хулахуп не болмаса кәдімгі «обруч» (дөңгелек?) туралы жыр))))

Қыпшабел болу талайымыздың арманымыз екені рас. Тіпті табиғатынан арықтан келген қыздар белдерінің бөксесінен жіңішкерек, дене бітімі Софи Лорендікі сияқты болса деп қиялға берілетінін естігем))) Мұндайда массаж бен диета аздық етеді. Ал пресске жаттығу жасау қарынды қатты қып, дым әдемі қылмайды (бұлшықеті тым көрініп тұратыны сүйкімсіздеу сияқты).

Мұндайда, бала кезде жарысы айналдырып, мойынға да салып, аяқпен де шыр айналдырған обруч көмекке келуі мүмкін. Өзімнен байқадым: басқа жаттығуларға қарағанда белге тап осы «тренажер» керемет екен. Әрине, басында жеңіл , аллюминийден жасалғанын айналдырып, ал дене дағдыланып кеткен соң ауырлау түрін таңдап алуға болады. Кей обручтерді күніне 15 минут айналдырып, айына 10 см жоғалтып жатқандар бар екен.  Жуырда сол бір обручты алып, енді айналдырып жүрген жайым бар. Белім көгеріп кетті, тура біреу аямай сабап, соққыға жыққан сияқты. Бірақ, байқағаным белдегі май аздап кетіп жатыр)) Қуантарлық жағдай, өйткені маған алдымен белде май жиналады (, ол енді генетикалық берілген, қарсы еш нәрсе айта алмайсың, сол себеп көгеріп, мазохисттік әдістерді қолдану керек екен)

Әдемі болыңыздар!

Сәлеммен,

Мен! 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

6 responses »

  1. Ең әсілі сол аллюминий обруч, диаметрі аз болса тіптен жақсы 🙂

    Қазіргі сатылып жатқандарын негізі өзім жақтырмаймын, ауыр, шеңбері үлкен. Бүйрекке салмақ түседі.

    Эхх, сол обручыма жете алмай жүрмін, тез-тез қайтсам екен Астанама

    Жауап беру
  2. Қалайсың красавица! Көрмегелі көп болды, үйімізді жауып тастағалы…. аманбыз, амансыз, одан артық не керек? деп бір тоқтайын да….
    обручты еске тусіргенін жаксы болды… нечем было заняться …. )))))) маймен не страдаю… бәрі орнында… чонда да әрмәк болсун…
    сен тыным таппайсың әйтеуір… күнде жаңалық ашып…. рахмет…

    Жауап беру

Пікір қалдыру