RSS Feed

Жасанды шаш өсіру)

Еркерай сұраған соң жазып кетейін.

Негізі, АЛЛАға сенген адам (қыз бала ғой әсіресе) жасанды шас өсіруден аулақ болады, бір хадисте тыйым салынған әрекеттердің бірі екені айтылып өткен еді (кімнің есінде тура нұсқасы болса, жаза кетіңіздерші).

Бұл алдын алу шаралары десем болады. Әр кім өзі үшін жауапты екенін есіне сала отырып, біздің елдегі “шаш өсіру” процедурасы жайлы айтып кетейін.

Шаш өсірудің бірнеше түрі бар: қысқа шашқа жасанды шашты ленте ретінде жабыстыру (арнайы клей бар) және капсулаларға бекітілген түп шаш жабыстыру. Екеуі де нағыз өз шаштарыңызға әсерін тигізеді және кейін түсіп қалса, шешкен кезде өз шаштарыңыз да бірге кететіні бар.

мынау капсула түрі.

мынау лента түрі

Қазір арнайы дүкендерде (Астанада Тамсан) неше түрлі ұзындықтағы, сапасы да әр қилы шаштар сатылады. Түсі мен фактурасы жайлы айтпасам да, анық қой)) Оларды міндетті түрде салонда өсірту керек. Тек қана мастер жабыстырған шаш ұзақ сақталуы мүмкін. Кей қыздар өздері өсіреміз деп талай рет басына клейді тым артығыме жағып, не болмаса күйдіріп алғандары да бар. Мастерлер түптеп жабыстырған шаштың түбін күйдіріп, бекітетіні бар. Осыған абай болу керек.

Афроөрімдер (афрокосички), дредтер жайлы жазып кететін болсам. Технология бір деуге болады екі әдістің де. Нағыз шашты майда майда бөлшектерге бөліп, түбінен жасанды шашпен арнайы “узел” арқылы байланады да, өріледі. Дредтер де солай, нағыз шашқа арнайы клеймен түбінен жабыстырылған “киізге” ұқсас шаштарды орап, шашқы көлем береді.

мынау дред деген ужас)))

(астыңғы сурет)


мынау афроөрімдер)

(жоғарғы сурет)

Жасанды кірпік. Жасанды кірпік өсірудің де бірнеше жолы бар. Түптеп (пучок), бірбірлеп (единичный) өсіру болып бөлінеді. Материал да әр алуан, кәдімгі пластиктен (полимерлі материал) жасалған түптер, норка жүнінен жасалғандары, жібектен жасалған кірпіктер. Өсіру үшін арнайы клей қажет. Клейге кірпікті жабыстыратын жағымен малып, нағыз кірпіктер арасында бекітіледі. Осындай әдіспен өсірілген кірпіктер екі апта сақталады (бет жууға болмайды), кейін жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.)))

Негізі, қыздар, айтайын. Жасандылық бірден көзге түседі. Құрбыларыңыз “Ой, жан, прям как свои!” деп шиқылдаса да, сенбеңдер. Бәрі бір түсінетін адам байқайды. Онанда табиғи сұлулыққа көбірек көңіл бөліңіздер.

Өз басым бәрін жасап білем, шаш, кірпік, тырнақ өсіру дегендерді, бірақ бірін өзіме жасаған емеспін. Құрбыларым таң қалады, саған салон керек емес деп, ал расында осының бәрі сұлулықты арттырмайды. Бұл жайлы келесе жазбамда.

з:Ы. Еркерай, сұрақ болса қоя бер. Мейілінше көп ақпарат беруге тырысамын)))

З.Ы.Ы. кезінде өзім қатты ауырдым афроөрімдермен. Жасағым кеп күнде ойлап жүрдім, бірақ жақсы мастер жолықпады, әйтпесе отыз мың теңгені де аямас едім. қазір, шүкір деймін. Эх, жастық деген сол ғой)))

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

2 responses »

  1. Жақсы ақпараттар екен, рахмет! Айжан, уақытың болғанда мимикалық әжімдермен қалай күресуге болады, бір ақпараттарың болса бөлісе отырсаң… )

    Жауап беру
  2. Рахмет, Айжаннұр! Үлкен рахмет! Шаш жалғатамын десем бәрі “”уууу, не қыласын?” деп жатыр.)) Ех,ұзыншаш арман болып жүр ғой. Бірақ, шыныменде мынадан кейін айнып отырмын, әсіре анау косичкаларды көріп.🙂

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: