RSS Feed

Метросексуал?

Метросексуал – өз сырт келбетіне аса көңіл бөлетін кез келген сексуалды бағыттағы ер адам. (Вики ханым осылай дейді).

Сонымен, ер адам өз сырт бейнесіне көп назар салуы керек пе? Әлде бұл тек бұрымдыларға бұйырған “привилегия” ма? Бұл сұраққа жауап деген толып жатыр. Бүгін әңгіме ол туралы емес, ерлер косметикасы, ер азаматтардың сән салонына баруы жайлы болмақ.

Ел арасында “ер адам маймылдан сәл көріктілеу болса болды” деген сөз жүреді. Немесе нағыз ер адам “вонючий и потный” деген секілді. Осының ешқайсысымен келісе алмаймын. Жаным түршігеді.

Біздің елдегі азаматтардың менталитетінің өзгешелігі болар, сән салонына тек шаш алуға барады да, қалған процедураларды аттап кете береді. Жігітке маникюрдің керегі қанша дейтіндер көп қой. Ал расында, ер жігіттердің өздерінің сыртқы бейнесіне көбірек көңіл бөлсе екен деуші қыздардың бірі мен.

Маникюр мен педикюр, спа процедуралары, маскалар мен пиллинг жасау, массаж бен ароматерапия қабылдау тек қыздардың еншісінде деу қателік. Бұлардың бәрі де денсаулыққа да пайдалы екенін білу керек. (Өзімнің жанымды үгіттеп, үгіттеп шаршадым, көнер емес). Метросексуал деген сөз “көктемгі аспандай мөлдіреп тұрған көгілдірлер” деген емес дегенді түсіндіру мүмкін емес екен.))

Әйгілі футболшылар Бэкхэм де, Роналду да, актер Питт те метросексуал екен. Бірақ оларды “көгілдір” деуге ешкімнің аузы бармайды. Джуд Ло да солардың қатарында. )

Ал қыздар, ойларыңыз қандай?

З.Ы. кезінде жеке қыздар, жеке жігіттерге арналған салон ашам деген идея бар еді. Қазір армандардың күрт өзгеруінің себебінен сәті келгенше тоқтата тұру керек боп тұр.)))

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

15 responses »

  1. Сенің сіңлің де ызыңдайды ананы үйте ғойшы, мынаны үйте ғойшы деп.Ең болмаса өзім істеп берейінші дид ең соңында. Әзірге көнбей жүрмін. Метеросексуал емеспін ғой сонда, ә?!)))

    Жауап беру
    • sinlim bolgan son ozimnen aumaidy dA :)))
      Negizi bar goi, sen to4no metrosexual emessin onda. Agan da sol. Otkende eki apta renjip, tort apta jylap koimagan son akyry manukur jasatkam. Bir ret😦 sodan boldy, no ni4e, umittin kazasy songy dep, ui bolgan son kore jatarmyz :))))
      Negizi bar goi ozi jasaim dep turganda jasap al, ote kaifovyi proceduralar bar goi :)))

      Жауап беру
  2. Салонга барып туратын улдар жетерлик.Бирак казахтар аз Бирде бир салон қызметкері казахтар коп келе бермейди салыонга деп еди. Келсе тек шаш алуга келеди деп… Ал баска улт окилдери пиллинг, маникюр, депиляция жасатып жатад деп еди) Ал бул кылыктар азирге казахтарга келмей турганы… Негизи акелу керек

    Жауап беру
    • Aitpanyz! Bizdin jigitterdin kobi sol.😦
      Negizi, elmen kop aralasatyn jigitter ket ari emes salonga barudan, alaida karapaiym jigitterimiz kawkaktap juredi ylgi. Sol bayagy jaman sterotype, gei bolyp ketipti degen soz ere me dep :))))

      Жауап беру
  3. Шынымды айтсам салонға барып күтініп жүрген жігіттерді онша ұната бермеймін🙂. Әрине бұл менің пікірім. Маған шашын өзіне жарасымды етіп қиып, таза, маникюрсызда қолдарына қарап жүретін жігіттер ұнайды. Түсіндіре алмайм, қарапайым жігіттер ұнайды. салонға жиі баратын жігіттер қыздарға ұқсап кететін сияқты.

    Жауап беру
    • hehe, sterotype bul janym. Ondai jigitter kyzdarga uksamaidy, olar tek kutimdi jaksy koretin jigigtter :))
      Aitwy, Pittin kai jeri kyzga uksaidy ne bolmada anau futbolwylardyn? Er dep solarga eliktegen jigit kanwama, ma4o dep kulap suip, gawyk bop jurgen kyz kanwama! :)))
      birak, seniki ras, talgamga talas jok :)))

      Жауап беру
  4. СПА салоны дегенге барып көрмеппін.

    Жауап беру
  5. Роналдудың метросексуал екенін білемін. бірақ ерлердің салонға баруын аса құптамаймын. Бұл менің ғана пікірім ғой. Ал, материал маған ұнады

    Жауап беру
  6. Қырынып-жуынып, шашын қиып, таза жүрсе, одеколон, әтірлерін сеуіп жүсе маған сол да жетерлік. Ал қалғаны шынымен аздап (аз ғана)) ерлілеу көрінеді екен. Бұл да менің жеке ойым ғой.

    Жауап беру
  7. Оз басым жии салонга барып турам. Жеке шаштаразым, косметологым бар (екеуі де орыс, казахтардан коркам шынымды айтсам)))… Еш айып емес бару… Адамга керекти стилди тандап береди олар… Алматыда тек ерлерге гана кызмет корсететин арнайы салондар да бар…

    Жауап беру
  8. Жігітім түгіл, өзім бара бермеймін. :))) Шынымды айтсам, салонға барып маникюр жасаттым десе, біртүрлі болар едім. Қажет емес сияқты еркектерге тым сыланып.🙂

    Жауап беру
  9. Тазалық шаштан басталады, тырнақтан аяқталады. Шашым сәл өсіп кетсе мазам кетеді. Қырынып-жуынып жүрсек болды ғой. Терісін күтіп, жуынғаннан кейін ванна халатын киіп, аяғын айқастырып отыратын біреуді танимын. Жігіт. Сырт қараған адамға жиіркенішті көрінеді.

    Жауап беру
  10. Интимді шаштарымды әдемілеп қиып жүрсем, шешессс. Лібәәәә, бұттан кетті ))))))))))))))))))))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: