Жазғы диеталар немесе неге салмағым түспейді?

Көптеген қыздар қыс күні салмақ қосып, жазда оп оңай тастай салады.Ал менде, керісінше. Күз бен қыста салмақ тастап, көктем мен жазда қосып ала берем (гаромоналдық ауруым бар екенін еске салайын). Содан, нетті қарасам, онда тек мен емес екен. Жазда жеміс жидектің мол кезі, жей бер де арықта дейді көп диетологтар. Алайда, біздің, қала тұрғындарының (комп алдындағы жұмыс, автобус пен лифттер, фаст фуд) салмағының қас жауы – ҚАНТ.

Қыста алмадан басқа жеміс жидек жоқтың қасы, бар болса да қымбат, капуста мен алманы жеп жүргенің)))). Ал олардың құрамындағы қант мөлшері, қарбыз, банан, жүзім, шабдалы, шие, өріктердегі сияқыт көп емес. Және бір маңызды момент: ыстықта таза судан гөрі, мұздай кола, каппи, шырындар, салқын шайлар ішуді жөн көреміз, ал олардың өзі қанттың қоры. Мысалы, бір литр колада 8 ас қасық қант бар екенін біріміз білсек (бақытты ғой олар), біріміз (мысалы, мен) білмейміз.  Ақыры, жағдайды талқылай келе, ар жақ, бер жағымды байқап, келесі қорытындыға келдім: Тәтті жеміс жидекті күніне 300 гр-нан асырмау, таза судың мөлшерін көбейтіп, йогурт, шырын, сусындардан бас тарту, қызанақ, қияр, қырыққабат, тәтті бұрыш,  салат жапырақтары сияқты көкөністерді көбейту. 

Айтпақшы, йогурт демекші. Қазір өзім Ким Протасовтың диетасын оразаммен ұштастырып жатырмын.  Протасов диетасының мәні күніне 5-пайыз майлылықтан аспайтын ашыған сүт өнімдері: йогурт дейді және көкөністер, осылай екі апта тамақтанып, үшінші, төртінші, бесінші аптада күніне 300 гр ет, 15 гр өсімдік майы (ал сүт өнімдерінің майлылығын төмендетіп, 1-2 пайыздықтарына көшу керек) қосылып, осылайша жалпы 5 апта тамақтанып, салмақ тастауғ болады дейді. Ең  маңыздысы әлі алда))))): 5 апта диетадан соң,5 апта диетадан шығу дегені бар))) Онда суға піскен геркулес ботқасы сияқты қосымшалар бар. Ол жайлы толық келесіде. Айтпағым, Протасов шетелдік диетолог болған соң, йогурт терминін қолданған. Шетелде йогрут деп біздегі айран-қатықты айтады, құрамында қанты мен қоспасы жоқ ашыған сүт өнімі. Сол себеп, біздегі дүкендегі тәтті йогруттар бұл диетаға қарсы. 

Жазда әдемі де сымбатты, бастысы дені сау қыздар (ұлдар) қатарына қосылам дейтіндерге кеңестер легі бітті. Қазан айында, АЛЛА жазса, осы диетаның қорытындысы жайлы жазып кетем. Ал қазірше, ТҰТҚАН ОРАЗАЛАРЫҢ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

3 responses »

  1. TESS көк шайы /тек пакетиктегі емес,түйіршігін алу керек/ арықтауға жақсы көмектеседі 🙂

    Жауап беру
  2. маган одан да калай семиру керектигин жазындаршы, отырганда, уйыктаганда коп жата алмаймын суйектерим ауырады. тек сут онимдерин айтпаныздаршы.

    Жауап беру

Пікір қалдыру