RSS Feed

Қалдықыз құрбымның сұрауымен))

Өз басым әлі де бала көтеріп, дүниеге сәби әкелмедім. Сол себеп мына тақырыпты жазбас бұрын таныстардан естігенімді, неттен оқығанымды пысықтап, еске алып, қысқаша жазып кетейін деп отырмын.

Сонымен, өміріңіздегі ең керемет сәт (басқа сәттер мұның қасында түк те емес екен білетіндердің айтуынша))) өтті. Кішкентай ғана жүрегіңіз қолыңызда, ал қолыңыздын астында сүмірейіп қалған қарын еті. Негізі, бала көтерген көптеген құрбыларым оны сол қалпында қалдырып: “Қазір бастысы балам” деп қолдарын бір сілтеген. Тек бір екеуі ғана күйеулеріңнің көмегі арқылы бұрынғы қалпына келуге тырысып, келесі іс қимыл жасаған екен.

  1. Перзентханадан шыға сала белдерін қысып орап жүреді екен. Бір құрбымның күйеуі өзі тартып, қысып белін орап беріп отырған күндегісіні. Әрине, ыңғайсыз, бірақ екіқабат кезде созылған бұлшықетті қалпына келтіретін бірден бір керемет әдіс осы дейді.

  2. Арықтау. Көп әйелдер бала көтерген кезде толып кетеді. Ол артық тамақ жеумен қоса, ағзада болып жатқан гормоналдық өзгерістер әсерінен. Емізіп жүрген ана толыққанды тамақтануы керек екенін ескере отырып, ағзаға мейілінше көбірек кальции, цинк, магний және өзге де керек микроэлементтер мен дәрумендердің жетіп отыруын қадағалау шарт. Алайда, бұл кез келген нәрсені жей беру дегенді білдірмейді. Жерік болатын кез өтіп кеткен)) Сол себеп, сүтті тағамдарды, құрамында хайуан (мал) майы аз тағамдар, тәттіден тек фруктоза мен сахарозасы көп жеміс жидек, кептірілген жидектер, бал жеу керек. Рационды қарастырып, пайдалы емес тағамдарды шектеткен соң, қарындағы жиналған май кете бастайды.

  3. Бодифлекс!! Осыны айта берді ау деп ұрыспаңыздар. Бірақ бір құрбым алғашқы бала көтерген соң елу бес кг нан сексен бес кг боп кеткен денесін жарты жылда қалпына келтіріп алды. Іші енді супер. Түп түзу, бала көтерген әйелге мүлдем ұқсамайды.)) Жаттығулардың пайдасын осыдан байқауға болады.

  4. Терідегі пайда болатын “стрий” (созылған тері жыртылып, әдемі емес сызықтарға толып кетеді) деген бәледен көптеген эфир майлары көмектеседі. Ол жайлы “Тек қыздарға” деген жазбамда жазып кеткен болатынмын.

Осы негізгі кеңестер. Әрине, баланы дүниеге әкелу оңай емес, ал одан кейін оны өсіру де қиын. Түніме ұйқы жоқ, күнімен тыным жоқ болып жүретінін жақсы білем. Оның үстіне кеуде де ауырып, біршама мазаны алатыны бар. Сол себеп мен супер қиын, орындауға келмейтін кеңес айтпадым. Әрине, баланы “нянькаға” тастап, фитнесс залда жаттығуға да болады. Бірақ, бұл көбімізге жат қой. Бодифлекс күніне он бес минутты талап етеді, мысалға.

ЕСКЕРТУ: Жаттығу жасамас бұрын, бір жәйт бар. Ол егер бала кесерово тілімі арқылы дүниеге келсе, жаттығуды тек екі үш айдан кейін, ал табиғи жолмен келіп, бірақ шат тілінген болса, онда бір екі айдан кейін ғана жасауға болады. Жаттығу жасау кезінде арнайы кеудеше (бюстгалтер) киген абзал, өйткені ауырланған кеуде кейде жаттығу салдарынан қатты ауыруы мүмкін.

Сұлу болайық)))

Сәлеммен,

Мен.

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

12 responses »

  1. Рахмет, сұлулықты ұнататын жан болған соң сұраған едім.

    Жауап беру
  2. Көбісі бодифлексты ең тиімді әдіс деп жатады, кезінде аздап айналысқам. Нәтижеге жетудің ең басты қағидасы: тұрақтылық!!!

    Жауап беру
  3. Тақырып кең көлемде ашылмапты 🙂

    Жауап беру
  4. aijannur бодифлкестің нақты қандай жаттыгуларын жасап журсің? болісе отырсаң..

    Жауап беру
  5. Ия, Алла бұйыртса ертелі-кеш ана боламыз ғой. Сол күнге жеткізсін бәрімізді. Үш жеңгем бар, үшеуінің де фигурасы қыздікіндей. Айтамын, сырын айтыңыздар деп, әйтпесе алдарыңызда туған әйел мен сияқтымын деп, олар емізуліміз дейді. )) Бірақ, туғаннан кейін обяз іштерін байлап жүрді, оны көрдім енді.

    Жауап беру
  6. бала таппасан да меннен артык білмесен кем білмейді екенсің. ))
    мен бала көтеремін деп қол-аяғым балғадай болып бұлшық ет жинады. Артық май деген тіпті ойыма да келмейді.
    Сосын Айжан сұрайын дегенім, іштегі кожа созылып шрам қалса оны не істеу керек?

    Жауап беру
  7. negizi jyrtylgan teri ornyna kelmeidi, ony barlyk kosmetologtar aitady. Birak wamaly kalpynakletiru uwin, efir mailary kosylgan maimen massaj jasau kerek. Negizi, kosmetologiyalyk ta waralawr bar, mysaly terini teisteu sekildi, alaida ol da keremettei bir results bermeidi…

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: