RSS Feed

Сенің дорбаңда не бар?

Қыздардың дорбасы -сыр сандықтан да асып түседі ғой. Қазына байлықтың барлығы соның ішінде. Тіпті, көлемі қандай болмасын, ішіне бәрі сыйып кете береді ғой. Жігіттер түсінбейді көбіне: “Осындай дәудей дорбаның ішіне не салып жүресіңдер? Кірпіш пе ішінде?” деп. Ал оның ішінде не бар дегеннен гөрі не жоқ деп сұрақ қойған жақсы.

Менің дорбамда не бар?

Оның ішінде: әмиән, косметика (крем, жылтыр, қарандаш), дезодорант, әтір, дымқыл бет орамал, құрғақ бет орамал, телефон, мпз, нетбук, блокнот, қалам, қарандаш, қыста қолғап, жазда шарф, кілттер, капрон шұлық (аяғымдағы жыртылып қалса, дереу ауыстырып алуға болатындай), дәрілерім, сағыз және басқа майда шүйде заттар: айна, тарақ, тырнаққа арналған пилочка деген секілді. Сосын ішінде кейде билеттер де қаңғып жүреді.))))

Ал кезекті кім алады екен???

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

11 responses »

  1. “… капрон шұлық (аяғымдағы жыртылып қалса, дереу ауыстырып алуға болатындай) …”
    Бұған дейін өзімнің дорбамнан (деген қызық екен, сумканың орнына ма?) табылмайтын нәрсе жоқ деп ойлайтын едім, сен менен асып түседі екенсің:).

    Менің дорбамда: әмиян, көзілдірік, түсті далап (енді ақыры қазақшалаған екенбіз, толығымен солай етейік:)), гигиеналық далап, дымқыл бет орамал, құрғақ бет орамал (бұл жағынан ұқсас екенбіз), айна, тарақ, шаш қыстырғыш, пилка, кілттер, қалам, қағаз, сағыз, телефонымның зарядтағышы, дәрі дәрмек.

    Жауап беру
  2. менде: кілт, әмиән, косметикаларым, блокнот, ручка, айна, тарақ, дәрі-дәрмек. Универде оқып жүргенде сабаққа керек деп бәрін сап алатынмын, кейін бәрі мені “мини абди” атап кеткен🙂

    Жауап беру
  3. Менікінде: әмиян, косметичка (пудра, тональный карандаш, тень, помада), тарақ, дамқыл орамал, жәй бет орамал, кілт, ручка, дәрі-дәрмек, айна, флэшка бар екен.🙂

    Жауап беру
  4. Менікінде ұялы телефон наушнигімен, дәрі-дәрмектер, тень, блеск для губ, тушь, дымқыл орамал, майда-шүде қағаздар, ақшалар деп қойсаң, иә? Осылар ғой әзірше.))

    Жауап беру
  5. хм қыздар :)))

    менің дорбамда:
    – қолшатыр (өзім сияқты кішкентай)
    – әмиян (ақшасы жоқ болса да)
    – дымқыл/құрғақ бет-орамалдар
    – орбит (басқалары ұнамайды)
    – кеңсенің кілті (үйдің кілті менде өмірімді болмаған)
    – күнделік
    – екі қалтафон
    – қалам
    – пудра+блеск (бар косметичкам осы)
    – наушниктер
    – аяқ киім тазалайтын спанчбоб
    – шаш жинайтын резинка
    – спазмалгон (білесіңдер ғой не үшін) + супрастин (кейібреулерге аллергиям бар)

    бітті ғой деймін, дорбамның өлшемдері өзгерсе де ішіндегілер өзгермейді, әйтеу🙂

    Жауап беру
  6. Сөмкемнің артқы қалтасында кілттер /үйдің, жұмыстың/;
    Алдыңғы қалталарында құрғақ, дымқыл орамалдар, наушник, қаламсап, айна, блеск, әтір /пробник сияқты кішкентай/.Сөмкемнің ішкі қалтасында пачка Орбит/Дирол(жарнама емес)+жеке куәлік. Сөмкемнің өзінде аяқ киім сүртетін губка,әмиян, флешка, кәмпит/тер/, визитница. Анда-санда қолшатыр мен фотоаппарат қонақ болады сөмкемде. Ертеректе тастамайтынмын фотоаппаратты, сосын че-то сөмкем ауыр боп кеткен сияқты көрінді:-)
    “Женская сумка – маленькая свалка” деген рас екен ғой

    Жауап беру
  7. менін дорбамда)))ну помада,туш,салефетка,сағыз,сотка,

    Жауап беру
  8. ааа сосын наушник,как всегда кит кат шоколады журеду,путевка бар,енду айта берсен коп соннин бару сумкама сияады))))

    Жауап беру
  9. Сөмкемнен бір нәрсе іздеп, таппай жатсам; “Бұл сөмкеде адамнан басқаның бәрі бар!!!!” деймін. Өйткені, расымен де БӘРІ бар. Құжаттар, 1 қойын дәптер, тағы 1 дәптер (оның ішінде де бәрі бар -қанатты сөздер, ойларым, анау-мынау), ұялы телефонДАРымның (3) қуаттағышТАРы (зарядчиктер), ручкалар, кәмпиттер, қысқасы -бәрі бар. Және ол сөмкемнің көлеміне қарамайды, сырты өзгерсе де іші бір қалыпта. ))))

    Жауап беру
  10. Қызық екен, менің сөмкем ғана осындай ғой ойлаушы едім.🙂
    Сөмкемде ылғи кәмпит жүреді. Сосын косметика дегеннен екі далап пен ерін карандашы, беторамал мен кішкентай құтыдағы иіссу, сағыз бар. Ал, жұмысқа қажет нәрселерден – екі қойын дәптер, екі қалам, бір телефон кітапшасы, кейде екі (ал кейде үш) ұялы телефон, бір фотоаппарат, бір диктофон, олардың екі-екіден батарейкалары (керек болып қалуы мүмкін), бірнеше (кемінде екеу) флешка, құжаттарым мен кілттерім бар. Айтпақшы, әмияным мен шаш қыстыратын заколканың бірнеше түрі бар екен ғой.
    Сосын үйге келгенде кілтімді таба алмай, сөмкемді бір сағат ақтарып, есікті зорға ашатыным бар.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: