RSS Feed

Көктем, депрессия, авитаминоз….

Сағындырып, сарғайтып, күттіріп ақыры көктем жетті. Шамалы қыстың ызғары сезіледі бізде әлі де, бірақ қалай айтсақ та көктем келді.

Келе сала қуантады ма десек, керісінше, өзімен бірге депрессия мен авитаминоз құрбыларын ертіп келіпті.

Не істеу керек?

Ең алдымен витаминдер курсын ішу керек. Кез келген дәрумендер комплексі, С дәруменін (аскорбин қышқылы), Аевит болсын, басты мәселе тіпті олардың әсері емес, “Мен дәрумен ішіп жатырмын, демек жақсы боп кетуім керек” деген ой. Адамды емдейтін де ой, дертке шалдықтыратын да ой. )))Ал дәруменчиктер өз ісін жасай берсін.

Екінші, көктемнің келуіне көп үміт артпау. Ойбай, көктем келсе супермега боп кетеді бәрі. Өткенім ұмыт болады, сүйіктім қайтып келеді, отыз келі салмақ тастаймын, керемет әдемі боп кетем деген секілді “гипер” жоспарларды артпау. Көктем деген жыл мезгілі ғана, оның бойында “ертегі сиқыршысының” қасиеті жоқ)))

Үшінші, мейілінше күтім жасау. Маскалар, скрабтар, кремдер,маникюр пен педикюр (үйде жасасаң екі есе ләззат алады екенсің) дегендей. Дәрумендер секілді әсер етеді.

Төртінші, жұмыс орнын, шкафтың ішін тазалап, керек емесін тастап, жинақы етіп қою. Кейбір психологтардың айтуы бойынша, үй жинау, тәртіпке келтіру, дұрыстап, тақтап қою сияқты жұмыс адам ойында да белгілі бір “порядок” жасайды екен. Қызық, иә?

Бесінші, бір әдемі, кішкентай болса да, ашық түсті бұйым сатып алу. Шарф, фото рамка, әмиән, дорба, туфли, ободок, резинка, сырға, сақина т.с.с. (ақшаға байланысты ғой) Бірақ, тағы бір психологтар зерттеуі бойынша, шопинг жасаған қыздың көңіл күйі шопинг жасамаған қызға қарағанда көтеріңкірек екен. Әйтеуір деймін, бір ұнаған нәрсе сатып алсам, мәәәәәз боп қалам ау.

Алтыншы, ароматерапиямен айналысу. Кейбір эфирмайларының депрессияның жоқ қып жіберетін сыйқырлы қасиеті бар. Апельсин, бергамот, ванила секілді иіс майлар керемет әсерге ие.

Көктем мейілінше жеңіл өтсін. )))

Сәлеммен,

Мен)

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

18 responses »

  1. Бүгіндікке ең қажет тақырып болған шығар мен үшін. Өзімнен-өзім депрессияға түсе бастап ем, мүмкін тыңдап жатқан әндерімнің әсері шығар деп ойлағам… Негізі себебі көп…

    Жауап беру
    • sebep jok, janym! oz ozindi jep jatsyn! eh, eger astanada bolsan wanyndy bir kagyp alar em!!! :)))

      sagan bar goi bir mugedekter uine, jetimder uine baru kerek, kor solardyn jagdaiyn. Sosyn tus depressiya tolko. Wukir de bystro :))

      Жауап беру
  2. Аруларға салсам бола ма?🙂

    Жауап беру
  3. шкафтын ішін жинайын кой))))))

    Жауап беру
  4. Иә, көктемде бәрі “қозғалыста” болуы тиіс …:) Керемет жазба!

    Жауап беру
  5. Айжан, сенің жазбаларыңа жақында ғана тап болдым. Жас қыздарға өте керекті мазмұнды жазбалар әрі жеңіл түсіндіре аласың, ең қажеттісін таңдап-талғап көрсете аласың. Рахмет!

    Жауап беру
  6. Тек “ляззат” сияқты сөздердегі қателерді жөндесең болды: ләззат:-)

    Жауап беру
  7. Былай уақыттар да жинақы, жан-жағыңды сүртіп, тазалап отырсаң өзіңе жақсы ғой.

    Жауап беру
    • айтпа дейм))))

      қол тисе жақсы ғой. Өз басым “бардачный” адаммын шкафқа келгенде. Он көйлекті киіп көріп, тез тез жиналып шығып кетем, сонда шкафтың ішінде үлкен соғыс болған секілді есть же)))

      Жауап беру
  8. Мәәә, постты окып шыққан соң да серпіліп қалған сияқтымын! Көп рахмет!

    Жауап беру
  9. Мен мысалы көктемді ерекше күтем. Расымен де жақсылықтар көп болады деп үміт артатыным рас, дегенмен сол ой маған үлкен көмек береді, қанаттандырады, көңіл-күйіме әсер етеді.
    Сосын артық заттардан арылу да жақсы терапия екен. Осыдан шамамен 1 ай бұрын кешкұрым осындай тазартуға көшіп кеткенімді байқамай қаппын. Жиналып қалған газет-журналдарды, артық черновиктерді, чектерді, этикеткаларды, жыртық пакеттерді, мерзімі асып кеткен косметиканы, лосьон, шампунь – бәрін лақтырып, жаным жай тапты;)
    Ал ашық түстерге көшу – менің көп жылдан бері келе жатқан қағидам. Студент кезімде қара киімдерім көп болды, білмеймін, кір көтереді дедім бе, әлде “қара” стильно деп ойлағаннан ба:) – кейін қарасам өмірім де қара торланып тұрғандай көрініп, тез арада ол заттардан арылдым (жаман жеңіс емес), қысб олса да, жақсы ашық түсті киімдерді кигенді ұнатамын.
    Дәрумендерге келсек, бір жылдары ВИТРУМ ішкем көктем мезгілінде, аса қатты айқай өзгеріс байқамадым да, сол себепті оларға аса үмір артпайын деп шештім, оның орнына режиммен тамақ және ұйқы, таза ауада (?) көптеп болу дұрыстау сияқты..
    Айжан, рахмет, мені бір серпілттің!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: