RSS Feed

қара “сепкіл”

Бет терісінің әдемі болуы көптеген факторларға байланысты. Не ішіп, не жеуден бастап, қоршаған экологияға дейін. Мәселен, Астана қаласының қыздарының бет терісі Алматы қыздарінікінен жамандау. Өйткені, ашық жер, қысы жазы жел, күннің өте ыстық әрі ауаның құрғақтығы бар. Жасыл желектің аздығы, жеміс жидектің аздығы себеп деп атап өтуге болады.

Алайда, барлық өңірдің қыздарына тән кейбір мәселелер бар. Ол қара нүктелердің пайда болуы.

Жалпы ғалымдар қара нүктенің не себеп қарайып тұратынын айта алмаймын. Біреулері пора ішіндегі майдың уақытымен қышқылданыуы десе, екіншілері меланиннің құрылуынан дейді, үшіншілері ауадағы кірдің маймен араласқандағы ыс секілді қаптап кетеді деген пікір білдіреді. Біз үшін ол аса маңызды емес те)))) Бастысы сол дақтардан құтылу амалын іздеу керек.

Өз басым қара дақтардан аса көп зардап шеккен жоқпын. Бірақ, маңдайда, бетте, иекте  бір бірден пайда болып тұрады. Қап қара болғаным соң, аса білінбейді де. ))) Алайда, нервыме тиеді.

Сонымен, қара нүктені жою үшін:

  1. Беттегі поралардың іріленіп кетуінен сақтау керек. Ол деген “утягивающий” маскалар жасау керек.

  2. Тазалау. Аптасына екі рет скраб қолдану. Скраб ірі түйіршіктерден тұрмауы керек. Майда  майда бөлшектері бар скрабтар теріні  сызып, жарақаттамайды.

  3. Бетті көбірек ылғалдандыру. Ылғалдың жетіспеушілігі майдың мөлшерінен көп пайда болуының себептерінің бірі.

  4. Тағамға көңіл бөлу. Тек қана майлы тамақ емес, сонымен қатар тәтті тағамдар да терінің майлануына әкеліп соқтырады.

Саз балшықты маскалар, ақуыз бар маскалар, қышқыл маскалар (лимон шырыны қосылған мәселен) қара нүктелерден құтылуға көмекшілер. Масканы аптасына екі рет жасап тұру керек.

Тұз қосылған масканың да бетке әсері көп. Ол үшін майда түйіршікті тұзді сабын пенасына сеуіп, қара дақтар бар жерге жағып, он минуттан жуып тастау керек.

Әдемі болайық)

Сәлеммен,

Мен.

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

6 responses »

  1. ой Алматының қыздары шынында Астаналықтардын сулу ма?

    Жауап беру
  2. уйде тамак, салат жасап жүріп, тураган көкөніс жемістің бәрін бетіне жага бер, үйдегілер күлер азар болса, бетін нәрлі сұлу болмаса маған кел сосын

    Жауап беру
  3. соңғы пена+тұз жайлы… бір сұрақ: көбікке тұз қосқан ваще ыңғайсыз екен. басқа амалы бар ма???

    Жауап беру
  4. көбікке тұз қосқан сезімтал беттерге келмейтін шығар.

    Жауап беру
  5. RAHMET, SULU KYZ, KENESTERINE! ALLA RAZY BOLSYN!!!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: