RSS Feed

Шаштың бітпейтін мәселелері

Қыздың көркі де, мақтанышы да – қолаң шашы. Бұрымымды өріп ап жүрген кездер арман боп артта қалғаны қашан. Ол күндер келмейді де. Дәрігерлер қазір көп адамның шашы түсіп, ерте ағарып, сапасы төмендеп кеткенін айтады. Экология деп қолымды бір сермеп жүруге болушы еді, бірақ әдемі болуға талпынасың ғой, ал шашсыз әдемі болу қиындау енді)))).

Өткенде шетелге шығып келгенімде байқағаным, шашым ол жақта аса түспеді де. Суынан болар деп отырмын, өйткені ол жақта краннан тау суы (ішуге жарамды деп жазып қоялы) ағып тұр, содан болар табиғи таза (біздің тассай тура) болған соң, оң әсерін тигізді деп есептеймін. Үйге келгелі бері тағы басталды. Бір дәрігерлер шашты қайнаған суға жуған пайдалы деп айтып еді, сол дұрыс ау деген шешімге келіп отырмын. Бірақ ,ерінем ((((.

Шашқа майлардан тек қана асқабақ майы пайдалы екеніне көзім жетті. Асқабақ майын (эфир майы емес, тамаққа қолданатын май) шашқа жағып, қырық минуттай жүріп, жуып отырып ем, шашымның түсі қоюланып, түсуін қойып, біраз жақсы боп қалды.

Енді шеттері ұштанатын шаштар жайлы. Өткенде комменттерде осы сұрақ жайлы сұраған екен. Өзімнің шашымның ұштанбағанына қанша болды: үлгермейд және қысқа.  Ұштанып кеткен шаштар көбіне ұзын болады. Өйткені, шаш әдемілігіне керек пайдалы элементтер жетіспей, ұштары құрғап, ақыры ұштанып, жаман боп тұрады.  Бұл мәселенің шешімі де май жағу. Бірақ тек түбіне ғана емес, сол шаштың ұзындығының барлығына, ұштарына дейін.

шаш боясаң ұштанбайды дегендердің сөзі – бос, өйткені бояу ол химия, ал химия қашанда шашты құрғатып, тіпті түсуін көбейтеді. Шаштың және бас терісінің типіне орай әр түрлі маскалар: айран, бал, майлар (асқабақ, грек жаңғағы, зәйтүн), жұмыртқа, грейпфрут негізінде, қолданып, ең қиын жағдайдың өзінде шашты әдемілеп, емдеуге болады.

Айтпақшы, шашқа керек витамин мен минералдар: цинк (асқабақ дәнектерінде көп), селен және В витамині (қара нан, жалпы нан өнімдері). Осыларды да жиі қолданып, ағзаға керек элементтердің бәрін қадағалап отыру керек.

Бірақ, егер эндокринды жүйе сыр берсе, алдымен дәрігерге көрініп, ем  алған жөн)))

Шаштарың ұзын, сұлу және керемет болсын))) 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

10 responses »

  1. Сұрағымды жауапсыз қалдырмағаныңыз үшін рахмет. Осы шаш өсіре бастағалы бітпейтін проблема басталды. Күтім деген нәрсеге көп көңіл бөлмейді екенмін. Мен үшін шаштың күтімі – екі күнде жуып тұру және табиғи жолмен кептіру, сосын айына бір рет ұшын қидырып тұрумен ғана шектеледі. Бұрын фенге әуес едім, бірақ оның шашты қатты құрғатып жіберетінін байқадым. Содан кейін бұдан да бас тарттым. Бірақ су күйінде тарамау керек дегенді орындай алмай жүрмін. Өйткені ұзын шаштар су күйінде жақсы таралады. Бірақ көп түсетін сияқты.
    Кеңесіңізді шамам келгенше орындап, қандай әсер болғанын жазармын. Рахмет.

    Жауап беру
    • шаштың тараудың өзі бір өнер. Ұйысып, шатысып қалады ғой, сол себеп шашты ұшынан жоғары қарай тарау керек, сонда түсуі де аз, зақым да келтірмейді. Сулы шаштар сынғыш және нәзік келеді, сол себеп тарама дейді. Сосын, шашты қатты буу да, тым қатты тартып өрю, жайып жүру де оның түсуі мен зақымдалуына алып келеді. Абай бол))))

      Жауап беру
  2. маскалар жасамасам ендігі шашымнан шаш қалмайтын еді. Жеті-сегіз жыл болған шығар, өте қатты түседі. Сол маскалардың арқасында жаңа шаштар көп шығады, амал не, ұзындары түскіш😦. Неден олай, әлі шешіп білер емеспін. Мен маска жасаумен, шашым түсумен әлекпіз:)))

    Тек қана сырттай әсер етпей, іштен де ықпал жасау керектігі де айқын, сондықтан дәрумендерді де қабылдаған дұрыс ше

    Емдеріміз шипа болсын, арулар!!!

    Жауап беру
    • бір дәрігер бала тап, бүкіл проблемаң жоқ болады дейді))))))))))) Маскалар жайлы толығырақ жазып кетші, плиииииииииииз))) мен де маска деп аман жүрмін, бірақ шаш та, бас та үйренеді екен ғой, содан басқасын көрейін деп ем))

      Жауап беру
      • дүниеге бала әкелгенмен бар проблема кетпейді ғой, қайта еселенбесе :)))

        Чеснок, сарыуыз және балдан жасаймын. Миндаль майы, зәйтүн майы. Жеке-жекелеп. Қатыққа ашытқы қосып тағы жасаймын. Қандай маска жасамалын, міндетті түрде эфир майларын қосамын бір-екі тамшыдан. Кейде үйдегі бар овощтардан да жасай салам :))

  3. Ешқайсысың пивамен жумайсыңдар ма, жуып тұрыңдар, пайдалы… сосын ұзын шашты кептіріп алып тараған дұрыс…

    Жауап беру
  4. Мен шашым баяу өскелі репейное масло жағамын. Астанаға барғанда шаштарым төгілді ғой, басында қорқып кеттім, кейін сол репейное масло жағып кішкене дұрыстадым. Неғұрлым көп ұстаса солғұрлым жақсы екен эффектісі. Бірақ, шашым сол баяғы ешқандай да тез өскені жоқ, ну и ладно, қысқа шашқа да үйреніп қалдым, қайта осы ынңайлы екен.

    Жауап беру
  5. Ұзын шашты расымен де кептіріп барып тараған дүрыс, сосын мастерімнің айтуы бойынша, ұзын шашты массажка тарақтан гөрі, тісі сиректеу ағаш тарақпен тараған дұрыс.массажкамен таралған шаш үзіліп, шаштың жалпы структурасын бұзады.
    Одан басқа ұштанады ау деген шашқа серум жаққан пайдалы, менің жағып жүргенім – жүзім майынан жасалған.

    Жауап беру
  6. салем. Гүлжайнат шашты пивомен калай жуады толыкрак айтып кетши please

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: