RSS Feed

TOP 10: must have косметика

Кейде косметичканың көлемі чемоданнан үлкен боп кететін кездер болады. Сымбат айтып өткендей, ала бересің, ала бересің, ақыры қолданып біткенше, мерзімі шығып кетіп жатады. Сонымен косметичканың ішінде ең ең болу керек деген ондықты жазып кетейін. Әрине, жыл мезгіліне орай кейбір кремдер мен жалпы косметиканың түрлері өзгеріп отырады, оны жақша ішіне жазып кетем.

Ал кеттік!

  1. Кез келген теріге ең керегі крем. Сол себеп алдымен жазда дымқылдатқыш (увлаяжняющий) крем, қыста майлы (питательный) крем керек.

  2. Сүрме (тушь) . Кірпікті ғана бояп қойсақ та, көздер жайнап шыға келеді.

  3. Далап (помада). Далаптың өзі әмбебап болуы мүмкін. Кейбір визажисттер далапты румяна орнына да қолдануды ұсынады. Бірақ тері реңіне сай келу керек.

  4. Ерінге арналған жылтыр. (блеск). Кез келген ерінге жағылған жылтыр ерінді ерекше әдемі қылады. )

  5. Пудра. Неге тоналды крем не фаундэйшн емес? Себебі крем де, фаундэйшн  де пудрадан кейін қосалқы бөлшек ретінде жүреді. Яғни, пудраны сулы спонжбен қолданса, не құрғақ ретінде қолданса екі функцияны орындай алады. Алдымен фаундэйшн бола алады, кейін “матирующий” пудра болып.

  6. Қол мен тырнаққа жағатын крем. Қол терісі тез қартаяды. Сол себеп күтімді көбірек жасау керек.

  7. Қасқа арналған қарандаш. Ол қатты және жағылып кетпейтін болу керек. Әсіресе жазда терлеген тері, күннің ыстығы әсер етіп, жайылып кететін қарандаштардан аулақ болу керек.

  8. Таза спонжиктер.

  9. Мақта немесе (ватные палочки). Ағып кеткен, шегінен шығып кеткен, бұзылған мэйк апты тез жөндеу үшін.

  10. Айна))))

Косметичканың ең керек дегені осы. Ал қалғаны барар жерге, әркімнің жеке қалауына да байланысты. Бұл деген тек  косметичканың ішіндегі заттар. Ал әлі дорба (сумка) бар ғой))))

Сәлеммен,

Мен!))

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

4 responses »

  1. Пудра, тоналка дегендедрді қолданбаған соң осылар ғана жоқ екен.🙂

    Жауап беру
  2. мен озиме кекил кырыктыргым келет бирак коп курбыларым саган жараспайды диди ойткени шекен кишкентай дит не истесем кандайы жарасат маган и шашым узын жане калындау

    Жауап беру
    • кекіл қою үшін шекенің үлкен кішіліге емес, маңдайдың кеңдігі керек|))) кең маңдайлы қыздар көбіне кекіл қояды. Бірақ бетің домалақ болса, абай бол, өйткені домалақ бетті одан сайын жалпайтып жібереді. Қазір бастың тура ортасынан алып, қалыыыың қып кекіл жасау сәнге айналды, ал жұқа кекіл сәнді емес. Дым болмай жатса, тура емес, қиғаш келген кекіл қоюға әбден болады)))

      Жауап беру
  3. көп-көп рахмет кеңесіңізге

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: