RSS Feed

Ең сұлу?

Қыз балаға “әдемі емессің” деген сөзден ауыр сөз жоқ. Ақымақсың, тамақ пісіріп те білмейсің, кесте тоқып та үйренбегенсің, оқымысты емессің, талантсызсың десе де, сұлу еместігі туралы естіген аруға өмір қиындап кетеді. Жасқа байланысты емес, бес жасар болсын, қырық бес жасар болсын. Кез келген біреу айтса да, жанына батады. Көңіл бөлмеймін десе де, кей уақыт  айнаға қарап, өткендегі адам шын айтыпты, мен әдемі емеспін деп шешеді де, соған сенімін арттыра береді. Әлия әдемі, Әсия да әдемі, ал мен әдемі емеспін деп ішінен ойлап, түңіле түседі. Осындайда жақсы сөз емші рөлін керемет атқарады. Сөз сүйектен өтетінін ескерсек, жақсы сөз, жылы сөз жүрекке жететіні рас.

Өткенде өлердей түңіліп жүргенімде. Өзіме деген сенім “плинтустан” төмен түсіп, көңіл күй құрып, жүрек ауырып кеткен сәтте Құдай маған жақсы адамды алдыма алып келді. Анығы ол менің досым, бірақ көп араласпаймыз. Айда жылда бір хабарласып, амандық сұрасып дегендей. Дәл сол күні хат жіберген екен. Таң қалдым. Сондағы оның екі ауыз сөзі бәрін де ұмыттырды. Жұбатам деп айтпадым, рас айтам деп сендіргісі келіп, күлдіртіп те алды.

Айтпағым не? Айтпағым, жақындарыңызға жақсы сөз аямаңыз. Әсіресе құрбыларға, қыздар жағына. Аууу, жігіттер, сендерге айтам))))

Әр бір қыз сұлу, әр бір қыз қайталанбас тұлға. Соны есте сақтайық)))

З.Ы. кішкене оффтоп болсын))

ең бастысы ішіңде не жатыр)))

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

2 responses »

  1. Ішкі рух көп нәрсені шешеді. Өзіңе сенімді болсаң, сенің сұлулығыңа да елдер сене бастайды ))

    Жауап беру
  2. Айжаннур мына жазбаң кадімгідей успокоить етті мені, почему то, рахмет саган, сойтіп жаксы соз айтып журейікші тура сен сиякты. )))) чмоки чмоки

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: