RSS Feed

Ол мен тастап кетті!!! Не істеймін???

Ужас, қыздар! ішім бос секілді. Кеудемде сондаааааай тыныштық! Жүрек деген өліп қалған ба, қалай өзі.

Қара түнек басқан жоқ (әлі). Күн сөніп қалмады. Ауа жетпей тұншығып жүргенім жоқ, біраааааааааақ ужас боп жүрмін не болса да.

 

Өзіме өзім көңіл көтерейін дедім. Сонымен, егер сізді сүйіктіңіз аяқ астынан лақтырып кетсе (кидать дегенім ғой), онда жылаған көмектеспейді. Бақырып өкірсең де пайдасы жоқ екен. Қайта, онсыз ақ шаршап жүрген бет терісі одан сайын солғын тартып, қуарып қалатын секілді.

Renewal (жаңару) жасау үшін:

  1. Шопинг, шопинг, шопинг))) Сумка алдым, майда шүйде алдым, аяқ киімді бүгін ертең жоспарлап қойдым) Күт мені Астананың бутиктері))

  2. Сұлулық салондарына саяхат. ) Ну енді оған ақша қайдааа, сол үшін “сұлулық салонын” үйде ашып жібердім. Осыдан әдемі боп кетпесем бар ғой!!!

  3. Диета бастаймын, тазаланым дейтіндерге осы сәт “самое то!”. Кеткен адамға деген ашуды тамақтан алып, жақсы етіп тазаланып алуға болады. Мен соған кірісіп кеттім. Жақсы болды)

  4. Жалғыз қалмау. Қалсаң бітті, көзіңе жас келіп, қайдағы жоқты есіңе алып, өз өзіңді аяп, быт шыт боп желе боп қаласың. Қайта, он екі мүшем сау, туған туыс аман деп Аллаға шүкір деп жақындарыңның, достарыңның арасында болу.

  5. Сәтсіз, бір жақты махаббат туралы ән, фильмь тыңдамау, көрмеу. Романтикаға бет бұрмау керек. Бүгін бір ән тыңаймын деп өліп қала жаздадым. Рас айтам. Жас деген сәл болғанда ағып кетуге дайын еді. АЛЛА сақтасын.  Сол үшін кілең позитивті, билейтіндей, мағынасыз болса да жақсы көңіл күй сылайтын әндерге көңіл бөлу керек. “Сау бол, Мейрамбек!” дегім келеді осы жерде. Өйткені оның барлық әндері сол құрғыр махаббат туралы ғой)))) Енді кімді тыңдайтынымды білмейм. Мүмкін, хаус секілді клубтық әуендерге көшсем бе екен?

  6. Ал шындығында, түнде, жападан жалғыз қалғанда, сол бір адам түсіңде жүреді, ойыңнан кетпейді, жалғыз дауа шыдам керек, сабыр керек. )))) Ол адамды жамандамауға тырысқан жақсы екен. Жамандаған сайын ашуың келе береді. Позитивті көңіл күй бәрін де жеңіп шығады)))

Солай, қыздар. Сүйіктілеріңнің сүйіктісі болыңыздар, ал болмай жатса жоғарыдағы кеңестерге көңіл бөліңіздер))

З.Ы. айтпақшы, бүршік атпаған, гүлдемеген осы көктем расымен ерекше екен…..

Сәлеммен,

Мен! )

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

17 responses »

  1. Саған бір кеңесім Айжаннұр, келесіде жеке өміріңді барынша аз жазуға тырыс. Жеке өмір сырт көзді ұнатпайды дейді. Сол өте рас екен.

    Жауап беру
  2. не істеймін дегенің не? бірден замен тап)))

    Жауап беру
  3. Жан дегенмен мықтысың, мен жылап-жылап өзімнің де, өзгеніңде мазасын алып бітетін ем. Дегенмен өте дұрыс қадам екен. Так держать!

    Жауап беру
  4. Түс демекші, соңғы рет сүйіктіммен қоштасқанымда түсіме кіріп, арымнан аттап, оны түсімде көргенімді телефонмен хабарласып айтқанмын. Сен олай жасама, бәрібір сынған шыны жиналмайды :(((
    Бәлкім Алматыға қыдырып келерсің, бізде алма гүлдеп жатыр, Талғардың тауларындағы сұлулықты тамашалауға шақырамын!!!

    Жауап беру
  5. Кілең махаббат отына күйген әлжуаздар, бриджитджонссс.

    Жауап беру
  6. Әй қыздар-ай!..))))

    Жауап беру
  7. Уақыт емші, Айжансұлу. Ұмытасың.🙂 Айтпақшы, шынымен уақыт бөліп қыдырып қайт, әжептеуір сергіп қаласың ғой.

    Жауап беру
  8. не болса да Алматыға кел енді, кордін гой барі колкалап жатыр

    Жауап беру
  9. мешітке бар,садақа беріп,уағыз тындап кайт..
    уайымдап журген проблемаларыңңын барі бос нарсе екеніне козін жетеді,жеп-жеңіл боп шыгасын..
    дәлелденген:)

    Жауап беру
  10. “Ник Вуджисик” видеосын корш!,жан!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: