпті тәтті!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: